Санат: Жаңалықтар
-
📢 Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі
📅 17 сәуір 2026 ж.🕙 10:00–12:00📍 «Анаға тағзым» ғимараты Мүгедектігі бар азаматтарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді. 👥 Ұйымдастырушы: Ақтөбе облысының Еңбек мобильділігі орталығы🎯 Мақсаты: жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек нарығына бейімдеу 🏢 12 мекеме мен кәсіпорын қатысады💼 36 бос жұмыс орны ұсынылады Мамандықтар: оператор, кассир, жүргізуші, электрик, есепші, жұмысшы және т.б. 📊 Сонымен…
-
ТҮРКІСТАНДА ӘБДІСАЛАН НҰРМАХАНОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ
Түркістан қаласындағы «Olympic Center» спорт кешенінде даңқты боксшы, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ұлттық құраманың бұрынғы бас бапкері Әбдісалан Нұрмахановты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнирі басталды. Биылғы жарыстың ерекшелігі 90 жылдығына арналып отыр. Салтанатты ашылу рәсіміне Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров, Олимпиада чемпионы Ермахан…
-
Ұлытау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы тағайындалды
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып Рүстем Нысамбаев тағайындалды. Рустем Серікұлы Қарағанды мемлекеттік медициналық академиясының түлегі. Еңбек жолын 2008 жылы Сәтбаев қаласының медициналық-санитариялық бөлімінде бастады. 2013-2016 жылдары Жезқазған қаласының «Қазақмыс» медицина орталығында қызмет етті. 2016-2025 жылдары Жезқазған қаласы облыстық көпбейінді ауруханасында политравма бөлімшесінің меңгерушісі және хирургия қызметінің басшысы қызметтерін атқарды. 2025…
-
Шымкентте өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтеді
2026 жылғы 16 сәуір сағат 11.00-де Шымкент қаласы, Шымсити шағын ауданы Алатау батыр көшесі №101/1 мекенжайы бойынша орналасқан «Қызғалдақ сарайы» кешенінде өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізіледі. Құрметті қала тұрғындары! Оқу-жаттығу өрт сөндірушілердің кәсіби дағдыларын арттыру және нысан қызметкерлеріне, кешенге келушілерге төтенше жағдай орын алған жағдай дұрыс іс-қимыл жасауды үйрету мақсатында өткізілуіне байланысты үрейленбей, тыныштық сақтауларыңызды сұранамыз! Ақпарат…
-
Елордада қайыр сұрау мен азаматтарға заңсыз тиісу деректерінің жолын кесу жұмыстары күшейтілді
Елордада қоғамдық орындарда қайыр сұрау және азаматтарға түрлі жолмен тиісу фактілерін анықтау және жолын кесу бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері күн сайын осындай құқық бұзушылықтарды анықтап, тиісті шаралар қабылдауда.Қоғамдық орындарда кәсіпкерлік субъектісі болып табылмайтын тұлғалардың азаматтарға тауарлар мен қызметтерді сатып алу, сату, айырбастау мақсатында, сондай-ақ бал ашу, қайыр сұрау…
-
Астанада автокөлік ішінен иесінің көзінше телефон ұрланды
Астана қаласында бөтеннің мүлкін ұрлау дерегі бойынша 41 жастағы азамат ұсталды.Оқиға елорда аумағында күндізгі уақытта болған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті еш қысылмастан «Hyundai» маркалы автокөліктің есігін ашып, көлік ішінде отырған иесінің көзінше «Honor» маркалы ұялы телефонды жасырын түрде қолды еткен. Жәбірленуші жағдайды бірден байқап үлгермеген. Келтірілген материалдық шығын көлемі 100 мың теңгені құрады.Қылмыс қаланың…
-
ШЫМКЕНТТЕ СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН БАС МИ АУРУЫНА КҮРДЕЛІ ОТА СӘТТІ ЖАСАЛДЫ
Шымкентте сирек кездесетін мойя-мойя ауруына шалдыққан 41 жастағы әйелге күрделі нейрохирургиялық операция сәтті жасалды. Қалалық №2 аурухананың дәрігерлері инсульт пен мүгедектік қаупінің алдын алып, оның өмірін сақтап қалды. Нарықтағы құны 3 миллион теңгеге жуық жоғары технологиялы медициналық көмек МӘМС есебінен жүргізілген. Науқас ауруханаға бас ауруы, аяқ-қол әлсіздігі мен ұюы, жалпы әлсіздік белгілерімен жүгінген. Тексеру барысында…
-
«Gosagro» субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде хабарландыру
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі 2026 жылғы 13 сәуірден бастап екінші деңгейдегі банктерден (бұдан әрі – ЕДБ) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау…
-
Облыс прокуратурасы үкімдердің орындалу мәселелері бойынша тікелей эфир өткізді
«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында 2026 жылғы 17 наурызда сағат 17:00-де облыс прокуратурасының ресми Instagram-парақшасында тікелей эфир өтті. Эфир барысында облыс прокуратурасының қызметкерлері тыңдаушылардың сұрақтарына жауап беріп, соттармен алқабилердің қатысуымен қаралатын істерге, есірткі қылмысына, интернет-алаяқтыққа ерекше назар аударылды. Сондай-ақ үкімдерді орындауға қатысты өзекті мәселелер, атап айтқанда, мекемелерде заңның сақталуы қалай бақыланатыны, сотталғандар мен…
-
Педагогтерді аттестациялаудың жаңа моделін әзірлеу бойынша
Оқу-ағарту министрлігі педагогтерді аттестаттау жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізуде. Жүргізіліп жатқан реформалардың негізгі мақсаты – педагог еңбегін әділ әрі ашық бағалау жүйесін қалыптастыру, артық талаптар мен негізсіз қаржылық шығындарды қысқарту. Жаңа аттестация педагогтердің жұмыс нәтижелеріне негізделеді әрі барынша түсінікті, объективті форматқа көшіріледі. Негізгі өзгеріс- педагогтердің білімін бағалау тесті толығымен тоқтатылады. Тестілеуден педагогикалық мамандық бойынша оқу орындарын…
-
TAZAQAZBOT ЧАТ-БОТЫНА ШЫМКЕНТТІКТЕРДЕН 225 ӨТІНІШ ТҮСТІ
Шымкент қаласында тұрғындардың өтініштерін қабылдау және өңдеу бойынша Telegram желісіндегі TazaQazBot чат-боты арқылы жүйелі жұмыс жалғасуда. 2026 жылдың қаңтар–сәуір айлары аралығында платформаға 225 өтініш түсіп, оның 189-ы толық орындалды. Қазіргі таңда 6 өтініш орындалу үстінде, 5 өтініштің мерзімі өткен, ал 25 өтініш түрлі себептерге байланысты кері қайтарылды. Тұрғындар негізінен қала тазалығы, абаттандыру және экологиялық мәселелер…
-
Ақтөбе облысы аумағындағы орман шаруашылықтарына жаңа техникалар табысталды
Арнайы техниканың кілтін табыстау рәсімі Наурызнама онкүндігі қорытындыланған «Тазару» күні аясында өтті. Облыс әкімі Асхат Шахаров бұл күннің табиғатқа жанашырлық пен қоршаған ортаның тазалығына деген қамқорлықты білдіретінін алға тартты. Сондай-ақ, орман шаруашылығы қызметкерлері мен салалық мекемелердің еңбегі қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын жеткізді. Өңір басшысы орман шаруашылығының материалдық-техникалық базасын нығайтудың қажеттілігіне де тоқталды.…
-
Туристік маусымның жақындауына байланысты өңір қонақтары мен жергілікті тұрғындардың жайлы әрі қауіпсіз демалысын қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінуде
Танымал туристік орындарда тәртіпті туристік полиция бақылайтын болады. Арнайы бөлімшелер Балқаш қаласында және Қарқаралы ауданында орналастырылады. Мамыр айының соңына дейін жағалау аймақтарында қосымша 102 бейнебақылау камерасын орнату жоспарлануда, бұл қауіпсіздік деңгейін арттырып, ықтимал оқиғаларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Су айдындары мен жағалау аумақтарында абаттандыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде: жағалау сызықтары тазартылып, демалыс аймақтары ретке…
-
№2 Әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қоғамдық мониторинг жүргізілді
Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің төрайымы Тәттігүл Талаева және кеңес мүшелері №2 Әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып, мекеменің жай-күйімен танысып, қоғамдық мониторинг жүргізді. Кеңес мүшелері мониторинг барысында мекеменің материалдық-техникалық базасына, тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасына, сондай-ақ ғимараттың жалпы жағдайына ерекше назар аударды. Жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша аталған мекемеде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттігі атап өтілді. Ақпарат көзі…
-
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЗСУ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ
Қазақстан Республикасы су секторын реформалау бағытында стратегиялық жұмыстар жалғасуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмасына сәйкес, халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мәселесі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі ретінде айқындалып, еліміздің барлық өңірлерінде кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Осыған орай, Түркістан облысында аталған бағыттағы жұмыстар облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тарапынан тұрақты бақылауға алынған. Бүгінде облыстың аудан және қала…
