Санат: Жаңалықтар
-
“Мемлекеттік тіл мемлекеттік қызмет” конкурсы
21сәуірде Қарабалық кентінде “Ұлттық мұра” партиялық жобасы аясында мемлекеттік қызметшілер арасында “Мемлекеттік тіл мемлекеттік қызмет” конкурсы өтті. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты-мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізуді жетілдіру және сөйлеу мәдениетін дамыту. Байқау іскерлік және достық атмосферада өтті, тәжірибе алмасуға және кәсіби және тілдік дағдыларды одан әрі жетілдіруге ынталандыруды арттыруға…
-
Көкшетау қаласында көпқабатты тұрғын үйлерге арнайы техниканың еркін қолжетімділігін қамтамасыз ету
Көкшетау қаласында тұрғын үйлер аулаларында заңсыз орнатылған кедергілерді анықтау және оларды демонтаждау бойынша профилактикалық рейд өткізілді. Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері коммуналдық қызметтер мен полиция өкілдерімен бірлесіп, облыс орталығындағы бірқатар көпқабатты тұрғын үйлерді тексерді. Тексеру барысында бетон блоктарын және өзге де өтуге кедергі келтіретін қоршауларды өз бетінше орнату фактілері анықталды. Мұндай әрекеттер азаматтардың қауіпсіздігіне…
-
Қазанда мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды
Қазан, 2026 жылғы 21 сәуір – Қазақстан Республикасының Қазан қаласындағы Бас консулы Ерлан Ысқақов пен Татарстан Республикасының Мәдениет министрі Ирада Аюпованың кездесуі өтті. Кездесу барысында тараптар қазақ-ресейлік қатынастар аясында Қазақстан мен Татарстанның мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын дамыту мәселелерін талқылады. Дипломат «Алтын Орда дала өркениетінің үлгісі ретінде: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты Халықаралық симпозиумға шақыру хатын табыстады. Симпозиум…
-
Ербол Мырзабосынов таеквондодан әлем чемпионы атанған Айым Серікбаеваға құрмет көрсетті
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов жуырда Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өткен таеквондодан (WT) юниорлар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерімен кездесті. Кездесу барысында министр спортшыларды жоғары жетістіктерімен құттықтап, олардың жеңісі ел мерейін үстем ететін маңызды нәтиже екенін атап өтті. «Әлем чемпионатындағы жарқын жеңістеріңіз – барша еліміздің мақтанышы. Сіздердің табандылықтарыңыз бен қажырлы еңбектеріңіз халықаралық аренада…
-
Қазақстан және БҰҰ тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу бойынша ынтымақтастықты нығайтуда
Астана, 2026 жылғы 21 cәуір – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев БҰҰ Бас хатшысының экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ли Цзюньхуамен Қазақстан мен БҰҰ-ның орнықты даму саласындағы ынтымақтастығын талқылау бойынша кездесу өткізді. Сыртқы саяси ведомствоның басшысы Қазақстанның БҰҰ Жарғысы қағидаттарына және көпжақты дипломатияны нығайтуға бұлжымас бейілділігін растады. Министр Астана қаласында өтетін Өңірлік…
-
ТҮРКІСТАНДА АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Түркістан қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Осы бағытта қала аумағында абаттандыру және көгалдандыру шаралары жүйелі түрде жүргізілуде. Атап айтқанда, орталық көшелер, саябақтар мен аллеялар біржылдық гүлдермен көмкеріліп, шаһардың көркін арттыруға басымдық…
-
ҚАЛАНЫҢ БАС КӨШЕСІНДЕГІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
Түркістан қаласы аумағы арқылы өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автодәлізінің 3,0 шақырым учаскесінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жоба аясында ескі асфальт жабындысы толықтай алынып, оның орнына заманауи талаптарға сәйкес қиыршық тас-мастикалық асфальтбетон жабыны төселуде. Қазіргі уақытта нысанның екі бағыттағы жүріс жолағында жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Ендігі кезекте жол белгілерін төсеу жұмыстары жүргізілетін болады.…
-
Астанада Қазақстан жастарының конгресі мен Моңғолия жастар федерациясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
Моңғолия Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында Астанада Қазақстан жастарының конгресі мен Моңғолия жастар федерациясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат екіжақты ынтымақтастықты нығайтып, Қазақстан мен Моңғолия жастары үшін бірлескен бастамаларды ілгерілетуге бағытталған. Сонымен қатар өзара тәжірибе алмасу аясын кеңейтіп, халықаралық деңгейдегі әріптестікті дамытуға және ортақ жобаларды жүйелі түрде іске асыруға мүмкіндік береді. Меморандум білім…
-
ТҮРКІСТАНДА 600 ЖҰМЫС ОРНЫН ҚАМТИТЫН ӨНДІРІСТІК ПАРК ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Түркістан қаласының Бекзат мөлтек ауданында 20 гектар аумақта өндірістік парк құрылысы жүзеге асырылуда. Жоба аясында жалпы 26 өндірістік ғимарат салу жоспарланған. Құны 7,6 млрд теңгені құрайтын жоба 3 кезеңмен іске асуда. Қазіргі таңда алғашқы 5 нысанның құрылысы толық аяқталып, инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. Өндірістік аймақта жол құрылысы жүргізіліп, жақын күндері асфальт төсеу басталады. Нысандарды осы…
-
ТҮНГІ ҚАЛА КӨРКІН АРТТЫРАТЫН ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛУДА
Түркістан қаласында тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік нысандардың эстетикалық келбетін жақсарту және түнгі қауіпсіздікті арттыру мақсатында заманауи жарықтандыру жүйелері кезең-кезеңімен іске қосылуда. Жалпы 107 көпқабатты тұрғын үйдің сыртын жарықтандыру жоспарланса, бүгінде 30-дан астам үйде қосылған. Жарықтандыру жұмыстары қала инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталып, көшелер мен ғимараттардың сәулеттік бейнесін айқындап, түнгі уақытта қаланың көркін ерекше аша түспек. Жаңа LED…
-
Егембердиев Абзал Қуандықұлы кезекті жеке қабылдауын өткізді
Бүгін бекітілген кестеге сәйкес Әуезов ауданының әкімі Егембердиев Абзал Қуандықұлы кезекті жеке қабылдауын өткізді. Қабылдау барысында тұрғындар аулалық аумақтарды абаттандыруға қатысты өзекті мәселелерді көтерді. Сондай-ақ бірқатар ұсыныстар мен өтініштер айтылды:– аудан мектептерінде арт-терапия және балалардың шығармашылық дамуына бағытталған сабақтарды ұйымдастыру;– әлеуметтік қолдау көрсету мәселелері;– аумақты тазалау жұмыстарының сапасына қатысты сұрақтар;– жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;– жекелеген учаскелерде…
-
Женевада Қазақстанның орнықты даму саласындағы жетістіктері мен бастамалары ұсынылды
2026 жылғы 22 сәуір, Женева қ. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Ерлан Әлімбаев бастаған делегация 2026 жылғы 21-22 сәуір аралығында Женева қаласында өтіп жатқан БҰҰ Еуропа үшін экономикалық комиссиясының (БҰҰ ЕЭК) Орнықты даму жөніндегі өңірлік форумына қатысты. Жоғары деңгейдегі пленарлық сессия барысында Қазақстан делегациясы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласында БҰҰ…
-
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Ресей Федерациясының Пермь өлкесінің губернаторымен кездесу өткізді
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Ресей Федерациясының Пермь өлкесінің губернаторы Дмитрий Махонинмен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар экологиялық туризмді дамыту, биоәртүрлілікті сақтау, сондай-ақ бірлескен табиғатты қорғау бастамаларын іске асыру мәселелерін талқылады. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды (ЕҚТА) дамытудың басым бағыттарының бірі экологиялық туризм болып табылады. Министрлік базалық инфрақұрылымды құруға, цифрлық технологияларды енгізуге…
-
Астанада Моңғолия Ұлттық академиялық үлкен өнер театрының концерті өтті
Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүхтің Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары аясында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Моңғолияның Мәдениет, спорт, туризм және жастар істері министрі Алдаржавхлан Жуковынмен кездесті. Әріптесін ілтипатпен қарсы алған Аида Балаева Моңғолия Мемлекет басшысының сапары екіжақты ынтымақтастықты кеңейтудегі маңызды кезең болатынына сенім білдірді. Осы орайда Премьер-министрдің орынбасары архив ісі, мәдениет,…
-
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді
2026 жылғы 21 сәуір Қасым-Жомарт Тоқаев Өңірлік экологиялық саммитке және Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттері кеңесінің отырысына қатысу үшін Астанаға келген Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті. Мемлекеттер басшылары қазақ-тәжік қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылап, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік деңгейін көтеруге келісті. Әңгімелесу барысында сауда-экономика және су-энергетика салаларындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Тараптар…
