Санат: Жаңалықтар
-
Спорт — жарқын болашақтың кепілі: полицейлер жастарды есірткіден аулақ болуға шақырды
Абай облысында өткен жеңіл атлетикадан Абай облысының чемпионаты тек спорттық тартысқа ғана емес, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға арналған маңызды алаңға айналды. Жарыс барысында қатысушыларға есірткінің қоғамға тигізер зияны мен оның адам өміріне әкелетін ауыр салдары туралы кең көлемде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара аясында спортшылармен кездескен Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі…
-
Ақтөбеде мүгедектігі бар жандарға арналған бассейні, спорт залы және стационары бар оңалту орталығы салынып жатыр
Мекеме 150 орынға шақталған және кешенді медициналық әрі әлеуметтік оңалту қызметтерін көрсетуге арналған. Өңір басшысы Асхат Шахаров құрылыс алаңына барып, нысанның салыну барысы және атқарылып жатқан жұмыстардың қазіргі жағдайымен танысты. Орталықтың құрылысы 2022 жылдың наурыз айында басталған. Жобалық-сметалық құжаттамаға түзетулер енгізу және жабдықтарды толықтыру мәселелеріне байланысты жұмыстар уақытша тоқтатылған еді. Мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін…
-
Ақтөбе облысында «Әлімбет» шекара өткізу бекеті жаңғыртылып жатыр
Ақтөбе облысы мен Ресей Федерациясы шекарасындағы «Әлімбет» шекара бақылау-өткізу пункті күрделі жаңғыртудан өтіп жатыр. Құрылыс жұмыстары бекеттің қызметін тоқтатпай жүргізілуде. Жоба аясында әкімшілік ғимарат, инспекциялық тексеру кешендері, тереңдетілген бақылау ангары және қызметтік иттерге арналған арнайы панажай салынып жатыр. Қазіргі уақытта нысандағы негізгі жұмыстардың басым бөлігі аяқталған. Су құбырын тарту жұмыстары да соңғы кезеңге жеткен.…
-
«Кел, балалар, оқылық!» шетелдегі қазақ диаспорасының балаларына арналған халықаралық онлайн байқау
ҚАТЫСУ ТАЛАПТАРЫ: Байқауға 11–15 жас аралығындағы қазақ диаспорасының балалары қатыса алады. Қатысу үшін үміткерлер Ыбырай Алтынсариннің кез келген шығармасы негізінде мәнерлеп оқу, театрландырылған қойылым немесе шығармашылық импровизация форматында бейнеролик түсіруі қажет. Бейнежазбамен бірге қатысушылар 2026 жылғы 28 мамырға дейін oqbaiqau@gmail.com электронды пошта келесі ақпаратты жолдауы тиіс: аты-жөні, мемлекеті, байланыс нөмірі, туған күні (жылы, айы, күні) және шетелдік…
-
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
Халықаралық саммиттің өтуіне және шетел мемлекеттері басшыларының келуіне байланысты өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға ерекше жауапкершілікпен қарауларыңызды сұраймыз. Мекемелерге, жеке ұйымдарға, кәсіпкерлік нысандарына және жеке тұрғын үй секторларының тұрғындарына ерекше назар аудару қажет. Үй аумақтарында, ұйымдар мен оған іргелес жерлерде қоқыс, құрғақ шөп жағуға және ашық от жағуға жол бермеңіздер. Себебі мұндай әрекеттер өрттің және төтенше…
-
Өнер сөйлейтін, шеберлік сезілетін ерекше күнге дайын болыңыз!
Түркістан қаласында 16 мамыр күні Қолөнершілер орталығы нағыз шығармашылық пен дәстүрдің орталығына айналады. Мұнда әр бұйым – тарих, әр деталь – шебердің жүрек жылуы. Келіңіз, көріңіз, сезініңіз. Қолөнершілер орталығы 16 мамыр Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1217291?lang=kk
-
Семейде «Қарағай» драмасының премьерасы өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын кеңінен насихаттау аясында Абай облысында тағылымды мәдени жоба жүзеге асырылды. Кеше Абай атындағы театрда көрнекті драматург Жәнібек Әлікеннің «Қарағай» драмасы сахналанды. Қойылымда адам мен табиғат арасындағы байланыс, қоршаған ортаны қорғау, азаматтық жауапкершілік, адалдық пен әділет ұғымдары көркемдік тұрғыда терең бейнеленді. Спектакль…
-
«Жеңіс жолы – ұрпаққа аманат» тақырыбында салтанатты шара өтті
Бүгін «Тағзым» алаңында 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне арналған «Жеңіс жолы – ұрпаққа аманат» тақырыбында іс-шара өтті. Салтанатты жиынға аудан әкімі Берік Сәрменбаев, Ұлы Отан соғысының ардагері, Қызылорда облысының Құрметті ардагері, Сырдария ауданының Құрметті азаматы Яхия Тасыров, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов және облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов, аудандық…
-
«Study in Kazakhstan» білім жәрмеңкесі туралы
Хабарландыру Моңғол жастарының Орталық Азиядағы ірі мемлекет – Қазақстанда білім алуына жаңа жол ашылмақ. 2026 жылғы 13-14 мамыр күндері Ұлан-Батыр қаласындағы «Corporate Hotel» қонақ үйінің Convention орталығында «Study in Kazakhstan» атты білім жәрмеңкесі өтеді. Қазақстанның ең белді 20 жоғары оқу орнының өкілдері Моңғолия азаматтарына еліміздің білім беру саласының артықшылықтары мен ерекшеліктерін таныстырады. Бұл іс-шара Қазақстан…
-
МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ
Қызылорда қаласында денсаулық сақтау жүйесін дамытуға бағытталған ауқымды жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Мемлекет басшысының қолдауымен, Нұрлыбек Машбекұлының бастамасымен қолға алынған маңызды медициналық нысандар құрылысын қаржыландыру мәселесі толық шешімін тапқан. Бұл өңір тұрғындарының сапалы әрі заманауи медициналық қызметке қолжетімділігін арттырады. Сол жағалаудағы 500 орындық жаңа емхана – көпсалалы мекеме. Амбулаториялық-емханалық, диагностикалық және күндізгі стационарлық қызмет көрсетеді.…
-
9 мамыр – Жеңіс күнін мерекелеу аясында «Даңқ» обелискіне гүл шоқтарын қою салтанатты рәсімі өтті.
9 мамыр – Жеңіс күнін мерекелеу аясында «Даңқ» обелискіне гүл шоқтарын қою салтанатты рәсімі өтті. Шараға мәслихат төрағасы Нияз Макраев, қалалық мәслихат депутаттары және Қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. Соғыс құрбандарының рухына бір минуттық үнсіздікпен тағзым етіп, ардагерлердің бостандық пен тәуелсіздік жолындағы өшпес ерлігіне құрмет көрсетілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-ekibastuz/press/news/details/1217282?lang=kk
-
Қазақстан Женевада цифрлық дәуірде су және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәсілдерін ұсынды.
Женева, 2026 жылғы 7-8 мамыр — Қазақстан Республикасының делегациясы Женевада өткен «Технологиялық болжам: қауіпсіз және гуманистік болашақ үшін» атты Швейцарияның ЕҚЫҰ-дағы Іс басындағы төрағалығының конференциясына қатысты. Іс-шараны ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы, Швейцарияның Федералдық кеңесшісі Иньяцио Кассис және ЕҚЫҰ Бас хатшысы Феридун Синирлиоглу ашты. Конференцияға ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер, ынтымақтастық жөніндегі серіктестер, халықаралық ұйымдар, академиялық орта, жеке…
-
Қазақстан мен Бразилия саяси диалог пен іскерлік байланыстарды нығайтуда
Астана, 2026 жылғы 11 мамыр – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Қазақстанға ресми сапармен келген Бразилия Федеративтік Республикасының Сыртқы істер министрі Мауро Виейрамен келіссөздер өткізді. Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен көпжақты алаңдар аясындағы өзара іс-қимылды қоса алғанда, екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады. Сыртқы саяси ведомстволардың…
-
Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың Отан қорғаушы күнімен құттықтауы
Баршаңызды Отан қорғаушы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Отан қорғау – қасиетті парыз әрі мәртебелі міндет. Халқымыз антына адал, сертіне берік перзенттерін ерекше қадірлейді. Бүгінде Қазақстанның шекарасын бүтіндеп, іргесін бекіттік. Біздің алдымызда тұрған маңызды міндет – осы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтап қалу» деп атап көрсетті. Президент тапсырмасымен бүгінде қазақ әскерінің қуаты…
-
Аудан әкімінің ұлы жеңіс күнімен құттықтауы
Құрметті жерлестер! Қадірлі де ардақты тыл ардагерлері!Сіздерді Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!Жеңіс күні – елдік пен ерліктің, батылдық пен қаһармандықтың мерекесі! Бұл күн – бейбітшіліктің, азаттық пен тәуелсіздіктің нышаны!Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Адамзат тарихында теңдессіз ерлік жасаған әкелеріміз бен аналарымыздың қажымас қайсарлығы, ерен еңбегі және көзсіз қаһармандығы халқымыздың жадында мәңгі сақталады» деп атап…
