Санат: Қазақстан
-
Меркі ауданында өрт-тактикалық сабақ өткізілді
Меркі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің №9 өрт сөндіру бөлімі қызметкерлері өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жоспарлы өрт-тактикалық сабақ өткізді. Іс-шара Меркі аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы базасында ұйымдастырылды. Сабақ барысында өрт сөндірушілер шартты өртті сөндіру, адамдарды қауіпсіз эвакуациялау және алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін пысықтады. Сонымен қатар мекеме қызметкерлеріне өрт кезінде дұрыс әрекет…
-
Қала көшелерінде ағымды жол жөндеу жұмыстары басталды
Қазіргі таңда Тараз қаласында Полиция басқармасы жол техникалық инспекциясы бөлімшесінің нұсқамаларына сәйкес мердігер «Amazon – 2030» ЖШС-мен қала көшелерін ағымды жөндеу жұмыстары басталды. Атап айтқанда, Төле би даңғылы, Байтасов, Дүкенұлы, Казаков, Жамбыл даңғылы мен Төле би даңғылының қиылысы, Жамбыл даңғылы (аспалы көпір үсті), Аққозиев, Көшеней, Қазыбек би көшелерінде ағымды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Ақпарат көзі…
-
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиынға қатысты
Ақордада өткен іс-шараға Премьер-министр Олжас Бектенов, Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, Парламент Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай, Үкімет мүшелері, орталық мемлекеттік органдардың жетекшілері, облыс, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері, сондай-ақ Конституциялық комиссия мен Жалпыұлттық коалиция мүшелері қатысты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1183121?lang=kk
-
Жамбылдық құтқарушылар кәсіби біліктіліктерін шыңдады
Бүгін Тараз қаласы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің базасында бекітілген кестеге сәйкес Жамбыл облысы ТЖД қалалық және аудандық өрт сөндіру бөлімшелерінің және Төтенше жағдайлар бөлімдерінің газ-түтіннен қорғау буынында жұмыс істеуге рұқсаты бар бастықтарымен жылу-түтін камерасында шынайы өртке негізделген тәжірибелік жаттығу өтті. Шараның мақсаты өрт сөндіруші-құтқарушылардың тыныс алуға жарамсыз ортада жұмыс атқару қабілеттерін арттыру. Аталған жаттығу…
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Конституциясына және «2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды t.me/aqorda_resmi
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1183125?lang=kk
-
Қазақстанда 17 мың км электр желілері мен 444 жоғары кернеулі қосалқы станция жаңартылады
Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінде өңірлік электр желілік компанияларының және «KEGOC» АҚ магистральдық электр желілері филиалдарының басшыларын тыңдау отырыстары өткізілді.Тыңдаулар барысында ағымдағы жылыту маусымының өтуі, энергетикалық кәсіпорындардың су тасқыны кезеңіне дайындығы, алдағы жөндеу науқанын өткізу жоспарлары және келесі жылыту маусымына дайындық мәселелері қаралды.Энергетикалық ұйымдардың басшылары электр желілік кешен нысандарының қазіргі жағдайы, су…
-
Ақмола облысында алкогольдік мас күйде жасалатын қылмыстардың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілуде
Алкогольдік мас күйде жасалатын қылмыстарға қарсы іс-қимыл бойынша пәрменді алдын алу шараларының бірі алкогольдік ішімдіктерді жүйелі түрде теріс пайдаланатын адамдарды оқшаулау, одан кейін оларды мамандандырылған медициналық мекемелерге мәжбүрлеп емдеуге жіберу болып табылады.Бүгінгі таңда Ақмола облысында алкогольдік ішімдіктерді теріс пайдаланатын 5485 адам диспансерлік есепте тұр. Оның 118-не қатысты сот мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы шешім шығарды.Қазіргі уақытта…
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Конституциясына және «2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы: «Бүгін баршаңыз тарихымыздағы аса маңызды, мән-мағынасы айрықша, ел өмірінде өшпес із қалдыратын оқиғаның куәсі болдыңыздар. Мен Мемлекет басшысы ретінде бүкіл халық атынан Ата заңымызға қол қойдым. Сонымен қатар Конституцияны іске асыру жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойдым. Енді Халық Конституциясы 1 шілдеден бастап ресми түрде өз күшіне енеді. Ал Конституция күнін мемлекеттік мереке…
-
Қазақстанда бүгін жаңа Конституцияға қол қою рәсімі өтті
Қазақстанда бүгін жаңа Конституцияға қол қою рәсімі өтті. Ресми рәсім аяқталғаннан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты жиынға қатысушыларға арнап сөз сөйледі. Президент бұл оқиғаның тарихи маңызын атап өтіп, қабылданған Ата Заң елдің одан әрі дамуына және азаматтардың өміріне елеулі әсер ететінін жеткізді. Мемлекет басшысы Конституцияға Қазақстан халқының атынан қол қойғанын және оны іске асыру…
-
Ақмола облысының полицейлері гастрольдік ұрылардың қылмыстық дуэтін қолға түсірді
Ақмола облысы полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері пәтер ұры-гастролерлердің қылмыстық дуэтін ұстады. Алдын ала мәліметтер бойынша, күдіктілердің есебінде кемінде бес пәтер ұрлығы бар, ал келтірілген материалдық шығын миллиондаған теңгемен есептеледі.Жедел уәкілдердің айтуынша, ағымдағы жылдың наурыз айында облыстың бірнеше аудандарында пәтер ұрлығы фактілері тіркелген. Қаскүнемдердің зардап шегушілері Целиноград және Бурабай аудандарының, сондай-ақ Қосшы қаласының тұрғындары болды.Барлық…
-
Астанада көпбалалы аналарға «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» табысталды
«Наурызнаманың» онкүндігі аясында 17 наурыз – Шаңырақ күні ретінде белгіленген. Осыған орай Астанада көпбалалы аналар «Алтын алқамен» және «Күміс алқамен» марапатталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Сарыарқа ауданында 40 ана жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталды. Оның ішінде 9 ана «Алтын алқа», 31 ана «Күміс алқа» иегері атанды. «Шаңырақ – қазақ үшін отбасының, бірліктің, ұрпақтың белгісі.…
-
«Қайырымдылық – жүректен шыққан жылу»
Наурызнаманың онкүндігі аясында 15 наурыз – Қайырымдылық күніне орай Өтеген батыр ауылдық округінде тағылымы мол, ізгілікке толы шара ұйымдастырылды. Аталған күні әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қолдау көрсету мақсатында азық-түлік себеттері табысталды. Атап айтқанда, жалғызбасты анаға және ерекше күтімді қажет ететін қызы бар тұрғынға қажетті азық-түлік өнімдері жеткізіліп, жан-жақты көмек көрсетілді. Бұл – қоғамдағы жанашырлық пен…
-
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Лауазымы …
-
Неліктен зейнетақы жарналарын тұрақты аудару маңызды?
Неліктен зейнетақы жарналарын тұрақты аудару маңызды? Зейнетақы бірнеше құрамдас бөліктен қалыптасады, ал жинақтаушы бөлік бүгінгі күні маңызды рөл атқарады. Болашақтағы төлемдердің мөлшері зейнетақы жарналарының тұрақтылығына тікелей байланысты. Қандай жарна түрі бар?МЗЖ – қызметкердің жалақысынан 10%.МКЗЖ – зиянды және қауіпті өндірістердегі қызметкерлер үшін 5% (жұмыс беруші есебінен).ЖМЗЖ – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (2026 жылы…
-
Елшіліктің Консулдық бөлімінің келушілерінің назарына
Құрметті азаматтар! Наурыз мерекесінің атап өтілуіне байланысты Қазақстан Республикасы Елшілігінің Консулдық бөлімі 2025 жылғы 21-25 наурыз аралығында келушілерді қабылдамайды. Елшілікке келу және құжат тапсыру уақытын жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескерулеріңізді сұраймыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-oslo/press/news/details/1183059?lang=kk
