Санат: Қазақстан
-
ШҚО-да денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Израильдегі MVI Medical Center медициналық-білім беру орталығының президенті әрі бас директоры Наталья Хедватпен кездесті. Кездесу барысында Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту, медицина қызметкерлерін даярлау және олардың біліктілігін арттыру, медицинадағы цифрлық шешімдерді енгізу мәселелері қаралды. MVI Medical Center 16 жылдан астам уақыт бойы дәрігерлердің Израиль мен…
-
«Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы АНОНС
2026 жылдың 23 маусымынан бастап 2026 жылғы 30 маусымына дейін «Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі. Басқарманың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мынандай бағыттар бойынша жүргізіледі. Басқарманың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау; Басқарманың ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. Ақпарат көзі…
-
Президент: Экономиканы әртараптандыру – Қазақстанның жаңа даму бағыты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында экономиканы әртараптандыру алдағы кезеңдегі басты стратегиялық міндеттердің бірі екенін айтты. Президенттің мәліметінше, былтыр Қазақстанда 20 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріліп, бұл ел тарихындағы ең жоғары көрсеткіш болды. Сонымен қатар биыл шалғай ауылдардағы 500 мыңнан астам тұрғынды ауыз сумен қамтамасыз ететін 12 ірі жоба іске…
-
«Сұрақ–жауап» айдары: Судьялардың тәртіптік жауапкершілігі туралы
Жоғары Сот Кеңесі судьялардың мәртебесіне, олардың тәуелсіздігінің кепілдіктеріне және судьялардың жауаптылығының жоғары деңгейін қамтамасыз ету тетіктеріне арналған ақпараттық-түсіндіру материалдарының циклін жалғастыруда. «Сұрақ–жауап» айдарының кезекті шығарылымы судьяларды тәртіптік жауаптылыққа тартудың негіздері мен тәртібіне арналған. Судья мәртебесінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету қатаң тепе-теңдік қағидатына негізделген: заң судьяға шешім қабылдау кезінде толық тәуелсіздік кепілдігін береді, сонымен қатар оның…
-
Арнаулы әлеуметтік қызметтер сапасын арттыруға бағытталған түсіндіру кездесуі өтті
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия алған үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған заңнамадағы өзгерістер кеңінен түсіндірілді. Атап айтқанда, 2026 жылғы 28 мамырда…
-
Банктік қосымшамен көмек 3 миллион теңгеден астам шығынға айналды: Көкшетауда алаяқтық ісі тергелуде
Көкшетау қаласының полиция басқармасына қарт әйел өзінің банктік шотынан ақша ұрланғаны туралы өтінішпен жүгінді. Залалдың жалпы сомасы 3,1 миллион теңгені құрады.Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.Полицейлердің алдын ала нұсқасына сәйкес, зейнеткер бірнеше ай бойы зейнетақы төлемдерін алмаған. Оның телефоны батырмалы болғандықтан, ол мобильді банктік қосымшаны орнатуда көмек сұрап, қызмет көрсету орталықтарының біріне жүгінді.Полиция алаяқтық…
-
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ
Түркістанда Apple Store қағидаты бойынша жаңа форматтағы ХҚКО ашылды Түркістан қаласында халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік қызметтерді өздігінен алуға бағытталған жаңа форматтағы Smart Point цифрлық ХҚКО өз жұмысын бастады. Заманауи орталық азаматтардың мемлекеттік сервистермен өзара іс-қимылын барынша ыңғайлы, жылдам әрі қолжетімді етуге мүмкіндік береді.Салтанатты ашылу рәсіміне «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Басқарма төрағасы Арман…
-
Әйнекті сындырып, темекі тұқылын тастады: Степногорск қаласында көліктің өртенуі тергеліп жатыр
28 маусымда Степногорск қаласының полиция басқармасына Пригородный кентінде Nissan Primera автокөлігінің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті.Сол күні көлік иесі полицияға жүгінді. Ол кешкі сағат 17:00 шамасында белгісіз ер адам оған тиесілі көлікті әдейі өртеп жіберді деп ойлайтынын хабарлады.Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікке ілінген ер адамның жеке басын анықтады. Алдын ала…
-
Кезекті комиссия отырысы
ҚР Адам құқықтар жөніндегі уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б. Каримов қызмет аясында, Ұлытау облысы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысынына қатысты.Күн тәртібінде қаралған сұрақтар:1. Мектептер мен колледждерде білім алушылар арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу, психологиялық қауіпсіз ортаны қалыптастыру және тәуекел топтарымен жүргізіліп жатқан жұмыстардың жай-күйі туралы;2. Жасөспірімдер арасындағы…
-
Қазақстан мен Грузия премьер-министрлері Олжас Бектенов пен Ираклий Кобахидзе жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру жайын талқылады
Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов Қазақстанға ресми сапармен келген Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидземен кездесу өткізді. Онда сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық, энергетикалық ынтымақтастық, сондай-ақ цифрландыру саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзенің арасында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруға назар аударылды. «Сіздің ресми сапарыңыз екі ел арасындағы саяси диалогтің, өзара сенім мен…
-
Ақмола полицейлері жанармай құю станциясының тоналуын ізін суытпай ашты
Полиция қызметкерлерінің жедел және үйлесімді іс-қимылдарының арқасында Ақмола облысындағы жанармай құю станциясынан ұрлық кезекші тәулік ішінде ашылды.Қылмыс 29 маусымға қараған түні болды. Кезекші бөлімге белгісіз адам уақытша жұмыс істемейтін жанармай құю станциясының терезесін сындырып, бөлмеге заңсыз кіріп, салқындатқыш пен алкогольсіз сусындарды ұрлап кеткені туралы хабарлама түсті.Бұл факт бойынша дереу қылмыстық іс қозғалды. Хабарламаны алғаннан кейін…
-
Павлодар облысында өңірдің үздік журналистері марапатталды
Облыс әкімдігінде бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Кәсіби мереке аясында өңірдің медиа саласының үздік өкілдері мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды. Сонымен қатар, облыс тарихында алғаш рет екі БАҚ қызметкеріне жаңа пәтердің кілті табысталды. Салтанатты жиынды ашқан облыс әкімі Асайын Байханов қазіргі қоғамдағы журналистиканың айрықша маңызын атап өтіп, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт…
-
“Инвестиция” үшін 7,5 миллион қарыз алған: ақмолалық мұғалім алаяқтардың құрбаны болды
Ақмола облысының полицейлері жалған инвестициялық платформалармен байланысты алаяқтық фактілерін тіркеуді жалғастыруда. Құқық қорғау органдарының көптеген ескертулеріне қарамастан, қаскүнемдер азаматтарды жоғары және кепілдендірілген кірісті уәде ете отырып, жоқ жобаларға ақша салуға көндіруді жалғастыруда.Алаяқтардың тағы бір құрбаны аймақтың мұғалім болып жұмыс істейтін 65 жастағы тұрғыны болды. Іс материалдары бойынша өткен жылдың шілде айында ер адам инвестициялық компания…
-
Қонаевта жаңа теміржол вокзалы қолданысқа берілді
Қонаев қаласының тұрғындары мен қонақтары енді заманауи талаптарға сай жаңартылған теміржол вокзалының қызметін пайдалана алады. Жарты ғасыр бұрын салынған «Қапшағай» теміржол вокзалы күрделі жаңғыртудан өтіп, ресми түрде қолданысқа берілді. 1970 жылдары бой көтерген вокзал осы уақытқа дейін тек бір мәрте күрделі жөндеуден өткен. Ал ауқымды жаңғырту жұмыстары 2025 жылы басталып, жобаның тапсырыс берушісі «ҚТЖ» ҰК»…
-
Жетісу облысының шаруашылықтары күздік бидай оруға кірісті
Жетісу облысында егін орағы науқаны басталды. Өңір диқандары күздік бидайды жинауға кірісті. Биыл астық дақылдары 65,8 мың га алқаптан жиналмақ. Егін орағына алғашқылардың бірі болып Кербұлақ ауданының шаруашылықтары бастады, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Алғашқылардың қатарында егістік алқаптарына «Архарлы» ЖШС-нің техникасы шықты. Серіктестік басшысы Төлеген Есембековтің айтуынша, шаруашылық 2014 жылдан бері…
