Санат: Қазақстан
-
Арамсояулар тұқымдасы (лат. Cuscuteae, Cuscutaceae) – шырмауықтар тұқымдасына жататын паразит өсімдіктер. Арамсояулар тұқымдасына жататын өсімдіктер – өте зиянды карантиндік арамшөптер
Далалық арамсояу бірінші кезекте басқа арамшөптерге әсер етеді. Сонымен қатар, ол көкөністер, картоп, зығыр, тіпті ағаштар мен бұталарды зақымданады. Егістік арамсояудың дамуы үш негізгі кезеңнен тұрады: тұқымның өнуі және көшеттердің пайда болуы; көшеттің автотрофты кезеңі – тұқымдағы қоректік заттардың арқасында; тоғышарлық.. Паразиттік кезең онтогенезде негізгі болып табылады және бірнеше фазаларды қамтиды: гаусториялардың пайда болуы және…
-
Жаңасемей ауданының жастары «Мемлекеттік қызмет ардагері» Айсұлу Кәбірқызы Ахметжановамен кездесті
Жаңасемей ауданында жастардың мемлекеттік қызметке деген қызығушылығын арттыру, елге қызмет етудің маңызын түсіндіру мақсатында аудан жастарының «Мемлекеттік қызмет ардагері» Айсұлу Кәбірқызы Ахметжановамен кездесуі өтті. Кездесу барысында Айсұлу Кәбірқызы мемлекеттік қызмет саласындағы көпжылдық тәжірибесімен бөлісіп, қызмет жолында кездескен жауапты сәттер мен еңбек жолындағы жетістіктері туралы әңгімеледі. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшіге қойылатын талаптар, кәсіби біліктілік, жауапкершілік пен…
-
«Таза Қазақстан»: тәртіп пен тазалық — ортақ жауапкершілік
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында облыс орталығының қоғамдық орындарында, көшелерде және базарларда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, азаматтардың қауіпсіздігін сақтау және санитарлық нормалардың сақталуын бақылау бойынша профилактикалық шаралар жалғасуда. Жыл басынан бері Жедел басқару орталығының бейнебақылау жүйелері арқылы 9 000-нан астам құқықбұзушылық анықталып, 76 бұзушылықтың беті ашылды. Қоршаған ортаны ластау және қоғамдық тәртіпті бұзу фактілерінің жолын…
-
АРЫАҒАШ:ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ БЕКЕТТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Құркелес және Дарбаза ауылдық округтерінде салынып жатқан ветеринариялық бекеттердің құрылыс жұмыстарымен танысты. Аудан басшысы нысандарды аралау барысында құрылыс сапасына ерекше мән беріп, мердігер мекеме өкілдеріне жұмысты талапқа сай әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Қазіргі таңда аталған нысандардың қазаншұңқырын құю және кірпіш қалау жұмыстары толық аяқталған. Бүгінде құрылыс алаңдарында сыртқы қасбеттерді…
-
Зеренді ауылында әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Бүгін Ілиясов көшесі, 55 мекенжайындағы жаңа көпқабатты тұрғын үйден алты отбасы жаңа пәтер кілттерін алды
Зеренді ауылында тағы алты отбасы жаңа пәтер кілтін алды Зеренді ауылында әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Бүгін Ілиясов көшесі, 55 мекенжайындағы жаңа көпқабатты тұрғын үйден алты отбасы жаңа пәтер кілттерін алды. Жаңа қоныс иелері:Некрасова Татьяна ВикторовнаБунина Жанна КенжебековнаИсаканова Мадина КанатовнаКасимова ГульназЖамышева Алия БотановнаРусак Ксения Николаевна Тұрғын үй әлеуметтік осал санаттағы…
-
Мемлекет басшысы Алтын Орда мұрасына арналған тақырыптық көрмемен танысты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алтын Орда тарихына қатысты археологиялық, жазба және мәдени жәдігерлер қойылған экспозицияны аралап көрді. Мемлекет басшысына 70 археологиялық және сәулеттік ескерткішті қамтитын интерактивті карта, соның ішінде 17 нысанға кеңейтілген сипаттама, әуеден түсірілген фотосуреттер мен 3D-визуализация көрсетілді. Көрмедегі негізгі жәдігерлердің бірі – дәуір билеушілері мен тарихи тұлғалар туралы генеалогиялық мәліметтерді қамтитын «Хандар шежіресі» атты…
-
АУДАН ӘКІМІ АЙТБАЙ ЖАНДАРБЕКОВ МАЙЛЫТОҒАЙ ЖӘНЕ СҰЛУТӨБЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбеков І жартыжылдық қорытындысы бойынша халықпен есептік кездесулерін Майлытоғай және Сұлутөбе ауылдық округтерінде бастады. Кездесулер барысында аудан басшысы Мемлекет басшысы мен Үкіметтің қолдауымен аудан көлемінде жүзеге асып жатқан ауқымды жобалар мен әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне кеңінен тоқталып, алдағы жоспарлармен…
-
Қазақстандық ғалымдар сүт сарысуын терең өңдеу технологияларын әзірлеуде
Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты ғалымдары сүт өндірісінің жанама өнімі саналатын сүт сарысуын тиімді пайдалануға бағытталған ғылыми жобаны жүзеге асыруда. Қазіргі таңда бұл өнім көбіне шектеулі көлемде қолданылып немесе екінші реттік шикізат ретінде қолданылып келеді. Жоба аясында сүт сарысуын терең өңдеу және оны қышқыл сүт пен сүзбе өнімдерін өндіруде пайдалану технологиялары әзірленуде.…
-
Ерікті зейнетақы жарналары: қалай аударып, қашан алуға болады?
«БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар» Ерікті зейнетақы жарналары туралы толығырақ айтып беріңізші. Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы жүйесінде жарналардың келесі түрлері аударылады: міндетті (жұмыс беруші жұмыскердің жалақысының 10%-ын ай сайын аударады), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (жұмыс беруші өз есебінен зиянды және қауіпті кәсіп жұмыскерлері кірістерінің 5% мөлшерінде төлейді). Сондай-ақ 2024 жылдан бастап жұмыс берушінің…
-
«AMANAT»: «Ауыл аманаты» арқылы кәсібін кеңейткен тарбағатайлық шаруа
«AMANAT» партиясы жүзеге асырып отырған «Ауыл аманаты» жобасы ауыл кәсіпкерлеріне нақты қолдау көрсетіп, елді мекендердегі кәсіптің көкжиегін кеңейтуде. Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында жеңілдетілген несие арқылы кәсібін дамытқан тұрғындар саны артып, жаңа жұмыс орындары ашылып жатыр. Соның бір дәлелі – Ақжар ауылындағы «Айым» шаруа қожалығының иесі Дархан Тұрысбековтің кәсібі. Кәсіпкер «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты»…
-
Президент кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойды
Жаңа құжат аясында кітапханаларды жаңғырту, цифрлық кітап платформасын құру, ұлттық әдебиетті қолдау және жастар арасында кітап оқуды насихаттау жұмыстары күшейтіледі. Сондай-ақ «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасы іске қосылады. Кітап оқитын ұлт — бәсекеге қабілетті ұлт. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga/press/news/details/1223979?lang=ru
-
Аудан әкімінің Майлин көшесінің тұрғындарымен көшпелі кездесуі
Жуырда Майлин көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің тұрғындарының өтініші бойынша көшпелі кездесу өткізілді. Негізгі мәселе өткен жылы АЛЖЖ желісі арқылы жүргізілген жылу желілерін ауыстыру жұмыстарынан кейін аумақты қалпына келтіруге қатысты болды. Тұрғындар асфальтбетон жабынының жағдайына және жұмыстар аяқталғаннан кейін толық көлемде қалпына келтірілмеген абаттандыру элементтеріне байланысты ескертулерін жеткізді. Оқиға орнына жұмыстардың тапсырыс берушісі ретінде АЛЖЖ…
-
М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде адам құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің студенттерімен кездесті. Дәріс барысында адам құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесін дамыту мәселелері, жаңа Конституциядағы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері, сондай-ақ мемлекеттік басқаруда адамға бағдарланған қағидаттарды қамтамасыз етудің заманауи тәсілдері қаралды. Артур Ластаев Омбудсмен институтының қызметіне кеңінен тоқталып, «Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық…
-
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» аграрлық сала өкілдерін форвардтық қаржыландыру көлемін 29,5 млрд теңгеге дейін ұлғайтты
Ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алу бағдарламасы аясында «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы фермерлерге 29,5 млрд теңге қаржы бөлді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 11,6 млрд теңгеге артық. Ұлттық астық операторы көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыруға былтырғы жылдың желтоқсан айында өтінім қабылдап бастаған. Бұл шаруаларға жауапты науқанға алдын ала дайындалуға мүмкіндік берді. Биылғы жылғы 15 мамырдағы…
-
Семіздік
Семіздік — ағзада артық майдың жиналуы. Оның негізгі себептері: дұрыс тамақтанбау, аз қимылдау және зиянды әдеттер. Семіздік жүрек ауруы, қант диабеті және қан қысымының жоғарылауына әкелуі мүмкін. Семіздіктің алдын алу үшін дұрыс тамақтанып, белсенді өмір салтын ұстану қажет. Майлы және тәтті тағамдарды азайтып, көкөніс пен жемісті көбірек тұтынған дұрыс. Күнделікті спортпен айналысу, жеткілікті су ішу…
