Санат: Пікір
-
Жамбыл облысында бұлақтарды зерттеу және түгендеу жұмыстары жүргізіліп жатыр
Жамбыл облысының аумағында «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметінің мамандары Қазақстан Республикасының бұлақтарының бірыңғай деректер базасын жасау аясында бұлақтарды зерттеу және түгендеу бойынша далалық жұмыстарды жалғастырып жатыр. Зерттеу барысында бұлақтардың санитарлық және техникалық жай-күйіне баға беріліп, нақты координаттары анықталады, гидрогеологиялық бақылаулар жүргізіліп, зертханалық талдау үшін су сынамалары алынады. Жиналған мәліметтер табиғи су көздері туралы ақпаратты өзектендіруге және…
-
«Балдаурен» лагері
05.06.2026 жылы Күршім аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Е. Кабдуалиев Күршім ауданы Сарыөлең ауылында орналасқан «Балдаурен» жазғы сауықтыру лагерінің жұмыс маусымының басталуына байланысты қабылдау-тексеру іс-шараларына қатысты. Тексеру барысында бейнебақылау камераларының жұмыс жағдайы қаралып, лагерь аумағындағы қауіпсіздік талаптарының сақталуына назар аударылды. Сонымен қатар, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kurchum-roo/press/news/details/1236405?lang=ru
-
ШҚО-да «Нелегал» жедел алдын алу шарасы басталды
Бүгін, 8 маусымда, Шығыс Қазақстан облысында «Нелегал» жедел алдын алу шарасы басталды. Іс-шара көші-қон саласындағы бақылауды күшейтуге, заңнаманы бұзушыларды анықтауға, өңір аумағында заңсыз көші-қон арналарының жолын кесуге бағытталған. Жедел алдын алу шарасы аясында полиция қызметкерлерінің алдына бірқатар басым міндет қойылды: транзиттік ағынды тексеру, шетелдік азаматтар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау, қажетті құжаттарды ресімдеуге көмек…
-
Ғылыми мұра және жас зерттеушілер: педагогика ғылымын дамытудағы жаңа қадам
Жамбыл облысында қазақстандық ғылымды насихаттау, отандық ғалымдардың ғылыми мұрасын дәріптеу, жас зерттеушілерді қолдау және жоғары білім беру жүйесіндегі ғылыми әлеуетті арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Осы мақсатта өңірлік жоғары оқу орындарында ғылым мен білімнің сабақтастығын қамтамасыз етуге, ғылыми мектептерді дамытуға және жас ғалымдардың зерттеу қызметіне қолдау көрсетуге ерекше көңіл бөлінуде. Осы орайда М.Х. Дулати…
-
Блогер Бақытгуль Казез: Таза қала – әркімнің қолында: кішкентай әрекеттер үлкен өзгерістерге әкеледі
Көптеген адамдар «бір бөтелке немесе бір пакет қоқыс тастау ештеңені өзгертпейді» деп ойлайды. Бірақ дәл осы кішкентай әрекеттердің жиынтығы қаламыздың келбетін түпкілікті өзгертеді. Бір сәт ойлап көріңізші: әр көше, әр аула, әр қоғамдық орын – миллиондаған ұсақ әрекеттердің нәтижесі. Бір бөтелке, бір қағаз, бір пакет – бұл тек қоқыс емес, бұл біздің жауапкершілігіміздің көрінісі.Жыл басынан…
-
Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 26,74 трлн теңгені құрады
Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 26,74 трлн теңгені құрады Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі 2026 жылдың 1 мамырына 26,74 трлн теңгеден асты. 12 айдағы өсім 3,64 трлн теңгеге немесе 15,8%-ға өсті. 2026 жылдың 1 мамырында міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі 24,97 трлн теңге. Бір жылдағы өсім 3,09 трлн теңге (14,1%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша…
-
Қарағандылық Алан Құрманғалиев халықаралық турнирде жеңіске жетіп, рейтингке 1000 ұпай қосты
Қарағандылық үстел теннисінің шебері Алан Құрманғалиев Швецияның Хельсингборг қаласында өткен WTT Youth Contender Helsingborg халықаралық турнирінде сәтті өнер көрсетті. Ол 25 елден келген спортшылар қатысқан беделді жарыста чемпион атанып, жастар арасындағы әлемдік рейтинг қоржынына 1000 ұпай қосты. Алан Құрманғалиев U19 жас санатында бақ сынады. Қарағандылық спортшы Швеция, Мажарстан, Үндістан, Польша және Дания елдерінің өкілдерінен басым…
-
Петропавлдағы жаңа ЭКО-паркте триатлон және дуатлоннан Қазақстан чемпионаты басталды
Петропавл қаласындағы ЭКО-парк аумағында триатлон және дуатлоннан Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Елдің барлық өңірлерінен келген 200-ден астам спортшы өз жас санаттарында үздіктер қатарынан көріну үшін бақ сынауда. ЭКО-парк облыс орталығы тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орындарының біріне айналып келеді. Заманауи қоғамдық кеңістік белсенді демалысқа, спортпен шұғылдануға және бұқаралық іс-шаралар өткізуге арналған. Мұнда жаяу жүргіншілерге, велосипедшілерге…
-
ХАБАРЛАНДЫРУ Ерейментау ауданы әкімдігінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылауды бастау туралы
Ерейментау ауданы әкімдігінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылауды бастау туралыАқмола облысы Ерейментау ауданының әкімдігі 2026жылдың 28 мамыр-05 маусым аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін талқылау басталғаны туралы хабарлайды.Барлық мүдделі тұлғалар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелерін талқылауға қатыса алады. Талдауға қатысу сұрақтары бойынша Ерейментау ауданы әкімі аппаратының заң қызметі басшысы Д.Б. Тулендиноваға…
-
Жеке көмекшінің қызметтерін көрсету қағидаларын енгізілетін өзгерістер жобасы туралы
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында Министрлік Ашық Нормативті Құқықтық Актілер порталында жеке көмекші қызметтерін көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу жөніндегі түзетулер жобасын орналастырды. Біз аталған қызметті алушылар және қызмет көрсетушілер, яғни жеке көмекшілер арасында қызу талқыланып жатқанын байқап отырмыз. Осыған байланысты келесі түсіндірмелерді беруді жөн деп таптық: Біріншіден,…
-
Елімізде 2026 жылғы егіс науқаны табысты аяқталды
Мемлекет басшысының азық-түлік қауіпсіздігін нығайту және агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде елімізде 2026 жылғы егіс науқаны аяқталды. Көктемгі дала жұмыстары еліміздің барлық өңірінде белгіленген агротехникалық мерзімде жүргізілді, деп хабарлайды Primeminister.kz. Науқанның уақтылы жүргізілуіне Үкімет тарапынан қабылданған мемлекеттік кешенді қолдау шаралары ықпал етті. Атап айтқанда, шаруаларды қажетті материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз ету, егіс…
-
Бала күлкісі – болашаққа ашылған кілт
«Анашым, сен неге бақыттысың білесің бе?Себебі сенде біз бармыз…»Бұл – бала жүрегінің ең шынайы, ең таза жауабы. Бұл – әлемнің бар жарығын бір ғана күлкімен жарық қылатын балалықтың үні.Бүгін – 1 маусым, Халықаралық балалар күні. Бұл күн – тек мереке ғана емес, әр баланың қауіпсіздігі, құқығы мен бақытты балалық шағы үшін жауапкершілікті еске салатын ерекше…
-
Көкшетауда «URBAN FORUM AQMOLA: Реновация және заманауи урбанизация» республикалық семинар-кеңесі өтті
2026 жылғы 30 мамырда Көкшетау қаласындағы «AQMOLA DIGITAL» ғимаратында «URBAN FORUM AQMOLA: Реновация және заманауи урбанизация» атты республикалық семинар-кеңес өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, Ақмола облысы әкімдігінің және «KOKSHE» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның қолдауымен ұйымдастырылды.Форум аумақтарды кешенді жаңғырту, тұрғын үй қорын модернизациялау, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және Қазақстан Республикасының жаңа Құрылыс кодексіне сәйкес құрылыс…
-
Аусыл ауруының белгілері оның алдын алу шаралары.
Аусыл адамдарға орташа қауіп төндіреді. Ол шырышты қабаттар мен теріде ауыратын жаралармен тұмау тәрізді инфекция ретінде көрінеді. Ересек адамдар әдетте 1-2 апта ішінде толық қалпына келеді, бірақ ауру өте жұқпалы және мал шаруашылығына апатты салдары бар.Инфекция тамақ арқылы беріледі: ауру малдың шикі сүтін немесе пісірілмеген етін тұтыну. Вирус қайнату және пастерлеу арқылы жойылады. Контактілі жұғу:…
-
Абай облысында полицейлер джиу-джитсу спортшыларына нашақорлыққа қарсы дәріс өткізді
26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткі бизнесінің заңсыз айналымына қарсы күрес күні аясында Абай облысының полицейлері джиу-джитсу спортшыларымен кездесу өткізіп, арнайы дәріс ұйымдастырды. Іс-шара барысында тәртіп сақшылары жастарға нашақорлықтың адам денсаулығына, өміріне және болашағына тигізетін зияны туралы кеңінен түсіндіріп, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын атап өтті. Полицейлер есірткіге қарсы күресте спорттың рөлі ерекше екенін…
