Санат: Пікір
-
Олжас Бектенов Дүниежүзілік банктің вице-президенті Сангбу Киммен цифрландыру және ЖИ саласындағы ынтымақтастық мәселесін талқылады
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Дүниежүзілік банктің цифрлық технологиялар және жасанды интеллект жөніндегі вице-президенті Сангбу Киммен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан мен Дүниежүзілік банк тобы арасындағы цифрландыру, жасанды интеллект, GovTech және телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту салаларындағы әріптестікті одан әрі нығайту мәселелері қаралды. Жиында Қазақстандағы «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасын жүзеге асыру мәселесіне назар аударылды. Талқылауға Қазақстан Президентінің…
-
♻️ Ақтөбеде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «JasylCross – 2026» экологиялық плоггингіне 500-ге жуық жас қатысып, бір күннің ішінде 1317 қап қоқыс жинады.
♻️ Ақтөбеде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «JasylCross – 2026» экологиялық плоггингіне 500-ге жуық жас қатысып, бір күннің ішінде 1317 қап қоқыс жинады. 🌱 Богослов тас жолы бойында өткен ауқымды экологиялық акция өңірдегі ең ірі бастамалардың біріне айналды. Шараға жас экобелсенділер, волонтерлар, жастар ұйымдарының мүшелері, «Жасыл ел» еңбек жасақтарының сарбаздары және қоғам белсенділері қатысып,…
-
Сарыарқаның көшпелі мәдениеті: «BaiQymyz – Қарқаралы» этно-гастрофестивалі!
Қарағанды облысының Қарқаралы қаласында алғаш рет ұйымдастырылған «BaiQymyz – 2026» аймақаралық этно-гастрофестивалі ұлттық құндылықтарды дәріптеген ауқымды мәдени оқиғаға айналды. Сарыарқаның көшпелі мәдениетін, қымыз өндіру дәстүрін және жылқы шаруашылығын насихаттауға бағытталған фестивальге Қазақстанның әр өңірінен 37 қымыз өндіруші қатысып, «Ең үздік қымыз» атағы үшін бақ сынады. Байқаудың жалпы жүлде қоры 10 миллион теңгені құрады. Фестивальге 20…
-
Халықаралық серіктестерге діндердің климат мәселесіндегі рөлі мен жасанды интеллект этикасына арналған жобалар таныстырылды
Астана, 2026 жылғы 1 маусым Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы «Діни лидерлердің тұрақты әлем дамуына қол жеткізудегі рөлі» тақырыбында халықаралық онлайн-конференция өткізді. Іс-шара барысында халықаралық серіктестерге «Жасанды интеллектті пайдаланудың этикалық кодексі» және «Климаттың өзгеруімен күрестегі діндердің рөлі» тақырыбындағы екі ірі жобаның құжаттары таныстырылды. Конференцияға Қазақстан, Ұлыбритания, Ресей, Аргентина, Таиланд, Солтүстік Македония және Үндістанның беделді…
-
Атом саласының мамандары жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталды
Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, Астанада өткен Еуразиялық экономикалық форумды жоғары деңгейде өткізуге қосқан зор үлесі, сондай-ақ елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту жолындағы еңбегі үшін бірқатар маман «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен марапатталды. Жоғары мемлекеттік наградаға ие болғандар: * Бибігүл Есілбайқызы Байғазина – «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС…
-
⚜️Тырысқақ туралы не білуіміз керек?
Тырысқақ – адамнан адамға жұғатын жіті ішек жұқпалы ауруы. Тырысқақ басқа жіті ішек жұқпаларынан клиникалық ағымының ауырлығымен, жоғары өлім-жітімімен және салыстырмалы түрде қысқа мерзімде ауқымды аумақтарға таралып, халықтың көпшілігіне жұқтыру мүмкіндігімен ерекшеленеді. Адамнан адамға тырысқақтың берілуі сыртқы орта арқылы жүзеге асырылады, негізінен су арқылы беріледі. Таралу механизмі бойынша тырысқақ ішек ауруы болып табылады. …
-
«ДӨО алқабы»: Қазақстан Үкіметі мен IT-алпауыттары Firebird және NVIDIA жасанды интеллект саласында $10 млрд-тық келісімдер пакетіне қол қойды
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов NVIDIA вице-президенті Рев Лебаредянмен және Firebird негізін қалаушылар: бас директоры Размик Овакимянмен және Александр Есаянмен кездесу өткізді. Кездесуге Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин, АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі Джули Стаффт қатысты. Америкалық Firebird компаниясы жасанды интеллект инфрақұрылымын құруға, деректер орталықтарын…
-
Токиода «Орталық Азияның экологиялық ынтымақтастығы» декларациясының негізгі ережелері таныстырылды
Токио, 2026 жылғы 15 маусым – Қазақстан Республикасының Жапониядағы Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев Жапонияның Энергетика экономикасы институтының Төрағасы Тацуя Теразавамен кездесу өткізді. Елші Е.Баударбек-Қожатаев ү.ж. 22-24 сәуірде Астанада өткен Өңірлік экологиялық саммит барысында қабылданған Орталық Азия мемлекеттері басшыларының «Орталық Азияның экологиялық ынтымақтастығы» декларациясының негізгі ережелерін таныстырды. Ол сұхбаттасушыны өңір елдерінің климаттың өзгеруіне, шөлейттенуге және қоршаған ортаның…
-
Джеки Чан Қазақстанда: «Доспехи Бога 4: Ультиматум» фильмінің түсірілімі Маңғыстауда басталды
Маңғыстау облысында әлемге әйгілі актер Джеки Чанның қатысуымен түсірілетін «Доспехи Бога 4: Ультиматум» халықаралық кино жобасының түсірілімі басталды. Жобаны Sәlem Entertainment және Dala Edge Creative Tech Park компаниялары жүзеге асыруда. Қазіргі таңда түсірілім тобы Маңғыстаудың бірегей табиғи ландшафттарында алғашқы кадрларды таспаға түсіруде. Фильмнің негізгі түсірілім алаңдарының бірі ретінде әлемге танымал Бозжыра шатқалы таңдалған. 7-12 маусым…
-
Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы ММ «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» ҮББ-4 іске асыру шеңберінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелерін жария талқылауды бастады.
Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы ММ «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» ҮББ-4 іске асыру шеңберінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелерін жария талқылауды бастады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-uiir/press/news/details/1240788?lang=ru
-
ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРЛЕРІНДЕ СҰРАНЫСҚА ИЕ БАҒЫТТАР БОЙЫНША 23 ЖАҢА БӨЛІМШЕ АШЫЛДЫ
Еліміздің өңірлеріндегі облыстық ауруханаларды ауқымды жаңғырту бағдарламасы шеңберінде сұранысқа ие терапиялық бағыттар бойынша 23 жаңа бөлімше ашылды. Жаңа бөлімшелер ересектер мен балалардың арасында қажеттілігі жоғары медициналық бағыттар бойынша құрылды. Олар: ревматология, пульмонология, гастроэнтерология, эндокринология, гематология, нефрология және кардиология. Жоба 2024–2030 жылдарға арналған денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту тұжырымдамасы шеңберінде жүзеге асырылып, өңір тұрғындары үшін мамандандырылған медициналық…
-
Халықаралық серіктестерге діндердің климат мәселесіндегі рөлі мен жасанды интеллект этикасына арналған жобалар таныстырылды
Астана, 2026 жылғы 1 маусым Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы «Діни лидерлердің тұрақты әлем дамуына қол жеткізудегі рөлі» тақырыбында халықаралық онлайн-конференция өткізді. Іс-шара барысында халықаралық серіктестерге «Жасанды интеллектті пайдаланудың этикалық кодексі» және «Климаттың өзгеруімен күрестегі діндердің рөлі» тақырыбындағы екі ірі жобаның құжаттары таныстырылды. Конференцияға Қазақстан, Ұлыбритания, Ресей, Аргентина, Таиланд, Солтүстік Македония және Үндістанның беделді…
-
Мал шаруашылығы қызметкерлері күні: сала қарқынды дамып, экспорттық әлеуеті артуда
Елімізде маусым айының екінші жексенбісінде Мал шаруашылығы қызметкерлері күні атап өтіледі. Биыл отандық мал шаруашылығы мамандары кәсіби мерекелерін өндіріс көлемінің тұрақты өсуі, ауыл шаруашылығы жануарлары санының артуы, саланы ауқымды жаңғырту және жаңа инвестициялық жобалардың іске қосылуы сияқты табыстармен қарсы алуда. Биылғы жылдың алғашқы төрт айында мал шаруашылығының жалпы өнімі 1 трлн 158 млрд теңгеден асты.…
-
АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНДА «JASYL CROSS – 2026» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПЛОГГИНГ ЖАРЫСЫ ӨТТІ
Ақтөбе қаласында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында «Jasyl Cross – 2026» экологиялық плоггинг жарысы өтті. Іс-шараның мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау құндылықтарын дәріптеу. Экологиялық акцияға 500-ге жуық адам қатысты. Олардың қатарында мемлекеттік қызметшілер, жастар ұйымдарының өкілдері, волонтерлер, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының сарбаздары…
-
«Таза Қазақстан» бағдарламасының нәтижесі: Шет ауданынан 72 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды
Қарағанды облысында республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасын іске асыру жалғасуда. Қалалар мен аудандарда заңсыз қоқыс үйінділері жойылып, көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Экологиялық мәдениетті арттыруға сенбіліктер, «Таза бейсенбі» акциялары және «Үлгілі ауыл» байқауы ықпал етуде. Бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалуы туралы аппараттық кеңесте Теміртау қаласының, сондай-ақ Қарқаралы және Шет аудандарының әкімдері баяндама жасады. Шет ауданында…
