Санат: Пікір
-
Шардара су қоймасының жағалауына бақылау жүргізілді
«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Шардара су қоймасының жағалауында орналасқан демалыс орындарында кезекті рейдтік іс-шара жүргізілді. Аталған іс-шараға аудан әкімінің орынбасары, қала әкімі, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі бастығы, «ҚазСуШар» РМК ТОФ Шардара бөлімшесінің басшысы және аудандық полиция, кірістер басқармаларының қызметкерлері қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – сенбі және жексенбі күндері су қойма жағалауында демалушылар санының артуына…
-
ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОҚЫТУ СЕМИНАРЫН ӨТКІЗДІ
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған онлайн-семинар өткізді. Семинарда 150-ге жуық республикалық 200-ге жуық өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Іс-шара Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 1 шілдедегі № 26/52 қаулысымен бекітілген сайлау комиссияларының мүшелері мен сайлау процесінің…
-
Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық мәселелері бойынша штаб отырысы өтті
Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық мәселелері бойынша штаб отырысы өтті 2026 жылғы 22 шілдеде Жуалы ауданы әкімдігінің ғимаратында 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына дайындық мәселелері бойынша штаб отырысы өтті. Жиынға Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов, Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Бекжан Кеңесбек, Жуалы ауданының әкімі Жалғас Мұртаза,…
-
Ербол Қарашөкеев шомылу маусымындағы қауіпсіздік шараларын тексерді
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев жұмыс сапарымен Жуалы ауданына барып, Теріс-Ащыбұлақ су қоймасы аумағында орналасқан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару жасағының жұмысымен танысты. Теріс-Ащыбұлақ су қоймасында 2026 жылғы 1 маусымнан бастап мобильді құтқару бекеті қызмет көрсетіп келеді. Мұнда бір құтқару қайығы, аспалы мотор және «Газель» автокөлігі бар. Қазіргі уақытта үш құтқарушы тәулік бойы…
-
ҚОҒАМДЫҚ ТАЗАЛЫҚТЫ САҚТАУ – ЗАҢ МЕН МӘДЕНИЕТТІҢ КӨРІНІСІ.
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылғы 5 қарашадағы №1081 Жарлығымен айқындалған ішкі саясаттың негізгі қағидаттары мен басым бағыттарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 31 қазандағы №910 қаулысымен бекітілген «Экологиялық мәдениетті дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасына сәйкес Шардара ауданында санитариялық тазалық пен абаттандыру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу – ортақ міндет. Сонымен…
-
«Шардара электр желісінде жаңғырту жұмыстары жүргізілді»
Құрметті Шардара ауданының тұрғындары! «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-ның Шардара электр желісі мекемесі тарапынан электр желілерінің тұрақты әрі қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, электр желісіндегі кабельдерді ауыстыру, трансформаторға техникалық қызмет көрсету және май құю жұмыстары орындалуына байланысты электр қуаты уақытша тоқтатылды. Жөндеу жұмыстары белгіленген мерзімде толық аяқталып, электр желісінің…
-
Алматы облысындағы Бесағаш ауылына жаңа су желісі салынды
Алматы облысындағы Бесағаш ауылының оңтүстік бөлігінде ауыз су мәселесін шешу мақсатында жалпы ұзындығы 32 шақырымнан асатын су құбыры тартылды. Нәтижесінде 800-ден астам абонент орталықтандырылған таза ауыз суға қосылды. Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев жаңа желі тартылған аумаққа барып, жобамен танысты, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Қолданыстағы су желісі 1975 жылы салынған. Бүгінде құбырдың…
-
Абай облысындағы тұқымбақта жылына 3 миллионнан астам қарағай көшеті өсіріледі
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев жұмыс сапары барысында облыс әкімі Берік Уәлимен бірге Бесқарағай ауданындағы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты Канонерка филиалындағы орман тұқымбағы және орман тұқым станциясы кешенінің жұмысымен танысты. Ертіс бойындағы өртенген орман алқаптарын қысқа мерзімде қалпына келтіру мақсатында 2016 жылы іске қосылған кешен Қазақстандағы ғана емес, Орталық Азиядағы орман…
-
Аралда түйе сүтінен құрғақ ұнтақ шығаратын зауыт іске қосылды
Аймақ басшысы Мұрат Ергешбаев, облыс прокуроры Ризабек Ожаров, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары Арал қаласындағы түйе сүтінен құрғақ ұнтақ шығаратын зауыттың ашылу рәсіміне қатысты. Салтанатты шарада облыс әкімі бұл бастама өңірдің өндірістік қуатын нығайтуға, әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал ететінін атап өтті. «Баршаңызды аймағымыз үшін маңызды жобалардың бірі – түйе сүтінен ұнтақ шығару зауытының ресми…
-
Түрген көпірі үш ай ішінде қайта салынады
Бірнеше апта бұрын толассыз жауған нөсір салдарынан Түрген суы арнасынан тасып, өзен арқылы өтетін көпір шайылып кетті. Бұл нысан 2024 жылы апатты деп танылған. Қазіргі таңда жауапты мердігер анықталып, көпір қайта қалпына келтірілуде. Құрылыс үш ай ішінде аяқталады деп жоспарланған. Бүгін Марат Сұлтанғазиев нысанға арнайы барып, құрылыс барысын тексерді, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің…
-
«Geopark Аral» – Аралды әлемге танытатын жаңа мүмкіндік
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында Арал ауданының әкімі Аманжол Оңғарбаев өңірдің экологиялық ахуалын жақсарту және туризмді дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды. Арал теңізінің экологиялық мәселесін шешу тек өңір үшін ғана емес, халықаралық қауымдастық үшін де маңызды міндеттердің біріне айналып отыр. Соңғы жылдары теңіз тағдырына әлемдік ұйымдар, халықаралық қаржы…
-
Құрметті мүгедектігі бар адамдар!
2026 жылғы 24 шілде күні сағат 15.00-де Қостанай қ., Юбилейный ш/а., 56 мекенжайындағы Жастар сарайында «Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында өткізілетін мүгедектігі бар адамдарға арналған облыстық әлеуметтік-құқықтық акция өтеді. Іс-шараның негізгі мақсаты – мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік және еңбекке интеграциялануына жәрдемдесу, жұмыспен қамтуға, кәсіби оқытуға және қайта оқытуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, сондай-ақ…
-
Қоғамдық кеңестің отырысы
2026 жылғы 22 шілдеде Жітіқара ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында М.К. Ерекеновтың төрағалығымен Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Отырыста Қоғамдық кеңес мүшелері келесі мәселелерді қарады: Жітіқара ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі мемлекеттік мекемесінің 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі және 2026 жылға арналған жоспарлары. 2025 жылы қолайсыз отбасылардан…
-
Халықтың цифрлық сауаттылығын оқыту
2026 жылғы 22 шiлдедi Ломоносов ауылдық округі әкімінің аппаратында округ әкімі В.С. Барсуков халықты цифрлық сауаттылыққа оқытуды өткізді. Қамту 25 адамды құрады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm-lomonosov/press/news/details/1262181?lang=ru
-
Үкімет басшысының бірінші орынбасары Семейдегі стратегиялық инфрақұрылым нысандарын аралады
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев өңірге жұмыс сапары аясында облыс әкімі Берік Уәлимен бірге Семей қаласындағы бірқатар стратегиялық маңызы бар инфрақұрылым нысандарының жұмысымен танысты. Сапар барысында қаланың жылу-энергетикалық жүйесінің жай-күйі мен тұрғын үй құрылысының қарқынына ерекше назар аударылды. Үкімет басшысының бірінші орынбасары әуелі ТЭЦ-1 кәсіпорнына барды. Бұл – Семей қаласын жылу энергиясымен қамтамасыз…
