Санат: Пікір
-
Жер саласындағы мемлекеттік қызметтер
Құрметті округ тұрғындары осы жадынамада көрсетілген жер саласындағы мемлекеттік қызметтер электронды үкімет порталы е – лицензирование арқылы көрсетіледі, е -өтініш платформасы арқылы басқа уәждер мен жолданымдар (шағымдар) ғана қарастырылады!!!Кез келген уақытта сұрақтарыныз пайда болған жағдайда әкімдік ғимаратына келіп аппарат қызметкерлеріне жүгініп көмек пен кеңес алуларыңызға болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-eskeldy-aldarbergenov/press/news/details/1258843?lang=ru
-
Алматының Туризм басқармасы 2027 жылдың соңына дейін қалаға 110 мыңға дейін турист тартуды жоспарлап отыр
2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында Алматы халықаралық туристік нарықтардағы ілгерілету жұмыстарын күшейтті. Бұл туралы қалалық Туризм басқармасының өкілдері айтты. Негізгі нәтижелердің бірі Гуанчжоу қаласында өткен GITF-2026 халықаралық туристік көрмесіне қатысу болды. Көрме аясында ұйымдастырылған «Алматы қаласының туризм күні» барысында шетелдік серіктестермен ынтымақтастық туралы 22 меморандумға қол қойылды. Құжаттар Алматыны халықаралық деңгейде ілгерілетуге, туристер легін арттыруға және…
-
Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстан Республикасы аумағында«Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату» жобаларын іске асыруға ниеті мен дайындығы бар мүдделі инвесторлармен өзара іс-қимыл жасауға және бастамаларды жан-жақты пысықтауға дайын екендігін хабарлайды.
Баспасөз релизі 2025 жылы Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату зауыттарын (бұдан әрі – ҚЭКЖ) салу бойынша инвестициялар туралы келісімдер (бұдан әрі – ИТК) жасалды. Аталған келісімдер шеңберінде электр энергиясына 1 кВт/сағ үшін 55 теңгеден аспайтын тариф көзделген. ҚЭКЖ тетігін енгізудің негізгі мақсаты – қалдықтарды қайта өңдеу үлесін арттыру, қалдықтарды көму полигондарына…
-
САУРАН АУДАНЫНДА МЕКЕМЕАРАЛЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ
Сауран ауданында аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен, аудан прокуроры Алмаз Асылбеков және аудандық полиция бөлімінің басшысы, полиция полковнигі Алмат Абидиновтың қатысуымен мекемеаралық мәжіліс өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлімдердің, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшылары, ауылдық округ әкімдері, сондай-ақ коммуналдық мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты. Мәжілісте аудан аумағында атқарылып жатқан жұмыстардың орындалу барысы, мемлекеттік…
-
САУРАН АУДАНЫНДА КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА «АЛТЫН АЛҚА» МЕН «КҮМІС АЛҚА» ТАБЫСТАЛДЫ
Сауран ауданында көпбалалы аналарды мемлекеттік наградалармен марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты жиында Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі №1247 және 29 мамырдағы №1295 Жарлықтарына сәйкес «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқалары табысталды. Марапаттау рәсіміне аудан әкімі Мақсат Таңғатаров қатысып, көпбалалы аналарды мемлекеттік наградаларымен құттықтады. Ол өз сөзінде отбасы институтын нығайтуға, ұрпақ тәрбиесіне және елдің…
-
VIІІ шақырылған Қармақшы аудандық мәслихатының Кезектен тыс 50-сессиясы шақырылады
Сегізінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс 50-сессиясы 2026 жылдың шілде айының 21 күні сағат 16:00 де Жосалы кенті әкімі аппаратының мәжіліс залында шақырылады. Күн тәртібінде: 1. Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №352 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. Хабарламашы: Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы…
-
Құрметті Жамбыл облысының қонақтары мен тұрғындары!
Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы азаматтық қорғаныс және өрт қауіпсізігі, өнеркәсіптіқ қауіпсіздік мәселелері бойынша, жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауына шақырады. Жеке қабылдау 2026 жылдың 16 шілде сағат 16:30 -18:00 дейін өткізіледі. Мекен-жайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы 127, Азаматтарды қабылдаудың өңірлік орталығы. Анықтама телефоны: 99-90-55 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1258834?lang=ru
-
В СЕЛЕ АКТЮБЕК ОБЛАСТИ ҰЛЫТАУ ОТКРЫЛАСЬ НОВАЯ ВРАЧЕБНАЯ АМБУЛАТОРИЯ
В рамках Национального проекта «Модернизация сельского здравоохранения» в сельском округе Актюбек Жанааркинского района введена в эксплуатацию современная врачебная амбулатория. Новое медицинское учреждение будет оказывать первичную медико-санитарную помощь почти 1300 жителям сел Актюбек, Атасу и Манадыр. В амбулатории функционируют кабинеты приема врача, вакцинации и процедурный кабинет, отделения физиотерапии и реабилитации, дневной стационар, а также комфортные…
-
Департамент Атырау облысында дәрігердің рецептісі бойынша босатылуға тиіс дәрілік заттарды рецептісіз босату фактілері анықталатынын хабарлайды.
Департамент Атырау облысында дәрігердің рецептісі бойынша босатылуға тиіс дәрілік заттарды рецептісіз босату фактілері анықталатынын хабарлайды. Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ «ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ» Кодексінің 233-бабы 5-тармағы негізінде дәрігердің рецептісі бойынша босатуға арналған дәрілік заттарды рецептісіз өткізуге тыйым салынады. Рецептілер қағаз және (немесе) электрондық түрлерде жазып беріледі. Қазақстан…
-
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов пен Шымкент қаласының Әділет департаментінің басшысы А. Исабекова азаматты бірлескен жеке қабылдау өткізді.
2026 жылғы 15 шілдеде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов пен Шымкент қаласының Әділет департаментінің басшысы А. Исабекова азаматты бірлескен жеке қабылдау өткізді. 🔷 Қабылдауға Шымкент қаласының Әділет департаменті басшысының орынбасары М. Мұхтаров, жеке сот орындаушылары, АХАЖ органының өкілі және арызданушы қатысты. 🔷Кездесу барысында азаматтың өтінішінде көтерілген мәселелер жан-жақты…
-
ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ОРЫНДАРДА СУҒА ШОМЫЛҒАН АЗАМАТТАРҒА ӘКІМШІЛІК ШАРА ҚОЛДАНЫЛДЫ
Сауран ауданында суға түсу маусымына байланысты тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Шаға, Оранғай және Ескі Иқан ауылдық округтерінің аумағындағы өзен-көлдер мен су айдындарында кезекті рейдтік іс-шара ұйымдастырылды. Рейд барысында төтенше жағдайлар қызметінің мамандары, полиция қызметкерлері және жауапты мекеме өкілдері тұрғындар арасында кең көлемде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, судағы қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде жадынамалар таратты. Азаматтарға…
-
САУРАН АУДАНЫНДА «ИНВЕСТ КЕРУЕН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС КЕҢЕСІ ӨТТІ
Сауран ауданында «Инвест керуен» жобасы аясында аудан кәсіпкерлерімен жұмыс кеңесі өтті. Жиынға Сауран ауданы әкімінің орынбасары Серік Садибаев, аудан прокуроры Алмаз Асылбеков, мемлекеттік органдардың басшылары, кәсіпкерлер және инвесторлар қатысты. Кеңестің негізгі мақсаты – аудан аумағында жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалардың орындалу барысын талқылау, инвесторлардың құқықтарын қорғау, кәсіпкерлік қызмет барысында туындайтын мәселелерді қарау және оларды…
-
КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫН САҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ РЕЙД ӨТКІЗІЛДІ
2026 жылдың 15 шілдеде мемлекеттік еңбек инспекторлары Жаңа-Майқұдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, кәмелетке толмағандардың еңбегін заңсыз пайдаланудың алдын алу және анықтау мақсатында профилактикалық рейд өткізді. Рейд барысында «Doner Sushi Bar», «Курочка Ряба» қоғамдық тамақтану орындары, «Заман», «Достар» және «Алтын» мейрамханалары, «Wildberries» тапсырыс беру пункті, «Орал» автожуу орны, «Ануар» базары, «Ыстық нан» сауда павильоны, «Панда» балалар…
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында спорт алаңын тазалау жұмыстары жүргізілді
«Таза Қазақстан» акциясы аясында спорт алаңын тазалау жұмыстары жүргізілді «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауылымыздың спорт алаңында кең көлемді тазалау жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – спорт алаңын таза ұстау, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және жастарға қоршаған ортаға жанашырлықпен қараудың үлгісін көрсету. Тазалық жұмыстарына ауыл тұрғындары, жастар, оқушылар, еріктілер және мекеме қызметкерлері белсене қатысты. Қатысушылар…
-
КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Сауран ауданында аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстардың, құқықбұзушылықтардың, суицидтің және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселелеріне арналған мәжіліс өтті. Жиында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу және жауапты мекемелердің өзара іс-қимылын күшейту бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар қаралды. Мәжілісте алғашқы болып Сауран аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Түймебаев Данияр…
