Санат: Пікір
-
Шардаралық жас ақын, қаламгер Мейрамбек Әбдуәлінің «Сырлы әлем сыңғыры» кітабының тұсаукесері өтті.
2026 жылғы 12 маусым күні Шардара қаласындағы Абай мәдениет үйінде ауданның тумасы, жас ақын әрі қаламгер Мейрамбек Әбдуәлінің «Сырлы әлем сыңғыры» атты кітабының салтанатты тұсаукесер рәсімі өтті. Рухани кешке ауданның зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, мәдениет саласының қызметкерлері, жастар мен әдебиетсүйер қауым қатысып, жас қаламгердің шығармашылығына қолдау білдірді. Іс-шара барысында Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаевтың атынан…
-
Ағымдағы жылдың 10 маусымында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті жанындағы Ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.
Күн тәртібіне сәйкес Маңғыстау облысындағы аумақтық мемлекеттік мекемелердің 2025 жылдың қорытындылары және 2026 жылдың алғашқы 5 айындағы қызмет нәтижелері бойынша есептері тыңдалды. Отырыс қорытындысы бойынша анықталған ескертпелер мен кемшіліктерді жоюға бағытталған нақты тапсырмалар берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-mangistau/press/news/details/1241365?lang=ru
-
Ережеп Мәмбетұлы Мәмбетов – Шардараның өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан тұлға
Шардара ауданының тарихы – ел дамуына адал қызмет еткен азаматтардың еңбегімен өрілген шежіре. Солардың бірі – құрылыс пен өндіріс саласының білікті ұйымдастырушысы, тәжірибелі басшы Ережеп Мәмбетұлы Мәмбетов. Ережеп Мәмбетұлы 1941 жылы бұрынғы Киров ауданының Бағара ауылында дүниеге келген. Мақтаарал совхоз-техникумын және Қазақ политехникалық институтын тәмамдап, агроном әрі құрылыс инженері мамандықтарын игерді. 1966 жылы еңбек…
-
Интернет-алаяқтардан сақ болыңыз!
Қазіргі уақытта интернет және телефон байланысы арқылы жасалатын алаяқтық қылмыстарының саны артып келеді. Алаяқтар өзін банк қызметкері, құқық қорғау органдарының өкілі немесе танысыңыз ретінде таныстырып, азаматтардың жеке деректері мен қаржысын иемденуге әрекет жасауда. Осыған байланысты азаматтарға сақтық шараларын қатаң сақтау ұсынылады. Атап айтқанда, банк картасының нөмірін, CVV кодын және SMS арқылы келген растау кодтарын бөгде…
-
Омбудсмен өкілдері «Жастар және дін» атты талдамалық баяндаманың таныстырылымына қатысты.
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкілі Гүлнара Жанбекова және Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы «Еркіндік рухы» жастар құқықтары жөніндегі комиссиясының мүшесі Аяулым Дарханбек «Жастар және дін» атты талдамалық баяндаманың таныстырылымына қатысты. Іс-шараны ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы «Еркіндік рухы» жастар құқықтары жөніндегі комиссия және Халықаралық конфессияаралық және дінаралық диалог…
-
Астанада реттеуші орган үшін техникалық қолдау ұйымын құру мәселелері бойынша АЭХА-ның сарапшылық миссиясы басталды
2026 жылғы 15 маусымда Астанада Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) «Реттеуші орган үшін техникалық қолдау ұйымын (TSO) құру» тақырыбындағы сарапшылық миссиясы өз жұмысын бастады. Іс-шара АЭХА-ның Техникалық ынтымақтастық бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан KAZ2011 «Ядролық-энергетикалық бағдарламаның инфрақұрылымын дамытуға қолдау көрсету (2-кезең)» ұлттық жобасы шеңберінде өткізіледі. Миссияның жұмысы 2026 жылғы 15–18 маусым аралығында жалғасады. Іс-шараға…
-
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ ШАРУАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы, генерал-майор Ерболат Темірболатұлы Балғабаев Шардара ауданындағы шаруа қожалықтарының иелерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында Алатау батыр, Достық, Тұрысбеков және Ұзыната ауылдық округтеріндегі шаруашылық субъектілерінің өкілдері бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, шаруалар «Агропром Лизинг» МҚҰ ЖШС мен «BNK» ЖШС-мен жасалған келісімшарттар аясында енгізілуі тиіс тамшылатып суару жүйелерін орнату және…
-
ШОМЫЛУ АЙМАҒЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ МАҚСАТЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Жазғы шомылу маусымында тұрғындар мен демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Шардара су қоймасының жағалауында аудан әкімінің орынбасары, Полиция бөлімінің бастығының орынбасары, Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы және арнайы жұмысшы топтың қатысуымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында су көліктерін жүргізушілерге судағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау, белгіленген қозғалыс тәртібін бұзбау және демалушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әрекеттерге…
-
ХАБАРЛАНДЫРУ
Алға аудандық мәслихатының кезекті қырық жетінші сессиясы 2026 жылғы 24 маусымда сағат 10 – 00 – де аудан әкімдігінің ғимаратында өтеді (Алға ауданы, 5 шағын аудан, 4 үй, мәжіліс залы). Күн тәртібі: 1.Аудандық ішкі саясат бөлімінің атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы. 2.Аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі бойынша ауыл шаруашылығы саласын дамыту бойынша атқарылған…
-
Жетісу облысы Ақсу ауданы Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру бойынша аудандық жер комиссияның ашу хаттамасы
Жетісу облысы Ақсу ауданыШаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру бойынша аудандық жер комиссияның ашу хаттамасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-aksu/press/news/details/1241357?lang=kk
-
Қазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 101 жыл
15 маусым – Кеңес Одағының Батыры, мерген Әлия Молдағұлованың туған күні. Ұлы Отан соғысы жылдарында Отаны үшін отқа түсіп, ерлігімен ел есінде қалған қазақтың қаһарман қызының биыл туғанына 101 жыл, деп хабарлайды baq-orda.kz Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап. Былтыр Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойы мемлекеттік деңгейде кеңінен аталып өтті. Атап айтқанда, Әлия Молдағұлованың 100…
-
Аймақ басшысы Асхат Шахаров Димаш Құдайбергенмен кездесті
Облыс әкімі мен өнер иесінің кездесуінде аймақтың дамуы, туған қаланың өсіп-өркендеуі және мәдениет саласының перспективалары туралы әңгіме өрбіді. Димаш Құдайберген өзінің шығармашылық жоспарларымен бөліссе, Асхат Шахаров таяу уақытта өңірде іске асырылатын ірі жобаларды таныстырды. Облыс әкімі ақтөбеліктердің Димашты әрдайым қуана қарсы алып, оның әлемдік сахнадағы жетістіктерін мақтан тұтатынын атап өтті. «Ақтөбеге қош келдіңіз! Сізді…
-
БІЛІМ МЕН ПАРАСАТ БӘЙГЕСІ: ШАРДАРАДА «AL FARABI» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ОЙЫНЫ ӨТТІ
Шағалалы Шардара төрінде білім мен парасаттың, заң мен тәртіптің және қаржылық қауіпсіздіктің асқақ салтанатына айналған «AL FARABI. Заң мен тәртіп. Қаржылық қауіпсіздік» атты республикалық интеллектуалдық ойыны жоғары деңгейде қорытындыланды. Түркістан облысы әкімдігі, Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті және Шардара ауданы әкімдігінің бірлескен бастамасымен ұйымдастырылған бұл ауқымды білім додасы еліміздің әр қиырынан жиналған мыңға жуық…
-
ХАБАРЛАНДЫРУ
Құрметті инвесторлар, кәсіпкерлер және шаруа қожалықтарының өкілдері! Сіздерді Шардара ауданының прокуроры Әлі Алмас Ермекұлының қатысуымен өтетін «ИНВЕСТ КЕРУЕН» кездесуіне шақырамыз. Кездесудің мақсаты – инвесторлар, кәсіпкерлер және шаруа қожалықтарының өзекті мәселелерін анықтап, оларды шешу жолдарын қарастыру. Күні: 19 маусым 2026 жыл Уақыты: 15:00 Өтетін орны: «Абай» атындағы Мәдениет үйі Егер сізді толғандырған мәселелер, ұсыныстар немесе инвестициялық…
-
ЖАҢАШЫЛ ЖАСТАР – ТИІМДІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ КЕПІЛІ
Қоғамның дамуы мен өркендеуі көбінесе жастарға байланысты. Себебі жастар – елдің тірегі, мемлекеттің белсенді бөлігі. Олар жаңа идеяларды енгізіп, өзгерістердің көшбасшылары бола алады. Сондықтан олардың ең басты міндеті — жаңа мүмкіндіктерді пайдалана отырып, тұрақты даму үшін алға жылжу. Осы ретте, Мемлекет басшысының бастамасымен еліміздің әр өңірінде алғаш рет талантты жастар арасынан жаңашыл ойлайтын жас басқарушылардың…
