Санат: Пікір
-
«Есірткісіз әлем – есірткіге жол жоқ»: «Бастау» лагерінде спорттық-профилактикалық іс-шара өтті
Жетісу облысындағы «Бастау» жазғы сауықтыру лагерінде «Есірткісіз әлем – есірткіге жол жоқ» атты профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға «ҚосҚанат» және «Аяулы Алақан» үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қатысты. Шара аясында балалар үшін салауатты өмір салтын насихаттауға, командалық рухты нығайтуға және есірткіге деген теріс көзқарасты қалыптастыруға бағытталған спорттық эстафеталар мен қызықты ойындар өткізілді. Іс-шара барысында қатысушылар ептілік пен ұйымшылдықтарын көрсетіп…
-
Қазақстан – Сербия ғылыми ынтымақтастығы Белградта талқыланды
Белград, 2026 жылғы 8 шілде — Сербия Республикасына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиев бастаған делегация «Винча» институтына барып, ядролық ғылым және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ғылыми ынтымақтастықты дамыту перспективалары мен тәжірибе алмасуға арналған кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру мүмкіндіктерін, кәсіби байланыстарды…
-
Облыс прокуратурасы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша тікелей эфир өткізді.
«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында 2026 жылғы 10 шілдеде сағат 17:00-де облыс прокуратурасының ресми Instagram-парақшасында тікелей эфир өтті. Эфир барысында облыс прокуратурасының қызметкерлері жазылушылардың сұрақтарына жауап беріп, жаңа Конституция қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасының амнистия туралы Заңы, көлік қылмыстары, құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатындағы жеке қаулылар, басқару тәртібіне қарсы қылмыстар, «Заң және Тәртіп» идеологемасының…
-
Шымкентте «Арнайы көлікке жол бер» акциясы өтті
Шымкент қаласында Төтенше жағдайлар департаменті Полиция департаментімен бірлесіп «Арнайы көлікке жол бер» профилактикалық акциясын өткізді. Іс-шараның мақсаты – жүргізушілердің арнайы қызмет көліктеріне жол беру мәдениетін қалыптастыру және төтенше жағдайлар кезінде олардың кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету. Акция барысында өрт сөндіру автокөлігі арнайы дыбыс және жарық сигналдарын қосып, қаладағы көлік қозғалысы қарқынды көшелермен жүріп өтті. Рейд кезінде…
-
Қазақстандықтар өмір сапасын оң бағалайды – сауалнама нәтижелері
DATAmetrics компаниясы халықтың әлеуметтік көңіл-күйін сипаттайтын әлеуметтанулық зерттеу нәтижелерін ұсынады. Бұл деректер азаматтардың өмір сапасына берген бағасын, отбасының материалдық жағдайындағы өзгерістер мен болашаққа деген деген сенім деңгейін қамтыған. Бұл мәліметтер Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының тапсырысы бойынша 2026 жылғы 13 маусым мен 2 шілде аралығында жүргізілген әлеуметтанулық зерттеудің нәтижесінде анықталды. Бетпе-бет сұхбат…
-
Жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алайық!
Жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алайық! Жастар — елдің болашағы. Сондықтан олардың саналы, білімді, қауіпсіз ортада өсуі бәріміз үшін маңызды. Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу — тек құқық қорғау органдарының емес, ата-ана, ұстаз, қоғам және әрбір азаматтың ортақ міндеті. Дұрыс ақпаратқа сүйенейік, күмәнді дереккөздерден сақ болайық, жастарға сын тұрғысынан ойлау мен толеранттылықты…
-
Аутизм спектрінің бұзылысы кезінде медициналық-әлеуметтік сараптама қалай жүргізіледі
Аутизм спектрінің бұзылысы кезінде медициналық-әлеуметтік сараптама қалай жүргізіледі Соңғы жылдары аутизм спектрінің бұзылысы (АСБ) бар балалар санының артуына байланысты медициналық-әлеуметтік сараптамаға (МӘС) қатысты сұрақтар жиілеп келеді. Әсіресе ата-аналарды «Аутизм диагнозы қойылса, мүгедектік автоматты түрде белгілене ме?» деген мәселе алаңдатады.Ол мүмкін емес. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес медициналық-әлеуметтік сараптама диагноздың өзіне емес, ауру салдарынан организм функцияларының…
-
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден тауарларды импорттау кезінде ҚҚС бойынша есепке жатқызу әдісін қолдану туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттерден тауарларды әкелу кезінде қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша есепке жатқызу әдісін қолдану тәртібін түсіндіреді. Салық кодексінің 509-бабына сәйкес салық заңнамасының талаптарына сәйкес келетін ҚҚС төлеушілер есепке жатқызу әдісін қолдана алады. Есепке жатқызу әдісін қолданған кезде импортталатын…
-
Мүгедектікті сырттай проактивті рәсімдеу: мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Мүгедектікті сырттай проактивті рәсімдеу: мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін проактивті сырттай көрсету пилоттық жобасы бірлескен бұйрыққа сәйкес жүзеге асырылуда. Жоба 2021 жылғы 1 қазаннан бастап елімізде енгізілген. Пилоттық жоба аясында пациент медициналық ұйымда динамикалық бақылаудан өтіп, қажетті диагностикалық, емдеу және…
-
Трагедияға дейінгі үш минут. Полицейлер сегізінші қабаттан секірмек болған адамды құтқарып қалды
10 шілдеде сағат 13:25 шамасында 102 арнайы желісіне Степногорск шағын аудандарының бірінде белгісіз адам сегізінші қабаттың балконынан секіруге ниетті екендігі туралы дабыл қағылды.Хабарлама келіп түскеннен кейін үш минуттан соң патрульдік полиция взводының қызметкерлері полиция капитаны Дамир Нұртасов пен полиция аға лейтенанты Арман Блялов оқиға орынына келіп жетті. Сегізінші қабатқа көтерілген олар балконнан секіруге дайын тұрған…
-
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙ МАТЕРИАЛДАРЫН ЗАҢСЫЗ ӘКЕТУДІҢ 15 ӘРЕКЕТІНІҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің тапсырмаларын орындау шеңберінде, мемлекеттік шекара арқылы мұнай өнімдерінің тасымалдануына бақылауды күшейтті. Бұл жұмыс жанар-жағармай материалдарының (ЖЖМ) заңсыз әкетілуінің жолын кесуге, ішкі нарықты қорғауға және қолданыстағы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған. …
-
Оралда полицейлер 4 жасар баланы қауіптен аман алып қалды
Оралда полицейлер терезеден құлап кете жаздаған төрт жасар баланы құтқарып қалды. Бүгін сағат 14:10 шамасында “102” арнасына Орал қаласындағы Мөңкеұлы көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің 7-қабатындағы пәтер терезесіне шығып кеткен кішкентай бала туралы шұғыл хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жақын маңда болған Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкері Рысбек Агзамов қызметтік кезекшілікке…
-
Ақмола облысында өңірдің үздік тауар өндірушілері анықталды
Көкшетау қаласында «Көкшетау» мәдениет сарайының алдындағы алаңда «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқау-көрмесі өтті. Өңірлік кезеңнің жеңімпаздары республикалық кезеңде Ақмола облысының намысын қорғайды. Іс-шара отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында Ақмола облысының Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен және жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен өткізілді. «Мемлекет басшысы бірнеше рет сапалы жұмыс орындарын құрудың, азаматтардың әл-ауқатын арттырудың және тұрақты экономиканы қалыптастырудың негізі…
-
Кеніштегі қауіпсіздік: заманауи шешімдер мен бақылау
Ұлытау облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-не қарасты Жомарт кенішінде жоспардан тыс тексеру жүргізді. Шара барысында өндірістік қауіпсіздік талаптарының сақталуы және адам өмірі мен денсаулығына төнетін қауіптерді жою мәселелері басты назарға алынды. Атап айтқанда, шахтадағы көлік құралдары мен қазбаның панельдеріне персоналды позициялау және іздестіру жүйесі енгізіліп, бұған дейін анықталған бірқатар кемшіліктер…
-
Департамент тарапынан денсаулық сақтау ұйымдарының дәрігерлік-консультациялық комиссиялары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда
Департамент тарапынан денсаулық сақтау ұйымдарының дәрігерлік-консультациялық комиссиялары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда.Осылайша, 2026 жылғы 10 шілдеде медициналық-әлеуметтік сараптаманы әдіснамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы Қ.Ж. Аймурзинова, №1 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы Ж.А. Макишева, №3 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы С.К. Ахмадиева, медициналық-әлеуметтік сараптаманы әдіснамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас маманы Д.Ж. Қасимова 2026 жылдың бірінші…
