Санат: Пікір
-
Арнайы жауапкершілік бағыттарында: командир Зуфар Батыркаев
Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін, бірақ көп жағдайда көпшілік назарынан тыс қалатын маңызды құрылымдар бар. Солардың бірі – Астана қаласы ПД Патрульдік полиция мамандандырылған батальоны.Осы бөлімшеге басшылық ететін полиция полковнигі Зуфар Батыркаев – 20 жылдан астам қызмет өтілі бар тәжірибелі офицер. Ол үшін тәртіп, жеделдік және жауапкершілік ұғымдары жай ғана кәсіби талап емес, күнделікті…
-
Жамбыл облысында жастар саясатын дамыту мәселелері ашық талқыланды
Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасында Ашық есік күні ұйымдастырылып, жастармен кездесу өтті. Іс-шара барысында өңірде мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы, жастарды жұмыспен қамту, тұрғын үймен қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті дамыту, еріктілік қызметті қолдау және отбасы құндылықтарын нығайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар кеңінен талқыланды. Кездесу барысында жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету, NEET санатындағы жастармен…
-
Департамент басшысының орынбасары Рафхат Бисенов Байғанин аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссиясының кезекті отырысына қатысып, баяндама жасады
Баяндамада сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты тиімді іске асырудың маңыздылығы көтерілді, аудан деңгейінде профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігін ескертілді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілермен әдеп нормаларын сақтауға ерекше көңіл бөлу тапсырылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin/press/news/details/1241483?lang=ru
-
Алматыда алты түркі елінің жастары бас қосты
Алматыда «2025 жылғы Түркі әлемінің жастар астанасы» мәртебесі аясындағы қорытынды іс-шаралар өтті. Бес күн бойы Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстанның жастар делегациялары түркі мемлекеттері жастары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған білім беру, диалог, экологиялық, еріктілік және мәдени жобаларға қатысты. Іс-шаралар бағдарламасы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған негізгі басымдықтарға сәйкес әзірленді. Олар цифрландыру және…
-
Астанада Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиада комитетінің Бас Ассамблеясы өтті
15 маусымда Астана қаласында «Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиада комитеті» ҚБ Бас Ассамблеясының отырысы өтті. Ассамблея жұмысына ҚР ҰПК құрамына кіретін спорт федерацияларының өкілдері, Атқарушы комитет мүшелері, ұлттық құрамалардың спортшылары мен жаттықтырушылары қатысты. Отырысты ашқан Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев спорт маусымының аралық қорытындыларын шығарып, қазақстандық параспортшылардың халықаралық аренадағы жетістіктерін атап өтті. «Жуырда…
-
Балалар арасында теннистен жарыс ұйымдастырылды
Салауатты өмір салтын насихаттау және жас спортшылардың шеберлігін арттыру мақсатында балалар арасында теннис жарысы ұйымдастырылды. Жарысқа әртүрлі жас санатындағы қатысушылар қатысып, өздерінің дайындық деңгейі мен спорттық қабілеттерін көрсетті. Іс-шара барысында қатысушылар тартысты ойын өрнегін көрсетіп, жеңіске деген жігері мен табандылығын дәлелдеді. Жарыс соңында үздік ойыншылар марапатталып, барлық қатысушыларға алғыс білдірілді. Мұндай жарыстар балалардың спортқа қызығушылығын…
-
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыттары
Сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-бірне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қайсын болмасын да қатты алаңдататыны анық. Қоғамдағы белең алған ауқымды проблемалардың бірі. Ол барлық елдерде етегін кеңге жайып отыр. Әсіресе өз елімізде күннен-күнге өршіп келеді. Аталған індетке қарсы тұру, әрбір…
-
Прокуратура ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің заңсыз берілуінің жолын кесті
Екібастұз қаласының прокуратурасы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін беру бойынша өткізілген конкурс кезінде заң бұзушылықтарды анықтады. Тексеру барысында конкурсқа қатысушылардың жекелегені ауыл шаруашылығы техникасының және білікті мамандардың бар екендігі туралы шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер ұсынғаны белгілі болды. Бұл конкурстық өтінімдерді бағалау нәтижелеріне әсер еткен. Конкурс қорытындыларын зерделеу кезінде 4 лот бойынша заң бұзушылықтар анықталып, соның…
-
Алматыда алғаш рет медицина қызметкерлері арасында спартакиада өтті
Алматыда алғаш рет Медицина қызметкері күніне орай медицина қызметкерлері арасында спартакиада ұйымдастырылды. Ауқымды спорттық іс-шараны Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы «Сенім» және «Ақниет» кәсіподақтарының қолдауымен өткізді. Қаланың спорттық-сауықтыру кешенінде өткен жарысқа ауруханалар, емханалар, медициналық жоғары оқу орындары және санитариялық-эпидемиологиялық қызмет өкілдерінен құралған 10 командадан 300-ден астам медицина қызметкері қатысты. Қатысушылар шағын футбол, волейбол, шахмат,…
-
Бөкей ордасы аудандық мәслихатының кезекті 39-шы сессиясы
Бүгін 16 маусым күні аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында Бөкей ордасы аудандық мәслихатының кезекті 39-шы сессиясы өтті. Сессия жұмысын аудандық мәслхат төрағасы Лариса Қайырғалиева жүргізді. Сессияға аудан әкімінің орынбасары Кенесары Нұршинов, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Қуаныш Елемесов, тиісті сала басшылары және ауылдық округтер әкімдері (офлайн, онлайн) қатысты. Сессияның күн тәртібіне төмендегіше мәселелер…
-
Астана қаласында эстетикалық топтық гимнастикадан Әлем кубогы мен Азия чемпионаты өтті
2026 жылдың 13–14 маусым аралығында Астана қаласында эстетикалық топтық гимнастикадан Әлем кубогы мен Азия чемпионаты өтті. Бұл жарыстар аталған спорт түріндегі ең беделді халықаралық сайыстардың бірі болып саналады. Азия чемпионаты – екі жылда бір рет өткізілетін беделді құрлықтық біріншілік. Турнирдің тарихында алғаш рет Қазақстанда ұйымдастырылуы еліміздегі эстетикалық топтық гимнастиканың жоғары деңгейде дамып келе жатқанын және…
-
«Медеу» биік таулы спорт кешенінің автотұрағы уақытша жабылады
«Медеу» биік таулы спорт кешенін қайта жаңғырту жобасын іске асыру аясында биылғы жылдың 16 маусымынан желтоқсан айына дейін кешенге жақын орналасқан автотұраққа кіру уақытша шектеледі. Шектеу құрылыс-монтаж жұмыстарының жүргізілуіне және нысан аумағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты енгізіліп отыр. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды және қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз. Алматы қаласының Құрылыс басқармасы Ақпарат…
-
Ақмола облысындағы индустриялық аймақтарды дамыту перспективалары Aqmola Invest алаңында талқыланды
Aqmola Invest алаңында Ақмола облысының әкімі төрағалық еткен кеңесте республикалық маңызы бар AQMOLA және KOKSHE INDUSTRY индустриялық аймақтарын дамыту, сондай-ақ елорда маңындағы аудандарда инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері қаралды. Өңір басшысының айтуынша, индустриялық аймақтар жұмысының алғашқы нәтижелері биылғы жылдың соңына дейін көрінуі тиіс. Сонымен қатар бірқатар алаңдар бойынша жұмыстардың қарқыны жеткіліксіз деңгейде жүргізілуде. AQMOLA индустриялық…
-
Алматы қуыршақ театры Татарстандағы халықаралық фестивальде Қазақстанның атынан өнер көрсетеді
Алматы қаласының Мемлекеттік академиялық қуыршақ театры Ресей Федерациясының Татарстан Республикасының Қазан қаласында өтетін VI халықаралық «Шомбай-fest – 2026» қуыршақ театрлары фестивалінде Қазақстанның атынан қатысады. Қуыршақ театры үшін бұл ірі халықаралық мәдени жобаға қатысу ғана емес, ерекше маңызға ие оқиға болмақ. Шетелдік көрермендерге соңғы жылдардағы ең жарқын премьералардың біріне айналып, алматылықтардың ықыласына бөленген «Ортеке» спектаклі алғаш…
-
Қазақстан мен Грузия: мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы әріптестік
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен Грузияның Әділет үйі мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін дамытуға және халықпен жұмыс істеу тетіктерін жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат тараптардың тәжірибе алмасып, азаматтардың заманауи сұраныстарына сай тиімді шешімдерді бірлесіп әзірлеуге ниетті екенін айқындайды.Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының қатарында халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын ұйымдастырудағы үздік тәжірибелермен алмасу, жасанды интеллект…
