Санат: Пікір
-
Түркістан облысында полиция жол ережесін өрескел бұзған түлектер кортежін анықтады
Полиция мониторинг барысында Кентау қаласында бітіруші түлектердің заңсыз автошеру ұйымдастырғанын анықтады. Оқиға бойынша жүргізілген тексеру нәтижесінде BMW, Toyota, Mercedes-Benz, Changan, Chevrolet және Hyundai көліктерінің жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзғаны белгілі болды. Атап айтқанда, жолаушыларды тасымалдау қағидаларын сақтамау, қауіпсіздік белдігін тақпау және маневр жасау талаптарын бұзу деректері тіркелді. Аталған құқық бұзушылықтар бойынша жүргізушілерге қатысты әкімшілік…
-
КЕЛЕСТІҢ ҮШ СПОРТШЫСЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
2026 жылдың 12–15 маусым күндері Қырғыз Республикасының Ыстықкөл облысы, Шолпан-Ата қаласында жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында унифайт спорт түрінен Азия чемпионаты өтті. Халықаралық жарысқа Азия елдерінің үздік спортшылары қатысып, өзара мықтыны анықтады. Аталған чемпионатта Түркістан облысының құрамасы табысты өнер көрсетіп, жалпы 11 медаль жеңіп алды. Оның ішінде Келес ауданының үш спортшысы алтын медаль иеленіп, Азия…
-
Маңғыстау облысының полиция қызметкерлері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты
Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Маңғыстау облысы полиция департаментінің қызметкерлері қоршаған ортаның тазалығын сақтау мен абаттандыруға бағытталған сенбілік өткізді. Іс-шараға Маңғыстау облысы полиция департаментінің бастығы Сағындық Аяғанов қатысып, табиғатты аялау мен азаматтық жауапкершіліктің маңыздылығын жеке үлгісімен көрсетті. Сенбілік барысында полиция қызметкерлері аумақтарды қоқыстан тазалап, қоғамдық орындар мен іргелес аумақтарды ретке келтірді. Мұндай шаралар тұрғындардың…
-
МАКУЛАТУРАНЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУ ЖӘНЕ КАРТОН ҚАПТАМА ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ АШЫЛДЫ
Биылғы Қала күні шымкенттіктер үшін көңіл көтеретін ән мен күй мерекесі ғана емес, әлеуметтік-экономикалық дамуына қарқын беретін жаңа жобалардың, кәсіпорындардың ашылуымен де есте қалғалы тұр. Бүгін Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында «Shymkent Qagazy» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің макулатураны қайта өңдеу және картон қаптама өндіру зауыты салтанатты түрде іске қосылды. Бұл – мегаполистің өндірістік әлеуетін арттырып…
-
КЕЛЕС АУДАНЫНДА ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ ОҢ ШЕШІМІН ТАПТЫ: ЖҮЗІМДІК АУЫЛЫНДАҒЫ ЖАҒЫМСЫЗ ИІС ЖОЙЫЛДЫ
Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаевтың Жүзімдік ауылдық округінің тұрғындарымен өткен кездесуінде халық тарапынан көтерілген мәселелердің бірі өз шешімін тапты. Тұрғындар ауыл орталығындағы моншадан шығатын лас судың жағымсыз иіс таратып, маңайдағы экологиялық жағдайды нашарлатып жатқанын алға тартқан болатын. Аудан тұрғындарының жанайқайына бейжай қарамай, мәселені жеке бақылауына алған аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев тиісті сала басшыларына жағдайды дереу…
-
Маңғыстау облысы ПД СОБР қызметкері унифайттан бес дүркін Азия чемпионы атанды
2026 жылғы 12-15 маусым аралығында Қырғыз Республикасының Шолпан-Ата қаласында ересектер арасында унифайттан Азия чемпионаты өтті. Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының сапында Маңғыстау облысы полиция департаментінің Арнайы мақсаттағы жедел әрекет ету жасағының қызметкері Айболат Мұратұлы сәтті өнер көрсетіп, +95 келі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды. Жарыс барысында спортшы Тәжікстан, Үндістан, Қырғызстан және Моңғолия елдерінің мықты өкілдерін…
-
КЕЛЕСТЕГІ ШАҒЫН АУЫЛДАН КҮН САЙЫН 250 ТОННА ӨНІМ ЭКСПОРТТАЛУДА
Келес ауданына қарасты Шұқырсай елді мекенінің шаруалары ашық алқапқа жыл басынан бергі екінші өнімін егу жұмыстарын бастап кетті. Ауыл еңбеккерлері тәтті бұрышы, баклажан, жүгері секілді көкөніс дақылдарын отырғызып, жердің өнімділігін арттыруға күш салуда. Шұқырсай ауылының биі Яндашбай Әбдіқадіровтың айтуынша, ерте көктемде ауыл шаруалары өндірген өнімдерін сыртқы нарыққа шығарып, тәулігіне 200-250 тоннаға дейін көкөніс экспорттайды екен.…
-
Сегіз рұқсаттың алтауы: Петропавлда жас криминалист қылмыстарды ашуда
Петропавл қ. Полиция басқармасында бір жыл бір ай жұмыс істеп жүрген жас маманның кәсіби дайындығы көптеген тәжірибелі криминалистерден кем түспейді. Жедел-криминалистикалық бөлініс қызметкерлерінде, әдетте, сегіз рұқсаттың 3-і не 4-і ғана болса, полиция лейтенанты Дариға Байтеңізовада олардың алтауы бар. Ол мұнымен тоқтап қалмай, біліктілігін одан әрі арттыруды жоспарлап отыр. Адамдарға көмектесу, әділдік орнату деген бала күнгі…
-
КЕЛЕС: КӨЛТОҒАНДА ТӨРТ КӨШЕ ЖАҢАРЫП, КІШІ ФУТБОЛ АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ
Келес ауданындағы Біртілек ауылдық округіне қарасты Көлтоған елді мекенінде тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту және ауыл инфрақұрылымын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Соңғы жылдары ауылда жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру, әлеуметтік нысандар салу, ағын су жүйелерін жақсарту және спорттық инфрақұрылымды дамыту бойынша нақты жобалар қолға алынып, оң нәтижелер беруде. 2024 жылы ауылдың 3700 метр…
-
АККУМУЛЯТОРЛАРДЫ КӘДЕГЕ ЖАРАТУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Қала күні мерекесінде Шымкент қаласының өндірістік және экологиялық әлеуетін арттыруға бағытталған тағы бір маңызды инвестициялық жоба іске қосылды. Қаланың «Жұлдыз» индустриялық аймағында «Шымкент аккумуляторларды кәдеге жарату зауыты» ЖШС-нің жаңа өндірістік нысанының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, жобаның өңір үшін стратегиялық маңызы зор екенін атап өтті. Заманауи талаптарға сай жабдықталған…
-
Атырауда медицина саласының үздіктері марапатталды
Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында Медицина қызметкерлері күніне орайластырылған салтанатты іс-шара өтті. Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов сала мамандарын кәсіби мерекемен құттықтап, өңір медицинасының жетістіктері мен даму бағытына тоқталды. Аймақ басшысы халық денсаулығын сақтау мәселесі мемлекет назарындағы басым бағыттардың бірі екенін атап өтті. – Атырау облысының денсаулық сақтау саласы бүгінде тұрақты даму жолында. Президентіміздің…
-
Грекия Әділет министрлігінде Қазақстанның конституциялық реформаларының тәжірибесі таныстырылды
Афина, 2026 жылғы 22 маусым – Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тимур Сұлтанғожин Грек Республикасы Әділет министрлігінің Тұрақты хатшысы Василики Гиавимен кездесу өткізді. Кездесу барысында Қазақстан Елшісі грек тарапын Қазақстан Республикасында елдің қоғамдық-саяси жүйесін одан әрі дамытуға бағытталған ауқымды саяси және конституциялық реформалардың жүзеге асырылу барысымен таныстырды. Жаңа Конституцияның ережелерін іске асыруға, мемлекеттік…
-
АЛЮМИНИЙ ПРОФИЛЬДЕРІН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Шымкент қаласының өндірістік әлеуетін арттыруға бағытталған тағы бір ірі инвестициялық жоба Қала күні мерекесіне тарту ретінде іске қосылды. Бүгін «Himmel Aluminium» алюминий профильдерін өндіретін заманауи зауыттың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, жаңа кәсіпорынның өңір экономикасы үшін маңызы зор екенін айтты. Жаңа өндіріс орны өңдеу өнеркәсібін дамытуға, ішкі нарықты сапалы…
-
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ ГЕКТАРҒА ЖУЫҚ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ
Түркістан облысында барлық жер қоры 11 млн 610,3 мың гектарды құрайды. Биыл мақсатына сай пайдаланылмаған 40 мың гектар жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару жоспарланып, бүгінгі таңда 47,6 мың гектар жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен апталық аппарат мәжілісінде баяндалды. Облыс әкімі жауапты тұлғаларға бекітілген жоспарды мерзімінде…
-
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар үшін нысандардың қолжетімділігін бақылаудың жаңа тетігі енгізілуде
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарының қолжетімділігін қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Азаматтарды ақпараттандыру құралдарының бірі – еліміз бойынша 42 897 нысан туралы мәліметтерді қамтитын «Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау» ақпараттық порталының Интерактивті қолжетімділік картасы. «Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау» ақпараттық порталы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан әлеуметтік қорғау…
