СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТЕР КЕҢЕСІНІҢ БІРІНШІ ОТЫРЫСЫ: ҚР ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАРЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТЕР КЕҢЕСІНІҢ БІРІНШІ ОТЫРЫСЫ: ҚР ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАРЫ
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі академиялық және сарапшылық қоғамдастықтың жетекші өкілдерін жинаған Стратегиялық серіктестер кеңесінің бірінші отырысын өткізді. Шара барысында жоғары білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытудың негізгі мәселелері қарастырылып, алдағы жылдарға арналған стратегиялық басымдықтар айқындалды.
Стратегиялық серіктестер кеңесі сын-қатерлерді талқылау және бірлескен бастамаларды үйлестіру үшін орталық алаңға айналуға арналған және Стратегиялық серіктестердің қазандағы форумында қол жеткізілген келісімдерге сәйкес құрылды. Отырыс барысында Кеңестің құрамы мен оның 2025 жылға арналған күн тәртібі бекітіліп, басым мәселелер қаралды. Мәселен, 2025-2029 жылдарға арналған стратегиялық серіктестіктің басым бағыттары, жан басына қаржыландыру әдісін енгізу және эндаумент қорларын дамытуды қоса алғанда, Қазақстандағы ЖОО-ларды қаржыландыру моделін жетілдіру, жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету жүйесін жаңғырту мәселелері талқыланды.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек өткен жыл Қазақстанның халықаралық білім беру хабы ретінде даму стратегиясын жүзеге асырудың маңызды кезеңі болғанын ерекше атап өтті. Министрліктің мақсатты саясаты мен стратегиялық серіктестермен белсенді өзара іс-қимылының арқасында елеулі табыстарға қол жеткізілді, оның ішінде қазақстандық жоғары оқу орындарының халықаралық аренадағы ұстанымдары нығайтылды.
Кездесу барысында халықаралық университет рейтингтерінің рөліне ерекше назар аударылды. Times Higher Education жаһандық мәселелер жөніндегі бас директоры Фил Бэти қазақстандық университеттердің жаһандық рейтингтерге белсенді қатысуының және халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі Қазақстанды жетекші халықаралық білім беру орталығы ретінде таныту болды. «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының басқарма төрағасы Әділ Құсманов шетелдік студенттерді, ғалымдар мен мамандарды тартуға, сондай-ақ Қазақстанның білім беру және ғылыми бағдарламаларын әлемдік деңгейде танымал етуге бағытталған «Study in Kazakhstan» бастамасымен таныстырды. Бұл бастама қабылдау, оқу бағдарламалары, визалық қолдау және академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері туралы ақпарат беретін халықаралық студенттерге қолдау көрсететін онлайн порталды қамтиды.
Отырыста Жоғары білімді дамыту ұлттық орталық директоры Фархат Қуанғанов сөз сөйлеп, Стратегиялық әріптестік кеңесінің жұмысы туралы ереженің негізгі бағыттарымен таныстырды. Ол Кеңестің Стратегиялық серіктестер форумының шешімімен шетелдік жоғары оқу орындарымен өзара іс-қимыл және қазақстандық жоғары оқу орындарының халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі консультативтік-кеңесші орган ретінде құрылғанын атап өтті. Кеңестің негізгі мақсаты – халықаралық ынтымақтастықты ілгерілету және жоғары білімнің тұрақты экожүйесін құру бойынша ұсыныстар әзірлеу. Жұмыстың басым бағыттарына білім беру стандарттарын халықаралық талаптарға бейімдеу, жоғары білімнің заңнамалық базасын үйлестіру, академиялық ұтқырлықты дамыту, инновациялар мен технологияларды енгізу, тұрақты даму қағидаттарын біріктіру кіреді.
Кездесу ашық пікірталаспен аяқталды, оның барысында қатысушылар Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесін одан әрі дамытудың өзекті мәселелері мен перспективаларын талқылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/953062


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді