Төлеби ауданы, Ленгір қаласы Жеңіс саябағында Ұлы Жеңістің 80 жылдығы, 1991 жылы Кеңес әскерінің Таулы Қарабах жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына орай, патриоттық тәрбие бағытындағы жиын өтті.
Салтанатты жиынға аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров қатысып, ұлттық рухты көтеріп, елдік сананы қалыптастыратын маңызды шаралардың маңыздылығын түсіндірді. Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуге арналған жиынды “Таулы Қарабах” ұрыс қимылдарының ардагерлері ұйымдастырды.
Мерекелік жиында ардагерлерге құрмет көрсетіліп, жергілікті өнерпаздар патриоттық әндер шырқап, көркем шығармалар оқыды.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау