ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖИЫН ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
🇰🇿Төлеби ауданы, Ленгір қаласы Жеңіс саябағында Ұлы Жеңістің 80 жылдығы, 1991 жылы Кеңес әскерінің Таулы Қарабах жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына орай, патриоттық тәрбие бағытындағы жиын өтті.
🔰Салтанатты жиынға аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров қатысып, ұлттық рухты көтеріп, елдік сананы қалыптастыратын маңызды шаралардың маңыздылығын түсіндірді. Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуге арналған жиынды “Таулы Қарабах” ұрыс қимылдарының ардагерлері ұйымдастырды.
✅Мерекелік жиында ардагерлерге құрмет көрсетіліп, жергілікті өнерпаздар патриоттық әндер шырқап, көркем шығармалар оқыды.
©️Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді