Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік–процестік кодексі тәртібімен өтініш берудің негізгі сәттері

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2019 жылғы 2 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қазақстанхалқына Жолдауында әкімшілік әділетті енгізу қажеттігін атап өтті.

Азаматтардың конституциялық құқықтарын ең бұзылған атқарушы салада қоғамдық–құқықтық даулар ретінде қорғау міндеті қойылды.

Мемлекет басшысының осы тапсырмасын орындау үшін 2020 жылғы 29 маусымда Әкімшілік рәсімдік–процестік кодекс қабылданды, ол 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді.

Осы күннен бастап “Әкімшілік рәсімдер туралы” және “Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы “Қазақстан Республикасы заңдарының күші жойылды.

ӘРПК қабылдаудың мақсаты жария-құқықтық дауларды қарау кезінде азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін енгізу, сондай-ақ құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғаларға осы құқықтарды қалпына келтіруге мүмкіндік беретін кепілдіктерді белгілеу болып табылады.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде әкімшілік рәсімге қатысушының әкімшілік органға немесе лауазымды адамға өтініш беру құқығы көзделеді.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік–процестік кодексінің 4-бабы 1-тармағының 16-тармақшасына сәйкес өтініш – бұл әкімшілік органға немесе лауазымды адамға жазбаша (қағаз және (немесе) электрондық) немесе ауызша нысанда, сондай-ақ бейнеконференц байланыс, бейне өтініш нысанында жіберілген өтініш немесе шағым.

Ауызша нысанда берілген өтінішті өтінішті қабылдаған лауазымды адам немесе әкімшілік органның қызметкері жеке хаттамаға енгізеді.

Өтініш жазбашанысанда берілген кездеөтініште: жеке тұлғаның Т.А.Ә. (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), ЖСН (бар болса), пошталық мекен жайы, заңды тұлғаның БСН (бар болса); өтініш берілетін, лауазымды адамның, әкімшілік органның атауы; өтініштің мәні; өтініш берушінің немесе оның өкілінің қолы; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер.

Әкімшілік рәсімдік–процестік кодекстің 64 – бабының 6-тармағына сәйкес өтініш жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, әкімшілік орган, лауазымды адам өтініш берушіге өтініштің қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсетеді, оны талаптарға сәйкес келтіру үшін орынды мерзім белгілейді.

Егер өтініш беруші талаптарға сәйкес келмесе, өтініш, әкімшілік орган, лауазымды адам өтінішті өтініш берушіге қайтарады. Бұл ретте, өтінішті қайтару қайта жүгінуге кедергі болып табылмайды. Өтініш беруші әкімшілікіс бойынша шешім қабылданғанға дейін өзінің жазбаша өтініші негізінде өтінішті кері қайтарыпала алады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, өтінішті кері қайтарып алу мерзімдер сақталған жағдайда оны қайта өтініш беру құқығынан айырмайды.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, өтініш негізінде қозғалған әкімшілік рәсімді қарау мерзімі өтініш келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күнін құрайды. Өтініш негізінде қозғалған әкімшілік рәсімнің мерзімі ол қозғалған сәттен бастап есептеледі.

Өтініш негізінде қозғалған әкімшілік рәсімнің мерзімі әкімшілік орган басшысының немесе оның орынбасарының дәлелді шешімімен ақылға қонымды мерзімге, бірақ әкімшілік істі дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды белгілеу қажеттілігіне байланысты екі айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін. Бұл ретте, өтінішті қарау мерзімін ұзарту туралы Әкімшілік рәсімге қатысушыға үш жұмыс күні ішінде хабарланады. Әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіру мүмкіндігі беріледі, ол туралы Әкімшілік рәсімге қатысушыға алдын ала, бірақ Әкімшілік акт қабылданғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабарланады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-zhmb/press/news/details/979266?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді