Сарып!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  Бруцеллез – еңбекке деген қабілетті ұзақ уақытқа дейін жоғалтатын аса қауіпті ауру. Бруцеллез ауруы – жануар мен адамға ортақ жұқпалы дерттердің бірі. Бруцеллез тудырушы микробтар тобын бруцелла деп атайды. Бруцеллезбен барлық ауыл шаруашылық малдары, соның ішінде әсіресе, қой, ешкі, ірі қара және шошқа түліктері көбірек ауырады. Бруцелла бактериясы суда -3 айға дейін, мұз болып қатқан етте 10 айдан көп, сүтте 10- 30 күн, топырақта 1,5-6 ай, май, сыр, айран өнімдерінде10-3-4 ай, етте -12-47 күн, тұздалған теріде 2 ай, жүнде 2-3 ай сақталады. Бруцеллез қоздырғыштары ауру малдың етінен де, сүт өнімдерінен де жұға береді. Сондықтан сүтті тек қайнатылғаннан кейін ғана пайдалану қажет, шикі немесе шала піскен етті жеудің қатерлі екенін естен шығармау керек. Ауру сырқаттың барлық мүшесіне зиянын тигізеді. Атап айтсақ, буындардың, жүрек-қантамырларының, демалу және ас қорытужүйелерінің, зәр шығару органдарының, орталық жүйке жүйесінің, лимфа түйіндерінің, көк бауырдың жұмысын нашарлатады, көз бен құлақтың көру және есту қабілеті төмендейді. Егер толық ем қабылдамаса, адамның мүгедек болып қалуы ықтимал.

Аурудың негізгі белгілері мыналар: дене қызуының ұзақ уақыт көтерілуі, қалтырап тоңу, бастың ауыруы, әлсіреу, дененің түршігуі және қатты терлеу, әсіресе, түнге қарай бірнеше аптадан соң буындар ісініп, ауыра бастайды. Егерде осы айтылған белгілер сізді мазаласа, дәрігерлік көмекке жүгінгені дұрыс. Бруцеллез ауруының ең қатерлі, көп тарайтын мезгілі көктемгі мал төлдету мен қойқырқу кезеңі. Осы науқандар кезінде әсіресе, сақтық шараларын қатаң орындап, мал шаруашылығына араласатын адамдарды арнаулы киімдер мен резеңке қолғап, етік және тағы басқа керекті жабдықтармен қамтамасыз ету керек. Жұмыстан кейін қолды бір неше реет сабындап жуу, түсік түскен жерді арнаулы дәрімен дезинфекциялау, қолдағы ұсақ жарақаттарды уақытында емдеп, қолға арнаулы қолғап киіп жұмыс істеу-осының бәрі адамның жеке басының бруцеллез ауруынан сақтану шаралары болып табылады.

Аурудың жұғуының алдын алу үшін: – ауру жануарды уақытында анықтау және оқшаулау;

– жануарға күтім жасағанда арнайы киімді (халат, кленкалы алжапқыш, резіңке етік және қолғапты) қолдану;

-жан-жауарларға күтім жасау ережелерін сақтау;

-арнайы ерітінді мен жануар тұратын жерді залалсыздандыру;

-қауіпті топқа жататын адамдар (сауыншылар, малшылар, ет комбинатының қызметкерлері) үшін бруцеллезге еқарсы екпе қолдану;

-жүйелі профилактикалық тексеруден кемінде жылына 1 рет өту;

-жануарларға күтім жасайтын тұлғалар үшін жеке тазалық ережесін сақтау, сабынды ыстық сумен үнемі қолды жуу;

-жаңа сауылған сүтті тұтынбау, тек қайнатылған немесе пастерленген сүтті тұтыну;

-етті жылумен мұқият өңдеу қажет;

-ілеспе құжаттары жоқ ет және сүт өнімдерін жабайы сауда орындарынан сатып алмау.

Сіз осы жоғарыда айтылған қарапайым талаптарды орындай отырып, өзіңізді, жанұяңызды бруцеллез ауруынан сақтай аласыз. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген қағиданы берік есте ұстағаныңыз жөн. Аурудың адамнан адамға емес, тек ауру малдан ғана жұғатынын есте ұстауыңыз керек.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-prirechnyi/press/news/details/990598?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді