Адам папилломавирусына (АПВ) қарсы вакцинация Қазақстанның Ұлттық егу күнтізбесіне енгізілген және папилломавирустық инфекцияның, соның ішінде жатыр мойны обырының алдын алудың тиімді әдісі болып табылады.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
2024 жылдан бастап жоспарлы профилактикалық егулер тізбесі АПВ қарсы вакцинациямен толықтырылды. Бұл өзгерістер әлемде, оның ішінде Қазақстанда, онкологиялық аурулардың көбеюіне байланысты енгізілді. Жатыр мойны обыры 25-44 жас аралығындағы әйелдер арасында таралуы бойынша екінші орында. Жыл сайын Қазақстанда осы аурудың шамамен 1 900 жаңа жағдайы тіркеледі, бұл күніне бес жаңа жағдайға тең. Сондай-ақ, жыл сайын 600-ден астам әйел осы аурудан қайтыс болады.
Жатыр мойны обыры АПВ инфекциясын жұқтырғаннан кейін бірнеше жыл, кейде ондаған жылдар өткен соң дамиды. АПВ қарсы вакцина сенімді қорғаныс қамтамасыз етіп, болашақта ықтимал асқынулардың алдын алуға көмектеседі.
Ең тиімдісі – вируспен байланысқа түспес бұрын, вакцинаның көмегімен иммунитетті қалыптастыру. АПВ негізгі берілу жолы – жыныстық қатынас болғандықтан, вакцинацияны жыныстық қатынас басталғанға дейін жүргізу ұсынылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/992178?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді