Астана қаласында Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуде мемлекеттік қаржының рөліне арналған семинар ұйымдастырды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ағымдағы жылдың 13 мамыр күні Астана қаласында Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуде мемлекеттік қаржының рөліне арналған семинар ұйымдастырды. Іс-шараға Сенат Төрағасының орынбасары Ольга Перепечина, Сенат пен Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік органдардың, ғылыми-зерттеу институттарының, халықаралық ұйымдар мен жергілікті өкілді органдардың өкілдері және БҚО мәслихатының бюджет, өңірлік даму жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Ербол Салықов қатысты.
Ольга Перепечина өз сөзінде аталған семинардың Тұрақты даму саласындағы ұлттық міндеттердің орындалуын бақылау жөніндегі Парламенттік комиссия жұмысының қисынды жалғасы екенін атап өтті.
«Біз үшін, Сенат депутаттары мен Парламенттік комиссия мүшелері үшін, бюджет қаражатын тиімді пайдаланудың тетіктерін терең түсіну – 2030 жылға дейінгі күн тәртібін сәтті жүзеге асырудың негізгі факторы. Мемлекеттік қаржы – тұрақты даму саласындағы маңызды міндеттерді шешуге бағытталған қуатты құрал»,
– деді ол.
Парламенттер мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен мемлекеттік қаржыларды бақылауда маңызды рөл атқарады. Комитеттердің жұмысы, пікірталастар мен аудит арқылы парламенттер қаржылардың ашықтығын қамтамасыз етеді, мемлекеттік қаржыларды ұлттық приоритеттермен, мысалы, Тұрақты даму мақсаттарымен (ТДМ) келісуін қамтамасыз етеді және қоғамдық мүдделерді қорғайды. Тиімді бақылау кірістердің, шығыстардың және үкімет тарапынан қаржыландырудың ТДМ мақсаттарына сәйкес келуін қамтамасыз етеді, ашықтықты арттырады және мемлекеттік қаржылардың мақсатсыз пайдаланылу немесе тиімсіз бөліну қаупін төмендетеді.
2024 жылғы ТДМ жетістіктері туралы есепке сәйкес, Қазақстан ТДМ индексінде 166 елдің арасында 66-орын алды. Есепте негізгі сын-қатерлер ретінде: Тамақтанбаушылық (ТДМ 2), Сапалы білім (ТДМ 4), Таза энергия (ТДМ 7), Теңсіздік (ТДМ 10), Климат өзгерісімен күрес (ТДМ 13), Жердегі экожүйелер (ТДМ 15), Тыныштық пен әділеттілік (ТДМ 16) және Тұрақты серіктестіктер (ТДМ 17) атап көрсетілді. Сонымен қатар, ТДМ-нің салалық жоспарлармен/стратегиялармен сәйкес келмеуі және бюджетті бөлуде ТДМ-нің ескерілмеуі мәселелері көрсетілді.
2023 жылы Қазақстан Парламенті Тұрақты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің жүзеге асуын мониторингтеу жөніндегі Парламенттік комиссияны құрды. Комиссия құрылған сәттен бастап, қоршаған ортаның ластануы, су ресурстарын басқару, таза энергия, денсаулық сақтау, білім, гендерлік теңдік, тұрақты жер пайдалану және ESG аспектілері сияқты маңызды ТДМ мәселелері бойынша бірнеше пленарлық отырыстар өткізді. 2024 жылы БҰҰ ДБ Парламент депутаттарымен ТДМ жетістігінде мемлекеттік қаржылардың рөлі туралы алғашқы семинар ұйымдастырды.
Жақында Парламент Бюджет кодексіне кейбір түзетулерді бекітті, олар фискалдық тәуекелдерді басқару, фискалдық ережелер, кешенді фискалдық болжамдау, инвестициялық жобалардың ЖІӨ-ге қосқан үлесін талдау, бюджеттік бағдарламалар администраторларының өкілеттіктерін кеңейту, блочный бюджеттерді енгізу, парламенттік бақылауды күшейту және басқа да жаңа бюджеттік процедураларды енгізуді қамтиды. Бюджет кодексі тікелей ТДМ-ді жоспарлау, бюджеттеу және мониторинг жүйесіне енгізуді талап етпесе де, стратегиялық мақсаттарды бюджет қаражатымен сәйкес келтіруге мүмкіндік беретін мемлекеттік қаржыларды басқару жүйесін қарастырады.
Егер де осы өзгерістерді және олардың мемлекеттік қаржылардың тиімділігін арттыруға әсерін ескеретін болсақ, БҰҰ ДБ Комиссия мүшелері, Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері және Экономикалық зерттеулер институтының қатысуымен келесі мәселелерді талқылау үшін бір күндік семинар өткізеді:
• Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) мемлекеттік фискалдық саясатқа, яғни кірістерге, шығыстарға және қаржыландыруға енгізуді қалай жүзеге асыруға болады және олардың ТДМ-ге әсерін бағалаудың қандай әдістері бар?
• Қаржылық тәуекелдер туралы мәлімдеме, фискалдық ережелер, мемлекеттік инвестицияларды басқару, фискалдық шеңберлер және бюджет саясатын қолдана отырып, әлеуметтік, экономикалық және экологиялық мәселелерге назар аударуды қалай күшейтуге болады?
• Комиссияның теңсіздік, климат саясаты және биоалуантүрлілікті қорғау сияқты кросс-жоспарлы мақсаттарға қатысты саясат пен бюджет талдауында қолдана алатын әдістері мен құралдары.
Семинардың мақсаты – климаттың өзгеруімен күрес, энергетикалық өтпелі кезең және теңсіздікті қысқарту сияқты маңызды бағыттарда фискалдық саясаттың ұлттық контексті бойынша диалог жүргізу, сондай-ақ ғаламдық тәжірибелер, құралдар мен әдістемелерді талқылау. Семинарды ТДМ-ге қол жеткізу мақсатында мемлекеттік қаржылар мәселелері бойынша БҰҰ ДБ-ның ғаламдық сарапшылары өткізеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zko/press/news/details/996924?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді