
Мемлекет басшысы мемлекет тарапынан саланы одан әрі қолдай отырып, аграрлық секторды дамыту бойынша нақты бағдарларды атап өтті. Агроөнеркәсіптік кешен экономикалық өсудің негізгі қозғаушы күштерінің біріне айналуы тиіс.
Ағымдағы жылы агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау бағдарламаларын іске асыруға облысқа 47,3 млрд. теңге бөлінді, оның 32 млрд. теңгесі бүгінгі күнге игерілді.
Өткен жылдан бастап отандық өндірістегі минералды тыңайтқыштарды аванстық субсидиялау жұмыс істейді. Бағдарлама отандық өндірушілерге тыңайтқыштар құнының 60%-ын аванстық аударуды қарастырады. АӨК субъектілері қалған 40% зауыттарға төлейді.
Ағымдағы жылдың басынан бастап отандық өндірушілерге 3,8 млрд. теңге аударылды. Субсидияланған тыңайтқыштардың көлемі 35 мың тоннаны құрады.
Көктемгі егіс жұмыстарына жеңілдікпен кредит беру бағдарламалары бойынша ауыл шаруашылығы құрылымдары «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ арқылы бөлінген қаражаттан қаржыландырылады.
«Кең Дала 2» бағдарламасы бойынша «Тобыл» ӘКК» АҚ арқылы 20,1 млрд. теңгеге несие желісі ашылды. Ағымдағы кезеңде қаражат толық көлемде игерілді.
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-на «Кең Дала 2» бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығы құрылымдары 24,6 млрд. теңге сомасына өтінім берді. Олар бойынша 20 млрд. теңге берілді.
Сондай-ақ, «Кең Дала» бағдарламасы бойынша 10,1 млрд. теңгеге өтінім беріліп, 9,2 млрд. теңге берілді.
«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдары 5 млрд. 035 млн. теңгеге өтінім берді. Оның ішінде ағымдағы жылғы егіннен 95,3 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімін қайтара отырып, ағымдағы кезеңде қаржыландыруға 4 млрд. 987 млн. теңге бекітілді.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден өтінімдерді қабылдау және қарау жалғасуда.
Ағымдағы жылдың далалық жұмыстарын жүргізуге бөлінген жеңілдетілген кредит беру бағдарламалары бойынша қаржыландыру қаражаты жеткілікті.
Ауыл тұрғындарына микрокредит беру және инвестициялық жобаларды қаржыландыру бағдарламалары жұмыс істейді.
Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тираждау бағдарламасын іске асыру шеңберінде облыстың соңғы 2 жылында 20 млрд. теңге бөлінді (2023 жылы – 15 млрд. теңге, 2024 жылы – 5 млрд. теңге).
Бұл қаражат толық көлемде игерілді. Тауарлы сүт фермаларын салу бойынша 7 жобаға және суармалы егіншіліктің 2 жобаға кредит берілді.
Ағымдағы жылға 17 млрд. теңге бөлу жоспарланған.
«Ауыл Аманаты» ауыл тұрғындарына микрокредит беру бағдарламасы бойынша ағымдағы жылға 242 жұмыс орнын құра отырып, 222 микрокредит беруге 1,5 млрд. теңге бюджет қаражатын бөлу көзделген.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-auyal-zharuazhalyk-zher/press/news/details/996999?lang=kk
Жауап қалдыру