
Жаз келді, күннің жылуына байланысты өрт сөндірушілер мен орманшылардың алаңдаушылықтары көбейе түседі. Күре жол бойында, егістікте, орманда құрғақ шөптердің жануы жылдан жылға қайталанып отырады. Әсіресе егістіктегі былтырғы жылғы сабандарды жаппай жағуы қатты алаңдатады. Әрине, құрғақ қоқыстар мен басқа да заттардан құтылудың оңай жолы – жағу, бірақ та оның қауіпті екендігін ұмытуға болмайды. От әсіресе желді күндері тез күшейеді. Ондай жағдайда отты сөндіру өте қиынға соғады. Үнемдеудің салдарынан өндірістер мен кәсіпорындар үлкен шығынға ұшырауы мүмкін.
Жыл сайын оқу – жаттығулар жұмыстары жүргізіледі, олар алқаптағы және ормандағы өрт ошақтарын жоюға, тез шешім қабылдауға көмек береді. Бұл жерде нағыз өрт, өртпен күресуде барлық тиімді әдістер мен шаралар іске асырылады.
Мемлекеттік орман қоры аумағында қандай да бір жұмыс істейтін немесе орманда объектілері бар барлық кәсіпорындар, басқармалар мен ұйымдар жұмыс орнында немесе объектіге жақын жерде дала өрті шыққан жағдайда міндетті түрде өртті сөндіруге барлық шараларды, яғни өз күшітерімен және құралдарды пайдалануы керек. Егер ондай мүмкіндік болмаса, тез арада орманшаруашылығы қызметкерлеріне, өртке қарсы қызметіне, полицияға немесе жергілікті атқарушы органдарға оттың шыққан орнын хабарлау керек.
Алқап өрттерін сөндіру кезіндегі сіздің әрекетіңіз:
-жалынды кенептермен, басқа да қолдағы құралдармен сөндіріңіз;
-егер қолда техника болса, өрт болған учаскені оруға немесе жерді жыртып қорғаныс жүргізіңіз;
-өрт сөндіру кезінде бәрінен бұрын оттың таралуын тоқтату керек, содан кейін қарқынды жанған жердегі отты сөндіру керек. Сонымен қатар судың ағысын жалынға емес, жанып жатқан заттың үстіне құю керек.Мүмкіндік болса, жанып жатқан өрт апатын тоқтату үшін оған қарсы өрт қою керек.
Азамтардың қызметі өрттің шығуына, қоршаған ортадағы адамдардың денсаулығына зиян келтіретін болса, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Өнеркәсіптік және тұрмыстық қоқыстарды жинақтағанда және жаққан кезде өрт қауіпсіздігі ережелері мен атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі талаптарды сақтамағаны үшін кінәлі адамдар ҚР ӘҚБтК 336 баб. бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Құрметті Аягөз ауданың тұрғындары және қонақтары!
Тағы да Сіздерді ескертеміз: қоршаған ортаны қорғау мақсатында елді мекендерде, алқап және орман алқаптарында шөптердің қалдақтарын, сабандарды, тұрмыстық қалдықтарды, қоқыстарды және т.б. жағуға тыйым салынады. Табиғатта жүріп, жанған сіріңкені және шылым қалдықтарын, қоқыста бықсып жанатын материалдарды қалдырмаңыздар. Жалынды жаққан кезде оның шетін қоршай қазу керек. Кетер кезде оттың орнын сумен немесе топырақпен жабу керек, отты толық сөндіру керек. Шыны ыдыстарды және шыны қалдықтарын орманда қалдырмаңыздар.
Отпен абай болыңыз!
Өрт-тілсіз жау!
Аягөз ауданың төтенше жағдайлар бөлімі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-ayagos/press/news/details/1012004?lang=kk
Жауап қалдыру