Қыздарды адам папиллома вирусына қарсы вакцинациялау

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы қаласы мектептерінің медициналық кабинеттерінде 2024 жылдың 30 қыркүйегінен бастап 11 жастағы қыздарға адам папиллома вирусына қарсы (бұдан әрі – АПВ) жоспарлы вакцинациялау, сондай-ақ 12, 13 жастағы қыздарға вакцинация жалғасуда.

 

20.06.2025 жылы қала бойынша АПВ-ға қарсы бірінші дозамен барлығы 10293 қыз вакцинацияланды, оның ішінде 11 жаста – 4429 және 12 – 13 жаста – 5864 қыз вакцинацияланды. АПВ-ға қарсы екінші дозамен барлығы 4171 қыз вакцинацияланды, оның ішінде 11 жаста – 1216 және 12 – 13 жаста – 2955 қыз вакцинацияланды. Вакцинацияланған қыздар арасында вакцинациядан кейінгі қолайсыз жағдайлар тіркелмеген.

 

Вакцинациялауға рұқсаты бар медицина қызметкерлер, егілетін адамдарды қарап -тексеруден өткізіп, вакцинациялауды жүргізуге ата – анасынан (заңды өкілдерінен) келісім алғаннан кейін жүргізеді.

 

АПВ-ға қарсы Вакцинация Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында (бұдан әрі – ДДСҰ) сертификатталған, 6 ай аралығымен 2 дозадан тұратын, Қазақстан Республикасында тіркелген АҚШ – тың 4 валентті «Гардасил» вакцинасын қолданады. Бұл вакцина АПВ 6,11,16 және 18 түрлерінен қорғайды.

 

Вакцинада тірі вирустар жоқ, инфекцияны тудырмайды және репродуктивті функцияға әсер етпейді! ДДСҰ 9 жастан 14 жасқа дейінгі қыздарды, жыныстық қатынас басталғанға дейін вакцинациялауды ұсынады.

 

Қазіргі уақытта қыз балаларды егу арқылы АПВ онкогендік түрлерінен қорғауға болады. Мектеп немесе емхананың егу кабинетінде жүргізіледі.

 

Ата-аналарға 11 жастан 13 жасқа дейінгі қыздарды АПВ-ға қарсы вакцинациялау ұсынылады.

 

Елімізде жыл сайын 1900 – ге жуық әйелде жатыр мойны обыры анықталады, оның ішінде 600 әйелде қолайсыз нәтиже көрсетіледі, статистикаға сәйкес, күн сайын 2 әйел жатыр мойны обырынан қайтыс болады.

 

АПВ-ның 200 – ден астам түрі белгілі, олардың 40 – тан астамы жыныс аймағына әсер етуі мүмкін және кем дегенде 14 – і онкологиялық ауруларды тудыруы мүмкін.

 

АПВ беріледі:

– жұқтырған АПВ-мен жанасу кезінде тұрмыстық байланыс жолы арқылы;

– тері және шырышты қабаттар;

– жыныстық қатынас кезінде;

– босану кезінде анадан балаға АПВ берілуі мүмкін.

 

АПВ – ға қарсы Вакцинация баланың өміріндегі маңызды қадам болып табылады, өйткені онколонкологиялық аурулардың алдын алудың тиімді, қауіпсіз әдісі және көптеген жылдар бойы қорғауды қамтамасыз етеді!

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1024192?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді