Зоонозды инфекциялардың алдын алу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Зоонозды инфекциялар – бұл жануарлар мен адамдарға ортақ жұқпалы аурулар. Көбінесе зоонозды инфекцияларды адамдарға жұқтырудың көзі мен факторы үй жануарлары мен олардың өнімдері болып табылады. Зоонозды инфекцияларға бруцеллез, листериоз, лептоспироз, иерсиниоз, токсоплазмоз, эхинококкоз, құтыру т.б. жатады. Зоонозды инфекциялар науқастан сау адамға жұқпайды.

 

Алматы қаласында жыл сайын тұрғындар арасында бруцеллез, листериоз, иерсиниоз жағдайлары тіркеледі. Зоонозды инфекциялармен ауыратын адамдардың негізгі жұқтыру көзі, жануарлардан алынатын өнімдерді қолданғандықтан, әсіресе шикі сүт, пастерленбеген сүт қышқылы өнімдері: (қаймақ, сүзбе, ірімшік, құрт, май)  .

 

Бруцеллез тұмауға ұқсас симптомдармен басталатын ауру. Ауру асқынған кезде артрит, жүрек аурулары және мидың зақымдалуына әкеледі. Ауруды анықтау үшін міндетті түрде зертханалық зерттелуі қажет.
Бруцеллез кезіндегі негізгі жолдар мен факторлар стихиялық сауда кезінде қолдан сатып алынған шикі сүттен және пастерленбеген қышқыл-сүт өнімдерін тұтыну болып табылады. Халықтан сүт және сүт қышқылы өнімдерін пастерлеуден өткен сүт зауыттарынан шыққан қоғамдық тамақтану орындары және дүкендерден сатып алуды сұраймыз.

 

Тағы бір айта кететін жағдай, Алматы қаласы тұрғындары, әсіресе балалардың жазғы демалыста ауылдық жерлерге баруы жұқтырудың негізгі көзі болып табылады, онда жануарлармен байланыста болады және оның өнімдерін қолданғандықтан бруцеллезбен қатар басқа да зооноздық ауруларды жұқтырады.

 

Листериоз және иерсениоз инфекцияларын жұқтырудың негізгі факторлары, жануарлармен байланыс, нашар термиялық өңдеуден өткен тағамдарды пайдалану, сонымен қатар үй шаруашылығында кеміргіштердің болуы.

 

Алматы қаласының аумағында ұсталынған кеміргіштердің зертханалық тексеру кезінде 1,3 пайызы листериоз жұқтырғандығы анықталды. Олар листерия қоздырғыштарын нәжістерімен қоса сыртқа шығарып, қоршаған ортаны, әсіресе көкөністер мен жемістерді ластайды. Адамдар мен жануарлар ластанған азық-түлік өнімдерін тұтынған кезде ауруды жұқтырып алады.

 

Сондықтан Алматы қаласының тұрғындары сатып алынған барлық мал шаруашылығы азық-түліктерін термиялық өңдеуден өткізіп, көкөністер мен жемістерді мұқият жууы керек.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1044633?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version