Сайлау комиссияларының құрамынан шығып қалған азаматтардың орнына мүшелерін сайлау.
«Қазақстан Респбликасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңына сәйкес, Төлеби аудандық мәслихаты сайлау комиссияларының құрамынан шығып қалған азаматтардың орнына мүшелерін сайлау жөніндегі жұмыстардың басталғанын хабарлаймын.
Заңға сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін саяси партиялардың ұсыныстары негізінде тиісті мәслихаттар сайлайды.
Әрбір саяси партия және қоғамдық бірлестік немесе олардың құрылымдық бөлімшелері әрбір сайлау комиссиясының құрамына тек бір ғана үміткер ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатура ұсынуға құқылы.
Сайлау комиссияларының мүшелігіне тиіс мерзімде саяси партиялардан ұсыныстар болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге де қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Тиісті өкілеттігі бар саяси партиялардың және өзге де қоғамдық бірлестіктердің немесе олардың құрылымдық бөлімшелерінің ұсыныстары осы хабарлама жарияланған күннен бастап, 2026 жылдың 29 сәуір күні сағат 18-00-ге дейін аудандық мәслихатта (үзіліс–13:00-ден бастап 15:00-ге дейін) қабылданады.
Мәслихаттың орналасқан мекен-жайы: 161100, Леңгер қаласы, Айтекеби көшесі 28 үй
Аудандық мәслихаттың төрағасы – Қойбағаров Нұрлан Хамзаұлы
Жауапты адам – Кемелов Бахытжан Сейітмұратұлы 219 –каб, тел: 87254761072, 8701-441-50-05, электрондық почта tolebi_maslihat @mail.ru.
Заңға сәйкес, тиісті өкілеттігі бар саяси партиялар және өзге де қоғамдық бірлестіктер немесе олардың құрылымдық бөлімшелері 2026 жылдың 29 сәуір күні сағат 18-00 дейін нақты сайлау комиссиясына ұсынылатын үміткерлердің тізімін Төлеби аудандық мәслихатына форма бойынша жолдайды: аумақтық, округтік, учаскелік сайлау комиссияларының номері, комиссияның орналасқан орны, үміткердің аты-жөні, тегі, туған жылы, айы, күні, ұлты (көрсетуі үміткердің қалауына қарай), білімі, мамандығы, жұмыс орны, атқаратын қызметі, соттылығы туралы, қызмет телефоны, үйінің мекен жайы, үйінің телефоны, саяси партияның немесе қоғамдық бірлестіктің (көрсетуі үміткердің қалауына қарай) мүшесі болып табылатындығы туралы деректер ұсынады. Тізімге саяси партияның, өзге де қоғамдық бірлестіктердің немесе олардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қол қояды.
Жоғарыда көрсетілген формаға қосымша:
1) Заңға сәйкес, тиісті өкілеттігі бар саяси партиялар және өзге де қоғамдық бірлестіктер немесе олардың құрылымдық бөлімшелерінің тиісті сайлау комиссиясының құрамына үміткер ұсыну туралы мәжіліс хаттамасының көшірмесі.
2) Саяси партиялардың және өзге де қоғамдық бірлестіктердің немесе олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарында тіркелгендігі туралы құжатының көшірмесі.
3) Үміткердің нақты сайлау комиссиясының мүшесі болуға келісімі туралы өтініші.
Сайлау комиссиясының мүшелері тиісті комиссия орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруы шарт және комиссия мүшелері жақын туысқандар болмауға тиіс.
Сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы сайлау туралы Конституциялық заңының 23 бабы 3 тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда бір ұйым қызметкерлері болмауы тиіс.
Сайлау комиссияларының орналасқан орны жайлы қосымша мәліметтерді тікелей Төлеби аудандық мәслихатынан немесе осы хабарламада көрсетілген байланыс телефоны арқылы алуға болады.
Төлеби аудандық мәслихаты, Төлеби аудандық аумақтық сайлау комиссиясы, №6 және №7 округтік сайлау комиссиялары, №729, №942, №942, №787, №727, №731, №733, №736, №739, №739, №744, №755, №755, №756, №756, №759, №764, №776, №781, №787, №923 учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлайды.
Аудандық мәслихаттың
төрағасы Н. Қойбағаров
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-tolebi/press/news/details/1200601?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау