1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі аясында Ақтөбе облысы полиция департаментінің қызметкерлері Достық үйіне барып, мерекелік кездесу өткізді.
Іс-шара барысында қатысушылар еліміздегі этносаралық татулық пен қоғамдық келісімнің маңыздылығы жөнінде пікір алмасып, түрлі этнос өкілдерінің мәдениетімен және салт-дәстүрлерімен танысты.
Қазіргі уақытта Ақтөбе облысының полиция департаментінде әртүрлі ұлттардың өкілдері абыройлы қызмет етеді.
Олар тергеушілер, жедел уәкілдер, криминалистер, байланыс, кадр қызметкерлері, қаржыгерлер, учаскелік инспекторлар мен арнайы жасақ жауынгерлері және тағы басқалар.
Полиция қатарындағы әрбір қызметкер жауапкершілік жүгін айқын сезініп, елімізде заң мен тәртіпті қамтамасыз етуде бірлік пен ынтымақтастың рөлін терең түсінеді.
«Мұндай кездесулер өзіме қатты ұнайды. Бұл біздің Отанымыз үшін кеудемізде мақтаныш сезімін орнатып, патриоттығымызды арттыра түседі деп ойлаймын. Елімізде бейбітшілік пен келісімнің салтанат құруы жолында абыройлы қызмет етуге біз әрдайым дайынбыз» – дейді тағылымды шара қатысушысы – Ақтөбе облысы полиция департаменті Арнайы және кәсіби даярлық басқармасының аға инспекторы Элнур Исмаилов.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-aktobe/press/news/details/1213072?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау