AlmaU Management Conference: AI, ESG және BANI дәуіріндегі басқарудың жаңа модельдері

Жарияланды:

Автор:

категорияда ,

2026 жылғы 5 мамырда Almaty Management University (AlmaU) қабырғасында I Халықаралық «AlmaU Management Conference » конференциясы өтті. Іс-шара қазіргі заманғы менеджменттің өзгеру үрдістерін талқылауға

академиялық қауымдастық өкілдерін, бизнес басшыларын және пікір көшбасшыларын жинады. Конференция сарапшыларды басты сын-қатерлер – жасанды интеллектті енгізу, ESG бағытының дамуы және BANI ортасында көшбасшылықтың жаңа модельдерін қалыптастыру мәселелерін талқылау үшін біріктірді. Қатысушылар басқару тәсілдерінің трансформациясы мен болашақ көшбасшылардың негізгі құзыреттерін қарастырды.

AlmaU ректоры Тимур Булдыбаев іс-шараның ашылу салтанатында:

«AlmaU үшін бұл конференция – білім, зерттеу және кәсіпкерлік рухының синергиясы арқылы қоғамды өзгертуге бағытталған миссиямыздың көрінісі. Біз жай ғана білім беру кеңістігін емес, жаңа идеялар, шешімдер мен мағыналар қалыптасатын интеллектуалдық экожүйе құруға ұмтыламыз», – деп атап өтті.

Конференция модератор ретінде PMI Kazakhstan Chapter президенті Азамат Тоимбетов тағайындалған пленарлық сессиямен жалғасты. Сессия барысында технологиялардың, құндылықтардың және адами капиталдың қазіргі менеджменттегі рөлін түсінуге арналған түрлі тұжырымдамалық көзқарастар ұсынылды.

Эквадор Халықаралық университетінің (Кито) қызметкері, іскерлік әкімшілік және менеджмент саласындағы философия докторы, қолданбалы жасанды интеллект магистрі María Stefanie Vásquez Peñafiel өз баяндамасында:

«Біз әрбір шешім қабылдағанда, әсіресе жасанды интеллектке сүйенгенде, этика мен жауапкершілікті ескеруіміз керек. Бүгінгі таңда көптеген зерттеулер дәлелі бойынша, ChatGPT, DeepSeek немесе Gemini сияқты құралдарды пайдаланғанда «галлюцинация» деп аталатын қателіктер кездесу ықтималдығы жоғары. Кейбір жағдайларда олардың деңгейі 40%-ға дейін жетуі мүмкін. Сондықтан AI көмегімен алынған нәтижелерді үнемі қайта тексеру өте маңызды», – деді.

Тақырыпты геосаяси ойшыл, бестселлер авторы, Джон фон Нейман атындағы Университеттің экс-президенті, AUAP елшісі Norbert Csizmadia жалғастырды. Ол «көгілдір аймақтар» тұжырымдамасы – ұзақ мерзімді дамуға бағытталған білім беру экожүйелерімен таныстырды:

«Бүгін біз болашақ бағытының өзіндік формуласын іздеп жатырмыз. Әр елдің өзіндік интеллектуалдық даму көзі бар. Бірінші элемент – көзқарас. Екіншісі – осы көзқарасты қолдайтын берік құндылықтар. Үшіншісі – дәстүрлі мен заманауидің “ақылды үйлесімі”. Төртіншісі – жаңа технологиялар арқылы бейімделу мен өтемақы. Бесіншісі – білім. Алтыншысы – таланттарды дамыту арқылы қалыптасатын болашақ. Қарапайым тілмен айтқанда, ертеңгі күннің фокусын үш сөзбен білдіруге болады: табиғат, мәдениет және болашақ. Ал болашақ – бұл таланттар, білім, технологиялар және капиталдың тиімді үйлесімі. Мен Орталық Азия жаһандық дамудың келесі маңызды кезеңіне айналады деп сенімдімін. Осы тұрғыдан Қазақстанның бірегей артықшылықтары бар: бай мәдениет, мықты табиғи база, талантты адамдар және бірлесіп жұмыс істей алатын университеттер. Болашақты талантты тұлқалардың қолында және Қазақстан осы бағытта алға жылжып келеді».

Өз кезегінде, Қазақстанда жасанды интеллектті дамыту Qaz.AI қауымдастығының төраға орынбасары Анар Тулеубаева болашақ басшылардың деректерді бизнес-құндылыққа қалай айналдыратынын баяндады:

«Болашақ басқарушылар – деректерді, құндылықтарды және сандардың артындағы нақты адамдарды бір мезгілде назарда ұстайтын мамаңдар. Мұндай басқарушылар үшін AI бәсекелес те, сиқырлы жәшік та емес.Ол шешімдерді нақтылауға болатын рефлексиялық серіктес».

Пленарлық сессияда менеджмент мектебінің Senior Lecture, Білім және i5, PRME Chapter Eurasia вице-төрағасы Aurora Diaz-Soloaga, Э. ғ. к., AlmaU Президентінің кеңесшісі, ҚР Ұлттық Банкінің  экс-төрағасы Қадыржан Дамитов, Алматы Азаматтық Альянсының төрағасы, PhD, ҚБТУ профессоры Каиржан Абдыхалыков,  Freedom Holding Corp ESG-бағытының атқарушы директоры Айнур Тулегенова және «Қазгипронефтетранс» инжинирингтік компаниясының бас директоры, бизнес-информатика магистрі, Harvard Business School және University of Oxford түлегі Александра Бекишева  қатысты.

Бірінші талқылау секциясы жасанды интеллект және бизнестің цифрлық трансформациясы тақырып аясында өтті. Модератор ретінде BCC HUB жүйелік талдаушысы Алина Ерошкина болды. Секция аясында қатысушылар AI-дің дайындалуына бизнес-үдерістерге әсерін, мамандықтардың өзгеруін және технологиялардың мемлекеттік басқаруда қолданылуын талқылады.

Қатысушылар:

  1. Диас Кумарбеков, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ сарапшысы, ҚБТУ аға оқытушысы, AI-дің стратегиялық талдау мен шешім қабылдаудағы рөлін баяндады;
  2. Анар Тулеубаева, Qaz.AI төраға орынбасары;
  3. Алуа Мусралина, UMAIA CEO, ML/DL инженері, ex-Daimler және Audi;
  4. Еркин Тикенов, Incide Travel CEO, туризм саласының сарапшысы;
  5. Мухтар Лекер, Ezapp Logistic Technologies серіктес негізін қалаушысы.

Екінші талқылау секциясы ESG және корпоративтік басқару мәселесіне арналды. Қатысушылар корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктен ESG модельдеріне көшуді, сондай-ақ тұрақты даму қағидаттарын бизнес-үдерістерге интеграциялауды қарастырды.

Қатысушылар:

  1. Ирина Горбачева, Sustainability Solutions директоры – ESG арқылы бизнесті трансформациялау туралы әңгімеледі;
  2. Зікрия Нұрсұлтан, Freedom Holding Corp. Senior ESG Manager – ESG-ні тәуекелдерді басқару жүйесіне интеграциялау тәжірибесімен бөлісті;
  3. Рафис Абазов, Халықаралық жасыл және тұрақты даму институтының директоры, ҚазҰАИУ проректоры;
  4. Лариса Когутенко, ЮНЕСКО өкілі;
  5. Жания Хайбуллина, AlmaU Тұрақты даму орталығының директоры.

Үшінші талқылау секциясында BANI ортасындағы басқару және көшбасшылық, тұрақсыздық жағдайындағы басқару тәсілдері мен көшбасшыларға қойылатын жаңа талаптар талқыланды. Спикерлер қатарындаKRIDA фитнес-клубының CEO -сы Валихан Тен, тұрақсыз ортада командаларды басқару тәжірибесімен бөлісті және Гульшат Садықова, Starbucks HR-директоры – VUCA-дан BANI және SHIVA-ға дейінгі басқару модельдерінің эволюциясына тоқтады.

Конференцияда практикалық воркшоптар да өтті. Қатысушылар Иван Ряпосовтың жетекшілігімен Urban data Workshop, урбанистика институтының Professor of Practice жұмысына қатысты, онда AI және бейне аналитика қалалық ұтқырлықты талдау және қалалық ортаны жобалау үшін қолданылады.

Сонымен қатар, AlmaU нейромаркетинг зертханасының басшысы Акдана Абужалитова және AlmaU Менеджмент мектебінің аға оқытушысы Александра Панкратова әзірлеген заманауи нейромаркетинг құралдарына арналған Neuro-Tools Workshop өтті.

Конференция қазіргі заманғы менеджменттің трансформациясын талқылауға арналған маңызды алаңға айналып, академиялық зерттеулерді, бизнестің практикалық тәжірибесін және технологиялық көзқарастарды біріктірді. Ұсынылған талқылаулар мен воркшоптар қатысушыларға тәжірибе алмасуға ғана емес, технологиялар, тұрақты даму және адами капиталдың синтезіне негізделген жаңа басқару модельдері туралы тұтас түсінік қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Іс-шараның нәтижесі – ғылым мен практика арасындағы диалогтың нығаюы, сондай-ақ жаһандық белгісіздік пен технологиялық өзгерістер жағдайында басқару ойының негізгі даму бағыттарының айқындалуы болды.


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді