Сегізінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХLVІІ-сессиясын шақыру туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 19-бабы 3-тармағы 1-1)тармақшасына сәйкес сегізінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс                        ХLVІІ-сессиясы 2026 жылдың 13 мамырында сағат 1100-ге Т.Рысқұлов ауылына шақырылсын.

 

 

Аудандық мәслихаттың

төрағасы                                                                                   С.Сарсенбаев                                                                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түлкібас аудандық мәслихатының депутаттары мен

аудан халқының назарына

 

 

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабына сәйкес сіздердің назарларыңызға сегізінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс  ХLVІІ-сессиясы 2026 жылдың 13 мамырында     сағат 1100-де Т.Рысқұлов ауылында аудандық әкімдіктің мәжіліс залында өтетіндігін хабарлаймын.

Мекен жайы: Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі, 201 үй, (3 қабаттағы мәжіліс залы).

Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 0900-ден бастап жүргізіледі.

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен мәжілісі 2026 жылдың 13 мамырында сағат 1000-де өтеді.

Сессия қарауына енгізілетін мәселелер:       

  1. Аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 22 желтоқсандағы №41/1-08 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
  2. 2025 жылға арналған аудан бюджетінің атқарылуы туралы
  3. 2025 жылға арналған Түлкібас ауданындағы кент және ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы
  4. «Түлкібас ауданының елді мекендердің жеріне (үй маңындағы учаскелерді қоспағанда) арналған базалық салықтық мөлшерлемелерін арттыру туралы» Түркістан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 2018 жылғы 14 қыркүйектегі  №30/3-06 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
  5. Түлкібас ауданы Ақбиік ауылдық округі Абайыл елді мекенінің шекарасын өзгерту және белгілеу туралы

 

Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.

 

 

Аудандық мәслихаттың

төрағасы                                                                              С.Сарсенбаев

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan-tulkubas/press/news/details/1216074?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version