«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 19-бабы 3-тармағы 1-1)тармақшасына сәйкес сегізінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХLVІІ-сессиясы 2026 жылдың 13 мамырында сағат 1100-ге Т.Рысқұлов ауылына шақырылсын.
Аудандық мәслихаттың
төрағасы С.Сарсенбаев
Түлкібас аудандық мәслихатының депутаттары мен
аудан халқының назарына
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабына сәйкес сіздердің назарларыңызға сегізінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХLVІІ-сессиясы 2026 жылдың 13 мамырында сағат 1100-де Т.Рысқұлов ауылында аудандық әкімдіктің мәжіліс залында өтетіндігін хабарлаймын.
Мекен жайы: Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі, 201 үй, (3 қабаттағы мәжіліс залы).
Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 0900-ден бастап жүргізіледі.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен мәжілісі 2026 жылдың 13 мамырында сағат 1000-де өтеді.
Сессия қарауына енгізілетін мәселелер:
- Аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 22 желтоқсандағы №41/1-08 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- 2025 жылға арналған аудан бюджетінің атқарылуы туралы
- 2025 жылға арналған Түлкібас ауданындағы кент және ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы
- «Түлкібас ауданының елді мекендердің жеріне (үй маңындағы учаскелерді қоспағанда) арналған базалық салықтық мөлшерлемелерін арттыру туралы» Түркістан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 2018 жылғы 14 қыркүйектегі №30/3-06 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
- Түлкібас ауданы Ақбиік ауылдық округі Абайыл елді мекенінің шекарасын өзгерту және белгілеу туралы
Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.
Аудандық мәслихаттың
төрағасы С.Сарсенбаев
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan-tulkubas/press/news/details/1216074?lang=kk

Жауап қалдыру