Сонымен қатар Almaty Superski әртүрлі азаматтар тобының, оның ішінде балалы отбасылардың, қарт адамдардың және қозғалысы шектеулі жандардың тауға қолжетімділігін кеңейтуі мүмкін. Бұл үшін аспалы жолдар, қауіпсіз маршруттар, визит-орталықтар, қарау алаңдары және базалық санитарлық инфрақұрылым қажет. Аида Балаева жоба жабық курорт емес, қоғамдық инфрақұрылым ретінде жұмыс істеуге тиіс деп атап өтті. Сондай-ақ Медеу – Шымбұлақ – Көкжайлау – Құмбел сияқты өзара байланысқан жүйе туристер ағынын тиімді бөліп, Шымбұлаққа түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.
«Бізге тұрғындардың, экологтардың, сарапшылардың, азаматтық қоғам өкілдерінің пікірі маңызды. Алайда талқылау фактілерге, ғылыми сараптамаға және Алматы мен бүкіл елдің ұзақ мерзімді мүдделерін түсінуге негізделуі тиіс»,– деп атап өтті Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі.
Алматы тау кластерін дамыту тек заң талаптарын сақтау, аумақтың табиғатты қорғау мәртебесін сақтау, шешімдердің ашықтығы және экологиялық талаптарды орындау жағдайында ғана мүмкін. Almaty Superski жобасы нақты ережелері бар, бақылауға алынатын және қоғамдық мүдделер ескерілетін реттелетін инфрақұрылым ретінде жүзеге асырылуы тиіс.
@KZgovernment
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/1228444?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау