Маңғыстау облысында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері бекіре тұқымдас балыққа ұқсас балықты заңсыз тасымалдау фактісін анықтады.
Көлік құралын тексеру кезінде жалпы салмағы 30,7 келіні құрайтын тоғыз дана балық табылып, тәркіленді. Тәркіленген балық заттай дәлелдеме ретінде танылып, жауапты сақтауға қойылды.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға және құқық бұзушылыққа қатысы бар тұлғаларды белгілеуге бағытталған қажетті тергеу және жедел іс-шаралар жүргізілуде.
Полиция ерекше құнды су биологиялық ресурстарының заңсыз айналымы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.
Табиғи ресурстарды сақтау және қоршаған ортаға ұқыпты қарау – әрбір азаматтың ортақ міндеті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1260074?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау