ТҮРКІСТАНДА ПРОБАЦИЯ ЕСЕБІНДЕГІ АЗАМАТТАРДЫ ҚОЛДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістанда қала әкімінің орынбасары Мадияр Әліповтің төрағалығымен консультативтік-кеңесші органдардың кезекті отырысы өтті. Жиынға тиісті мемлекеттік мекеме басшылары мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.
Кездесуде пробация қызметінің 2026 жылдың жеті айында атқарған жұмыстары қорытындыланды.
Есепті кезеңде азаматтарды әлеуметтік қолдау, жұмыспен қамту және қоғамға бейімдеу бағытында бірқатар шара жүзеге асқан. Атап айтқанда, пробация есебіндегі азаматтарға бір реттік әлеуметтік көмектер көрсетіліп, азық-түлік себетімен қамтамасыз етілуде. Екі рет бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылып, жұмысқа 12 адам жұмысқа орналасты. Бір азамат қоғамдық жұмысқа тартылып, тағы бір азаматқа 400 АЕК көлемінде қайтарымсыз грант берілді.
Сонымен қатар пробация есебіндегі азаматтарға құқықтық және психологиялық көмек көрсетіліп, топтық тренингтер ұйымдастырылды. Азаматтардың қоғамға бейімделуіне ықпал ету мақсатында спорттық, мәдени және ақпараттық іс-шаралар өткізілді.
Жиында пробация есебіндегі азаматтарды қайта әлеуметтендіру, жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау шараларын одан әрі жетілдіру мәселелері талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1268773?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version