Құрметті мектеп бітіруші түлектер, ата-аналар және Атырау облысының тұрғындары!
Атырау облысы әкімдігі 2026–2027 оқу жылына жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білім алуға арналған білім беру гранттарына құжат қабылдау басталғанын хабарлайды.
Жергілікті бюджет есебінен бөлінетін гранттар өңірдегі кадр тапшылығын азайту мақсатында төмендегі басым мамандықтар бойынша ұсынылады:
🔹 Исламтану
🔹 Теология
🔹 Дінтану
🔹 Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
🔹 Актерлік өнер
🔹 Сценография
🔹 Су ресурстары және суды пайдалану
🔹 Сумен жабдықтау және су бұру
🔹 Өндірісті автоматтандыру және басқару
🔹 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
🔹 Жаттықтырушылық қызмет (спорт түрлері бойынша)
🔹 Бейімделетін дене шынықтыру мұғалімі
🔹 Спорттық оңалту
🔹 Дене шынықтыру және спорт
🔹 Қалдықтарды басқару
🔹 Орман ресурстары және орман шаруашылығы
🔹 Математика
🔹 Физика
🔹 Химия
🔹 Тарих және қоғамтану
🔹 Информатика
🔹 Психология
🔹 Арнайы педагогика
🔹 Биология
🔹 Ғимараттар мен имараттарды есептеу және жобалау
🔹 Сәулет және құрылыс
🔹 Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы
🔹 Қала құрылысы
🔹 Ақпараттық технологиялар
🔹 Медико-профилактикалық іс, гигиена және эпидемиология
🔹 Медицина
📌 Құжаттарды қабылдау мерзімі:
2026 жылғы 10-14 тамыз аралығы
💻 Құжаттар eatyrau.kz порталы арқылы онлайн қабылданады.
📢 Грант иегерлерінің тізімі 2026 жылғы 25 тамызға дейін Атырау облысы Білім басқармасының ресми интернет-ресурстары мен әлеуметтік желі парақшаларында жарияланады.
❗ Ескерту: Шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына түсетін талапкерлер республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін шығармашылық емтихандарды өздері таңдаған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында тапсырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-bilim/press/news/details/1271031?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау