АБАЙ РУХЫНА ТАҒЗЫМ: ТҮРКІСТАНДА АБАЙ КҮНІНЕ ОРАЙ ІС-ШАРА ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
10 тамыз – қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай Түркістан қаласында Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
 
Тағылымды шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Оралбайұлы Көшеров, облыстық мәслихат төрағасы, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, жастар және қала тұрғындары қатысты.
 
Іс-шараның негізгі мақсаты – Абай Құнанбайұлының мол шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, ұлы ойшылдың тағылымды ойларын өскелең ұрпаққа жеткізу және ұлттық руханияттағы орнын дәріптеу.
 
Іс-шара барысында ұлы ақынның рухына тағзым етіліп, ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Салтанатты жиында Абайдың өлеңдерінен әдеби композиция ұсынылып, Түркістан қалалық балалар мен жасөспірімдер орталығының оқушылары өнер көрсетті. Сондай-ақ Абайдың «Көзімнің қарасы» әні орындалды .
 
Бұдан бөлек, шара аясында «Абай әлемі: Ойдан -өнегеге» тақырыптық кітап және сурет көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған әдебиеттер мен көркем туындылар көпшілік назарына ұсынылды.
Іс-шара барысында ұрпақтар сабақтастығын нығайту мақсатында облыс әкімі Нұралхан Оралбайұлы Көшеров пен зиялы қауым өкілдері Абай рухына тағзым ете келген жастарға Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының көптомдығын сыйға тартты.
 
Абай мұрасы – ұлттың рухани темірқазығы. Ақынның шығармалары мен қара сөздерінде білім, еңбек, адамгершілік, елдік пен бірлік сынды құндылықтар кеңінен дәріптеледі.
 
Айта кетейік, Абай күнін атап өтуге арналған іс-шаралар ұлы ойшылдың мұрасын ұлықтап, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жас ұрпақтың рухани-танымдық көкжиегін кеңейту бағытында жалғасын табуда.
 
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-madeniet/press/news/details/1272335?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version