Көктал ауылындағы мәдениет үйінде Байзақ аудандық сайлау комиссиясына қарасты учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыруға арналған оқыту-семинар өтті. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңнаманы түсіндіруді ұйымдастырудағы негізгі аспектілер» тақырыбын қамтыған семинардың басты мақсаты – сайлау комиссиялары мүшелерінің заңнамалық білімін жетілдіру және сайлау процесін ұйымдастыру бойынша практикалық дағдыларын арттыру.
Оқыту барысында қатысушыларға ҚР сайлау туралы Конституциялық заңына енгізілген өзгерістер түсіндірілді. Сонымен қатар сайлаушылар тізімін қалыптастыру, азаматтарды тізімге енгізу және сайлаушылардың өз құқықтарымен танысу тәртібі кеңінен қарастырылды.
Семинарда дауыс беру уақыты мен орны туралы азаматтарды хабардар ету, шақыру қағаздарын есепке алу, дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін беру және тіркеу алгоритмдері де түсіндірілді.
Жиын барысында мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету, сайлауды мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржыландыру, сайлау алдындағы үгіт жүргізу тәртібі және бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформалар арқылы ақпараттандырудың негізгі аспектілері талқыланды.
Қатысушылардың білімін бекіту мақсатында «Kahoot» бағдарламасы арқылы жедел сұрақтардан тұратын викторина өткізілді.
Бұдан бөлек, дауыс беруді ұйымдастыру, дауыс беру қорытындыларын анықтау, дербес деректерді жою, сайлау құқықтарын іске асырудың кепілдіктері және сайлау комиссияларының қызметіне қатысты шағымдарды қарау тәртібі түсіндірілді. Жанжалды жағдайлардың алдын алу және оларды реттеудің медиациялық механизмдері де семинар бағдарламасына енгізілді.
Оқыту соңында қатысушылардың алған білімдерін тексеруге арналған қорытынды тестілеу жүргізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1274515?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау