Сессия жұмысына мәслихат депутаттары, қала әкімі, әкімдік мүшелері, аудан әкімдері, басқармалар мен ұйымдардың басшылары және БАҚ өкілдері қатысты. Сессия жұмысы онлайн трансляцияланды.
Сессияның күн тәртібінде 6 мәселе қаралып, шешім қабылданды.
Оның ішінде, 2026–2028 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті нақтылады. Нәтижесінде қала бюджетінің көлемі 868 млрд теңгеден 893 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды.
Сонымен қатар толық аяқталып, пайдалануға берілетін құрылыс объектілерінің тізбесі бекітілді. Жоба құрылыс нысандарын жобалаудан бастап, пайдалануға беруге дейінгі жұмыстар кешенін қамтитын болады.
Сондай-ақ, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақысын белгілеу тәртібі заңнамадағы өзгерістерге сәйкестендірілді.
Бұдан бөлек, «Шымкент қаласының құрметті азаматы» атағын беру қағидалары бекітіліп, «Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» ММ туралы ережеге өзгерістер енгізілді.
Шымкент қаласы әкімдігі жанындағы халық денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамы бекітілді.
Күн тәртібінде қаралған барлық мәселелер бұған дейін мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырыстарында алдын ала қаралып, депутаттар тарапынан қызу талқыланған. Барлық ұсыныстар мен ескертулер ескеріліп, ортақ шешімге келген.
Сессия соңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қалада атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы міндеттерге тоқталып, мәслихат депутаттарымен бірлескен жұмыстың маңызын атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-maslihat/press/news/details/1274486?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау