Прага, 2026 жылғы 23 тамыз – Чехия аумағында жүрген Қазақстан азаматтары Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға қатысты. Дауыс беру Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігінің ғимаратында орналасқан №437 сайлау учаскесінде өтті.
Сайлау учаскесі Прага уақытымен сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істеді. Өздерінің конституциялық құқықтарын 100-ден астам Қазақстан азаматы жүзеге асырды. Олардың қатарында Чех Республикасында тұрақты тұратын және уақытша жүрген азаматтар, студенттер, зейнеткерлер, іссапардағы және демалыстағы қазақстандықтар болды. Дауыс берушілердің арасында сайлауға алғаш рет қатысқандар да бар. Жастар өз сұхбаттарында бұл оқиғаның толғанысты сәт болғанын атап өтіп, мемлекеттің болашағына қатысты шешімдер қабылдауға атсалысудың маңыздылығын жеткізді.
Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігі дауыс беруді ұйымдастыруға, сайлаушылардың құқықтарын қамтамасыз етуге және сайлау процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге қажетті жағдайлардың барлығын жасады. Дауыс беру Қазақстан Республикасының заңнамасына және белгіленген сайлау рәсімдеріне сәйкес өткізілді.
Құрылтай депутаттарын сайлау Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының ережелерін іске асыру және елдің жаңа жоғары өкілді органын қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болды.
Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігі Прагада Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысып, азаматтық белсенділік танытқан және сайлау процесіне өз үлесін қосқан Қазақстан азаматтарына алғыс білдіреді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-prague/press/news/details/1278988?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау