27.08.2026ж. Талдықорған қаласының орталық Арбатында «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру мақсатында Жетісу облысының прокуратурасы құқық қорғау, уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, халықпен ашық диалог форматында азаматтарды қабылдады.
Шараны Жетісу облысының прокуроры Бауыржан Жұмақанов ашып, шараның басты мақсаты – тұрғындарды толғандырған мәселелерді қарап, оларға қажетті құқықтық кеңес көрсету екенін атап өтті.
Акция барысында өңір тұрғындары әлеуметтік қорғау, кәсіпкерлік, білім беру, тұрғын үй және жер, еңбек қатынастары, салық заңнамасы, сондай-ақ қылмыстық және әкімшілік құқық салалары бойынша заң көмегін алып, өздерін толғандырған мәселелер бойынша кеңес алды.
Азаматтарымыз акцияның өткізілуіне оң баға беріп, ашық форматта білікті құқықтық көмек алу мүмкіндігін атап өтті.
Адамдардың құқықтық мәдениеті мен білімін арттыруға бағытталған осындай шаралар үнемі жүргізілетіні жеткізіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhetysu/press/news/details/1282362?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау