Қазақстан мен Бавария өзара ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мюнхен қаласында (Германия) экономика, ғылым және ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Бавария жұмыс тобының 1-отырысы өтті.

Отырысқа Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков пен Баварияның Еуропа және халықаралық істер жөніндегі мемлекеттік министрі Эрик Байссвенгер тең төрағалық етті.

Іс-шараға екі елдің тиісті органдары, даму институттары және жетекші іскер топтарының өкілдері қатысты. Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады. Шикізат ресурстары, энергетика, экологиялық технологиялар, машина жасау және су ресурстарын басқару салаларындағы инновациялар мен жоғары технологияларды дамыту, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне баса назар аударылды.

Кездесу барысында тараптар қала құрылысы, көлік салаларындағы ынтымақтастықтың перспективаларын, сондай-ақ Баварияның ғылым және білім беру мекемелері мен бизнес-қоғамдастығының қатысуымен дуальды кәсіптік білім беруді дамыту мәселелерін жеке қарастырды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар практикалық өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға өзара мүдделі екендерін растады және бірлескен бастамаларды іске асырудың нақты тетіктерін әзірлеу бойынша жұмысты жалғастыруға уағдаласты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/1293017?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version