Алексей Луценко Азия ойындарының 5 дүркін чемпионы атанды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тас жолдағы велоспорттан 32.1 шақырымға созылған жекелей есеп сайысында 34 жастағы Алексей Луценко Азия ойындарында топ жарды.

Жарыс нәтижесі:

🥇🇰🇿Алексей Луценко – 41:24.05
🥈🇯🇵Шунсук Имамура – 42:58.04
🥉🇲🇳Сайнбаяр Джамбальямц – 42:58.06

Отандасымыз бұған дейін 2014, 2018, 2023 жылдары өткен Азиадада да алтын жүлдені еншілеген еді.

⏳Алексей Луценконың жеке есеп сайысындағы бұған дейінгі көрсеткіштері:

🇰🇷2014 жыл (42 шақырым) – 50:28.78
🇲🇨2018 жыл (40 шақырым) – 55:37.13
🇨🇳2023 жыл (39.7 шақырым) – 48:05.75

Айта кетейік, 1994 жылдан бері қатысып келе жатқан Қазақстан құрамасы сапынан 5 дүркін жазғы Азия ойындарының чемпионы атағына каноэде есуден Константин Негодяев қана (1994 және 1998 жыл) қол жеткізген.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/1294924?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version