Тараздағы «Жеңіс» саябағында Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Күзгі әуен» халықаралық классикалық өнер кеші өтті.
Іс-шараның мақсаты – отандық және халықаралық деңгейдегі классикалық музыка әлеміндегі танымал музыканттар мен белгілі әншілердің шығармашылығын насихаттау, жоғары орындаушылық шеберліктерін жұртшылыққа дәріптеу.
Кеште әлем операсының алтын дауысы, Қазақстанның Халық әртісі Майра Мұхамедқызы, Игорь Благодарный сынды өнер шеберлері әлемнің және еліміздің классикалық туындыларын жанды дауыста орындады.
Шараны қала әкімі Бақытжан Орынбеков көпшілікпен бірге тамашалады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1295417?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау