Қаладан ауылға – ұстаз еңбегінің жаңа белесі

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Қаладан ауылға көшу кейде тек тұрғылықты жерді емес, адамның кәсіби жолын да өзгертеді.

Альмира Жунусова Семей қаласында туып-өсіп, еңбек жолын да қалада бастаған. 2020 жылы отбасымен бірге Жаңасемей ауданының Озерки ауылына қоныс аударды. Ал 2021 жылы «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы арқылы ауыл мектебіне математика пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасты.

Қалада жинаған тәжірибесін ауыл мектебінде жалғастырған педагог үшін бұл таңдау кәсіби дамудың жаңа кезеңіне айналды. Бүгінде оның оқушылары аудандық және облыстық олимпиадалар мен байқауларда жүлделі орындарға ие болып жүр. 2025 жылдан бастап Альмира Жунусова мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарады.

Оның еңбегі кәсіби жетістіктермен де көрініс тапты. 2025 жылы ол «Абай облысының үздік сынып жетекшісі» атанса, 2026 жылы «Орталық Азияның Үздік педагогі» байқауында І орын иеленді.

Бүгінде ауыл Альмира үшін тек жұмыс орны емес. Мұнда ол еңбек етіп, балаларын тәрбиелеп, мектеп пен ауылдың қоғамдық өміріне белсенді араласып келеді.

Осындай мамандардың еңбегі ауыл мектебінің әлеуетін күшейтіп, балалар үшін сапалы білім мен жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Ал кәсіби өсу мен үлкен нәтижеге жету үшін мекеннің емес, адамның білімі, ізденісі мен еңбекке деген көзқарасы маңызды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/1301676?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version