Күн: Қазан 17, 2026
-
Астанада Журналистер аллеясындағы мүсінді бүлдірген жастар ұсталды
26 қыркүйек күні таңертең Астанадағы Журналистер аллеясында вандализм ісі тіркелді. Құқық қорғау органдары оқиғаға қатысы бар екі жасты анықтап, ұстады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап. Жастар мүсіндік композицияны, сондай-ақ оған іргелес аумақтағы жеті қоқыс жәшігін бүлдірген.Полиция елорданың екі тұрғынын анықтап, ұстады. Олардың бірі – кәмелетке толмаған. Екеуі де уақытша…
-
Жұмысшы мамандықтар мен цифрлық дағдылар: Астанада жұмыспен қамту саласындағы жаңа шешімдер таныстырылды
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысып, халықты жұмыспен қамту, кадр даярлау және жасанды интеллект элементтері бар өндірістік қауіпсіздік салаларындағы жүргізіліп жатқан жұмыстармен және заманауи шешімдермен танысты. Еңбек күні елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен 2013 жылдан бері аталып өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Астана…
-
СКРИНИНГ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР НЕНІ ЖӘНЕ ҚАЙ КЕЗЕҢДЕ ТЕГІН ТЕКСЕРТЕ АЛАДЫ?
Көптеген аурулар бастапқы кезеңінде ешқандай белгілерсіз өтеді. Скрининг ауруды алғашқы белгілері пайда болғанға дейін ерте анықтауға мүмкіндік береді. Скринингтен өтудің ерекшеліктері туралы Алматы қаласындағы «Құлагер» алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету орталығының дәрігері Дариға Оңалбекова айтып берді. Кімдер тексеруден өтуі керек? 40 жастан 76 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын, қант диабетін және…
-
Веломаусымның жабылуы: Астанада Еңбек күніне орай велошеру өтті
Астанада«Заң мен тәртіп» акциясы аясында Еңбек күніне арналған «Менің жетістігім – менің нәтижем» атты жаппай велошеру өтті. Іс-шараға елорданың 800-ге жуық тұрғыны қатысты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Ұзындығы 25 шақырым болатын велошеру айналма веложолдан Қосшы қаласына қарай бағытта басталды. Қатысушылар Үркер тұрғын алабындағы «Жасыл белдеу» саябағында мәреге жетті. Астана қаласы әкімдігінің Спорттық-бұқаралық іс-шараларды…
-
Алматыда шала туған нәрестелерді күтіп-баптаудың заманауи тәсілдері талқыланды
Алматыда неонатология саласына арналған «Шала туған нәрестелерді күтіп-баптаудың заманауи тәсілдері: мультидисциплинарлық тәсіл» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шараның ашылуына Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов қатысты. «Бұл конференцияның тақырыбы Алматы үшін ерекше маңызды. Қалада жыл сайын 36 мыңнан астам бала дүниеге келеді, оның ішінде 2 800-ден астамы – шала туған нәрестелер. Бүгінде перинаталдық…
-
«Заңға бағынатын өмір жолына»: сотталғандармен профилактикалық кездесу
«Айқын нәтиже» жобасы аясында №8 мекемесінің ҚАЖД ғимаратында сотталғандармен профилактикалық интервью жүргізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – қайталама қылмыстардың алдын алу, заң бұзушылықтарға жол бермеу, сондай-ақ сотталғандардың құқықтық сауаттылығын арттырып, қоғамға қайта бейімделуіне ықпал ету. Профилактикалық сұхбат барысында сотталғандардың жасаған құқық бұзушылықтарының салдары, заң талаптарын сақтау және алдағы өмірін дұрыс бағытта құру мәселелері талқыланды. Мұндай кездесулердің…
-
Алматыда тәуекел тобына жататын жүкті әйелдерге арналған орталық ашылды
Алматыда Қалалық перинаталдық орталық базасында тәуекел тобына жататын жүкті әйелдерге арналған клиникалық-диагностикалық орталық жұмысын бастады. Жүктілігі асқынған, қосымша аурулары бар және акушерлік асқынулар қаупі жоғары әйелдер мұнда қажетті тексерулерден өтіп, амбулаториялық жағдайда мамандардан консультациялар ала алады. Клиникалық-диагностикалық орталыққа жолдаманы жүкті әйелдің тіркелген емханасы береді. Медициналық көмек МӘМС аясында тегін көрсетіледі. Орталықтың ашылуына Алматы қаласы Қоғамдық…
-
Астанада «Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздары мен жұмысшы мамандық өкілдері марапатталды
Астанада Еңбек күніне орайластырылған «Еңбек – ел мұраты» республикалық форумы аясында түрлі кәсіп өкілдері мен «Еңбек жолы» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек және басқалар қатысты. Форумға еліміздің…
-
Қазақстан Республикасы Павлодар облысының аумағындағы саяси партиялардың филиалдары мен қоғамдық бірлестіктеріне ХАБАРЛАНДЫРУ
Қазақстан Республикасы Павлодар облысының аумағындағы саяси партиялардың филиалдары мен қоғамдық бірлестіктеріне ХАБАРЛАНДЫРУ Баянауыл аудандық мәслихаты Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Конституциялық Заңының 19 бабының 6 тармағының 2 бөлігінің 2) тармақшасына және 10 – бабының 3 – тармағына сәйкес Баянауыл ауданының №1 , №2, №3, №4, №5, №6, №7, №8, №10, №11, №173,…
-
Жезқазғанда қайта жаңғырту жұмыстарынан кейін теміржол вокзалы ашылды
Жезқазған қаласында қайта жаңғырту жұмыстарынан кейін теміржол вокзалының ресми ашылу салтанаты өтті. Шараға Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен, ҚР Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Нұржан Келбұғанов, «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен мердігер ұйым өкілдері, қала тұрғындары қатысты. Іс-шара барысында ҚР Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Нұржан Келбұғанов Жезқазған вокзалын жаңарту…
-
Бүгін, 26 қыркүйекте, Маңғыстау облысында болған қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан Батыс Қазақстан облысының әскери қызметшілерін жерлеу рәсімдері өтті
Қаралы жиындарға Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, ҚР Құрылтайының депутаттары Тұрарбек Тілемісов пен Мұратбек Мұхамедиев, БҚО прокуроры Нұрбек Ұласбекұлы, Қарулы Күштердің өкілдері, белгілі қоғам қайраткерлері мен өңір тұрғындары қатысты. Қатысушылар қаза тапқан жауынгерлердің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты. Отан қорғаушылардың рухына Құран бағышталып, еске алу рәсімдері өткізілді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қаза болған…
-
ІІМ заңсыз қару-жарақты тәркілеу жұмыстарын жалғастырып жатыр
Ішкі істер министрлігі жұмысының басым бағыттарының бірі – қару-жарақтың заңсыз айналымына қарсы күрес. Жыл басынан бері полиция қызметкерлері қылмыстық мақсатта пайдаланылған 1 700-ден астам қаруды тәркіледі. Олардың қатарында 34 автомат, 458 тапанша, мыңнан астам мылтық, 3 гранатомет және 12 мыңға жуық оқ-дәрі бар. 2022 жылғы қаңтар оқиғалары кезінде ұрланған…
-
Талдықорғанда 700-ден астам тұрғын вандализм мен есірткі құқық бұзушылықтарына қарсы күресте бірікті
Талдықорған қаласында вандализмнің алдын алуға және есірткінің таралуына жол бермеуге бағытталған “Антиграффити” профилактикалық акциясы өтті. Іс-шара Талдықорған қаласының әкімдігі мен Жетісу облысының полиция департаментінің бірлесіп ұйымдастыруымен өткізілді. Акцияға 700-ден астам адам, оның ішінде студенттер, 200-ден астам волонтер және қоғам өкілдері қатысты. Рейдтік іс-шара барысында полиция қызметкерлері акция қатысушыларымен бірлесіп,…
-
Қызылордада жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жүргізуші ұсталды
Қызылорда қаласында бейнебақылау камералары арқылы бірнеше жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жүргізуші анықталды. Полиция қызметкерлері жедел түрде тиісті шаралар қабылдап, құқық бұзушыны анықтады. Тексеру барысында оның көлік құралын масаң күйде басқарғаны белгілі болды. Жол қозғалысы ережелерін бұзған Қызылорда қаласының 21 жастағы тұрғыны Айтбаев Нұрсұлтан полиция бөліміне жеткізілді. …
-
Қазақстанда 18,6 млн тонна астық бастырылды
Қазақстанда егін жинау науқаны жалғасып жатыр. Бүгінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар егілген алқаптардың 81,5%-ы жиналды. Орташа өнімділік гектарына 14,6 центнерді құрап, 18,6 млн тонна астық бастырылды. Биыл елімдегі жалпы егіс алқабы 24,2 млн гектарға жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 600 мың гектарға көп. Оның 15,6 млн гектарына дәнді дақылдар, 5,2 млн гектарына майлы дақылдар, 3…
