Күн: Қазан 17, 2026
-

Ақтөбеде ҮЕҰ-ның өңіраралық ынтымақтастығының жаңа форматы талқыланды
«Азаматтық әріптестік: жаңа форматтар – ортақ шешімдер» атты Ақтөбе облысының үкіметтік емес ұйымдарының конференциясы өтті. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Мәңгілік Ел» конференц-залында өткен шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, еліміздің өңірлерінен келген азаматтық қоғам белсенділері, қала және аудандық деңгейдегі ҮЕҰ басшылары мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Биылғы конференцияның негізгі ерекшелігі – мемлекеттік органдар мен…
-

Елорда төрінде Ақтөбе облысының креативті индустрия өкілдерін біріктіретін ауқымды жәрмеңке өтеді!
Көрме аясында: қолөнер бұйымдары мен авторлық туындылар; IT-технологиялар таныстырылымы; Book market; шеберлік сабақтары; «Aqtobe Design» авторлық топтамалары; театр қойылымдары мен анимациялық фильм; шығармашылық кештер мен концерттік бағдарламалар ұсынылады. Екі күн бойы Ақтөбенің креативті жобаларымен танысып, жаңа идеяларға шабыт алыңыз! 10-11 қазанАстана қаласы, Qazaq Creative Hub Жошы хан 16/2КІРУ ТЕГІН! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-bozoy/press/news/details/1307951?lang=ru
-

AI-Sana: Жетісу университетінде AI-DOS дауыстық көмекшісі әзірленді
AI-Sana: Жетісу университетінде AI-DOS дауыстық көмекшісі әзірленді І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің инженер-бағдарламашысы Бекзат Тоқтаған университет туралы ақпаратты жедел ұсынуға арналған AI-DOS дауыстық көмекшісін әзірледі. Цифрлық көмекші ауызша сұрақтарды қабылдап, университет туралы ақпаратты қазақ, орыс және ағылшын тілінде ұсынады. Көмекші құралдың білім базасы университетте қолданыстағы құжаттар негізінде қалыптастырылған. Бұл жүйенің тез әрі нақты ақпарат ұсынуына мүмкіндік…
-

Тоғыз айда 114 мыңнан астам қазақстандық Skills Enbek платформасында оқудан өтті
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтардың кәсіби білім алу мүмкіндіктерін кеңейту және дағдыларын дамыту бағытындағы жұмысты жалғастырып келеді. 2026 жылдың тоғыз айында Skills Enbek онлайн-платформасында 114,8 мыңнан астам адам оқудан өтті. Олардың шамамен 47%-ы – ауылдық елді мекендердің тұрғындары. Оқуды аяқтағандардың 43,3 мыңы – жұмыссыз азаматтар. Оның ішінде 16-34 жас аралығындағы 12,3…
-

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 114-НҚ бұйрығымен бекітілген «Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік…
-

Железин аудандық мәслихатының 56-кезектен тыс сессиясы
2026 жылғы 14 қазанда сағат 12.00-де Железин ауданы әкімдігінің кіші залында 8-сайланған Железин аудандық мәслихатының 56-кезектен ты сессиясы өтеді. Сессияға Железин ауданының әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан прокуроры, ауданның ұйымдары мен мекемелерінің басшылары, БАҚ өкілдері шақырылады. Сессияның қарауына: 1. Железин аудандық мәслихатының 2025 жылғы 17 желтоқсандағы «2026-2028 жылдарға арналған Железин аудандық бюджеті туралы» №…
-

Инвестициялар туралы келісім: Ақтөбеде шыны ыдыс шығаратын зауыт салынады 2-ден 1 слайд. Инвестициялар туралы келісім: Ақтөбеде шыны ыдыс шығаратын зауыт салынады
Үкімет Мемлекет басшысының өңдеу өнеркәсібіне инвестициялар тарту мен импортты алмастыру және локализациялауды арттыру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Ақтөбе қаласында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Aktobe Steklo ЖШС арасында шыны ыдыстар өндіретін зауыт салу бойынша инвестициялар туралы келісімге қол қоюды мақұлдады. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Кәсіпорын құрылысын 2026 жылдың IV тоқсанында бастау,…
-

Алға ауданының әкімі А. Шүйіншәлиев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Азаматтарды жеке қабылдау барысында Алға ауданының әкімі А.С. Шүйіншәлиев аудан тұрғындарының өтініштерін қарады. Қабылдау барысында тұрғындар тұрғын үй мәселелері, әлеуметтік қолдау және басқа да өзекті мәселелер бойынша өз өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді. Әрбір өтініш мұқият тыңдалып, заң талаптары аясында жан-жақты қаралды. Кездесу барысында көтерілген бірқатар мәселелер бойынша тұрғындарға тиісті түсініктемелер берілді. Қосымша зерделеуді қажет ететін…
-

«Қаламы қарымды, сөзі салмақты жазушы»
2026 жылдың 7 қазан күні Алмалы ауылдық кітапханасында жазушы Жанат Елшібектің «Жетім жұрт» повесіне және «Қош бол, теңіз» кітабының жарық көргеніне 25 жыл толуына орай «Қаламы қарымды, сөзі салмақты жазушы» тақырыбында оқырмандар конференциясы өткізілді. Конференция барысында жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беріліп, «Жетім жұрт» повесінің мазмұны мен көтерген тақырыптары талқыланды. Оқырмандар шығармадағы негізгі ойға…
-

Дрондар – полиция қызметінде: Түркістанда полицейлер жаңа технологияны меңгеруде
Түркістан облысында полицейлер дрондарды пайдалануды меңгеруде. ҚР ІІМ-нің цифрлық шешімдерін қызметте тиімді пайдалану мақсатында Түркістан облысы полиция департаментінде бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Соның бірі – полиция қызметкерлерін ұшқышсыз ұшу аппараттарын (дрондарды) қолдануға үйрету. Жедел-криминалистикалық басқарманың ұйымдастыруымен аудандық криминалистика бөлімшелерінің, сондай-ақ әкімшілік полиция және жедел басқару орталығының қызметкерлеріне арналған оқу-жаттығу сабағы…
-

Қазақстан мен Өзбекстан әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Өзбекстан Республикасы Президентінің әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі кеңесшісі, Өзбекстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық әлеуметтік қорғау агенттігінің директоры Мансурбек Оллоёровпен кездесу өткізді. Кездесу барысында екі бауырлас елдің әлеуметтік саладағы ынтымақтастығын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, олардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу, әлеуметтік…
-

Алға ауданында мемлекеттік саясатты түсіндіру бойынша кездесулері өтті
Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Атамекен» студенттер отрядтарының жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Алға ауданында мемлекеттік саясатты түсіндіру, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын насихаттау, мемлекеттік бағдарламалардың негізгі бағыттарын түсіндіру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру кездесулері өтті. Кездесулер «Алға-Жылу» КМК қызметкерлерінің, Алға индустриялық-техникалық колледжінің ұжымы мен білім алушыларының, аудан тұрғындарының, Коворкинг орталығындағы…
-

«Еркіндік рухы» жастарымен бірлесіп, Жезқазған жоғары политехникалық колледжіне барды
🔹 Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б. Каримов «Еркіндік рухы» жастарымен бірлесіп, Жезқазған жоғары политехникалық колледжінде «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің қызметі» тақырыбында құқықтық сағат өткізді.Кездесу барысында студенттерге Уәкілдің қызметі, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы рөлі туралы түсіндірілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-ulytau-oblysy/press/news/details/1307963?lang=ru
-

Ерікті зейнетақы жарналары — зейнетақы капиталын толықтырудың тиімді жолы
Ерікті зейнетақы жарнасының ерекшелігі — зейнетақы жинағыңызды өз қалауыңызға қарай толықтыра аласыз. Жарна мөлшері мен оны аудару жиілігін әр адам өзі белгілейді. Ал жинақ бойынша төлемдерді белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпей-ақ алуға мүмкіндік бар. Ерікті жарнаны азаматтың өзі де, жұмыс беруші де төлей алады. Жұмыс беруші аударған мұндай жарна қызметкердің табысы болып саналмайды және жеке табыс…
-

Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
2026 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша теміржол көлігімен жүк тасымалдау көлемі 241,7 млн тоннаны құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,4%-ға артты (233,7 млн тонна). Оң динамиканың факторларының бірі экспорттық тасымал көлемінің артуы болды. 2026 жылғы қаңтар–қыркүйек айларында теміржол арқылы экспортқа 69,4 млн тонна жүк тасымалданды. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,1%-ға жоғары. Ол…
