Күн: Қазан 17, 2026
-

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Жаңасемей ауданы әкімдігінің қызметкерлері сенбілік аясында Көкентау, Озерки және Гранитный ауылдарында тазалық жұмыстарын жүргізді. Іс-шараның негізгі мақсаты-елді мекендердің тазалығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.Сенбілік барысында ауыл аумақтары тазартылып, абаттандыру жұмыстарына көңіл бөлінді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey-kokentau/press/news/details/1309505?lang=ru
-

Құтқарушы — жай ғана мамандық емес, жүрек қалауы
Құтқарушы қызметінде тұрақты жұмыс кестесі болмайды. Дабыл кез келген уақытта түсуі мүмкін. Мұндай сәттерде адамның өмірі құтқарушының жедел әрі дұрыс шешім қабылдауына байланысты болады. 3-сыныпты құтқарушы Жақен Бекзат Рүстемұлы Екібастұз қаласындағы азаматтық қорғау бөлімшесінде бес жылдан бері қызмет етіп келеді. Ол бұл мамандықты адамдарға көмектесуді мақсат еткендіктен таңдаған. …
-

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бекбол Орынбасаров «МАЭК» кәсіпорнының жұмыс барысымен танысты
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бекбол Орынбасаров «МАЭК» кәсіпорнындағы өндірістік жұмыстардың барысымен танысты. Жұмыс сапарына Ақтау қаласының әкімі, облыстық басқармалардың басшылары және «МАЭК» ЖШС-нің құрылымдық бөлімшелері мен департаменттерінің жетекшілері қатысты. Кездесу барысында энергетикалық комбинаттың бас директоры Кеңес Орақов кәсіпорынның өндірістік құрылымы, негізгі қызмет бағыттары мен алдағы міндеттері туралы баяндады. Жиында 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық, өндірістік…
-

ИСАТАЙ АУДАНЫНДА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
ИСАТАЙ АУДАНЫНДА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА Аудан аумағын көгалдандыру, жасыл желекті көбейту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Биыл көктемде аудан бойынша 1215 дана көшет отырғызылса, қыркүйек айында Х. Ерғалиев ауылында 5 гектар аумаққа 4000-нан астам тал көшеті отырғызылды. Алдағы уақытта тағы да 2 мыңға жуық тал көшетін отырғызу жоспарлануда. Көгалдандыру – туған жердің көркін арттырып қана қоймай,…
-

Дзюдодан әлем чемпионатының туы Қазақстанға ресми түрде табысталды: турнир 2027 жылы Астанада өтеді
Қазақстан 2027 жылы Астанада өтетін дзюдодан әлем чемпионатының туын ресми түрде қабылдап алды. Қазақстан спорты үшін маңызды оқиға Әзербайжан астанасы Бакуде өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Келесі әлем чемпионатын қабылдайтын ел ретінде Қазақстанға Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) туын табыстау рәсімі Бакуде әлем чемпионаты аясында өтті. Халықаралық дзюдо федерациясының бас хатшысы Лиза Аллан IJF…
-

«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП»: КӨКЕНТАУ АУЫЛЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
«Заң және тәртіп» қағидаты аясында аудан әкімінің орынбасары Айнұр Сұлтанова Көкентау ауылын аралап, тұрғындармен және кәсіпкерлермен кездесті. Аралау барысында ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлеріне күл-қоқысты уақытылы тазалап, өздеріне тиесілі аумақтардың тазалығын сақтау қажеттігі түсіндірілді. Сондай-ақ санитарлық талаптарды сақтау және қоршаған ортаның ластануына жол бермеу мәселелері айтылды. Тазалықты сақтау-баршамызға ортақ міндет. Әрбір тұрғын мен кәсіпкер елді мекеннің…
-

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА АЛДАҒЫ ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА КӨМІР ҚОРЫ ЖИНАҚТАЛУДА
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА АЛДАҒЫ ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА КӨМІР ҚОРЫ ЖИНАҚТАЛУДА Облыс бойынша 2026-2027 жылдардағы жылу беру маусымына қажетті көмір тұтыну жоспары 107 мың тоннаны құрайды. Оның ішінде: тұрғындар үшін 88 мың тонна, әлеуметтік нысандарға 19 мың тонна. Қазіргі таңда, көмір қоймаларында 29,7 мың тонна көмір қоры бар. Облыс көлемінде 20 өңірлік оператор (6 ЖШС мен 14…
-

Ақтау қаласы тұрғындарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді
«Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Ақтау қаласы Полиция басқармасы Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Н. Рахаев пен учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Г. Исмаилов қала тұрғындарымен құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында тұрғындарға: құқық бұзушылықтардың алдын алу; топтық төбелестерге жол бермеу; интернет-алаяқтықтан сақтану; сталкинг және оның құқықтық салдары; кәмелетке…
-

ЖАНБАЙ АУЫЛЫНДА ЖОЛ САПАСЫ ЖАҚСАРТЫЛУДА
ЖАНБАЙ АУЫЛЫНДА ЖОЛ САПАСЫ ЖАҚСАРТЫЛУДА Жанбай ауылындағы жолдарға жаңа жабын төселіп, елді мекендегі көлік қатынасының сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Жаңартылған жолдар тұрғындардың күнделікті қозғалысын жеңілдетіп, автокөліктердің қауіпсіз әрі кедергісіз қатынауына мүмкіндік береді. Елді мекеннің инфрақұрылымын дамыту және тұрғындар үшін жайлы жағдай қалыптастыру мақсатындағы абаттандыру жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатын болады. Ақпарат көзі…
-

ОБЛЫС БОЙЫНША АЛДАҒЫ ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БЕКІТІЛГЕН ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫНА СӘЙКЕС ЖҮРГІЗІЛДІ.
ОБЛЫС БОЙЫНША АЛДАҒЫ ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БЕКІТІЛГЕН ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫНА СӘЙКЕС ЖҮРГІЗІЛДІ. Биылғы жылы жылумен қамту нысандарын жаңғыртуға 5,5 млрд. теңге қаржы бөлінді. Бұл қаржыға 8,7 шақырым жылу желісін жаңғырту жобасын аяқтау, 1 газтурбиналық қондырғыға күрделі жөндеу,1,3 шақырым жылу желісі 1 дана қазандық, 1 дана турбина және 10 дана автономдық қазандықтар мен негізгі және…
-

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
ҚР Қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрайымы Елена БАХМУТОВА: «Әрбір салымшы өзінің зейнетақы жинақтарының қандай табыс әкелетінін және зейнетке шыққан сәтте оның шотында қанша жинақ болуы керек екенін білуі қажет. Бұл өмір салтының қалыпты нормасына айналуы тиіс!» «БЖЗҚ» АҚ «Зейнетақы жүйесі туралы сұхбат» жобасы аясында сарапшылармен пікір алмасуын жалғастыруда.Зейнетақы туралы ойлануды қашан бастау керек? Қазақстанда зейнетақы…
-

Ақмолалық аграршылар Франция мен Австриядағы көрмелер мен асыл тұқымды шаруашылықтардың жұмысымен танысты
Ақмола облысында мал шаруашылығын дамытуға, асыл тұқымды мал өсіруге, фермерлерді жеңілдетілген несиелендіруге және шетелден жоғары өнімді мал сатып алуға басымдық беріліп отыр. Осы бағыттағы тәжірибені зерделеу мақсатында Франция мен Австрияға жұмыс сапарымен барған облыс делегациясы SOMMET DE L’ÉLEVAGE – 2026 халықаралық көрмесіне, асыл тұқымды мал шаруашылықтары мен селекциялық орталықтарға барып, ірі қара мал аукционына қатысты.…
-

Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Конституциясы 88-бабының 5 тармағына сәйкес Премьер-министр Олжас Бектеновпен және Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебаймен консультация өткізгеннен кейін «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» Жарлыққа қол қойды. Орталық сайлау комиссиясына барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау, оның дайындығы мен өткізілуін ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды қабылдау тапсырылды. Жарлық жарияланған күннен…
-

Қазақстанда 292-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды
Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Веселовка ауылында ТЖМ-нің «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы аясында 292-ші ерікті өртке қарсы құралымы ашылды. Жаңа өрт сөндіру бекеті Веселовка, Предгорное, Заречное және Перевальное ауылдарының шамамен 5 мың тұрғынын өрттен қорғауды қамтамасыз етеді. Ашылу салтанатына Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов және жергілікті тұрғындар…
-

З. ГУМАРОВ КӨШЕСІНДЕ 900 МЕТР АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫ САЛЫНДЫ
З. ГУМАРОВ КӨШЕСІНДЕ 900 МЕТР АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫ САЛЫНДЫ Аудан елді мекендеріндегі жол инфрақұрылымын жақсарту және тұрғындардың қауіпсіз әрі қолайлы жүріп-тұруына жағдай жасау бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Осы бағытта Аққыстау ауылы З. Гумаров көшесінде ұзындығы 900 метр автомобиль жолына асфальт төсеу жұмыстары жүргізіліп, толық аяқталды. Құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «Актив-А» ЖШС жүзеге асырды. Жол жабынына ұсақ түйіршікті…
