Күн: Қазан 17, 2026
-

Пара дзюдодан елордалық спортшы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Тбилиси қаласында (Грузия) өтіп жатқан пара дзюдодан әлем чемпионатында елордалық спортшы Асылан Нұрдәулетов күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Ол J1 класында 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Көру қабілеті зақымданған спортшылар арасындағы пара дзюдодан әлем чемпионаты 25-27 қыркүйек аралығында өтеді. Байрақты бәсекеге 44 елден 290 спортшы қатысып жатыр. Ақпарат…
-

Қарағандыда 450 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі жәрмеңкеге шығарылды
Бүгін, 26 қыркүйекте Қарағанды қаласындағы Әшімов көшесінде жаңадан бой көтерген алаңда «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр. Жәрмеңкеге облыстың жеті ауданынан келген 90-нан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші, сондай-ақ Қарағанды мен Шахтинск қалаларындағы қайта өңдеу кәсіпорындары қатысуда. Жәрмеңке сөрелерінен ет, картоп, көкөніс, сүт және балық өнімдері, жұмыртқа және басқа да азық-түлік тауарларын табуға болады.…
-

Алматыда «Таза Қазақстан» жобасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды
Алматы қаласының прокуроры Серік Кәріпбековтің төрағалығымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасын жүзеге асыру кезінде заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Отырысқа әкімдіктің, уәкілетті мемлекеттік органдардың, аудан прокуратураларының және басқа да мүдделі ұйымдардың өкілдері қатысты. Қатысушылар қаланың абаттандыру және санитарлық жағдайы, атмосфералық ауаның ластануы, рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді жою, бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігі…
-

Қазақстанда биік таулы мұздақ көлдерінен 3,5 млн текше метр су сорылды
Қазақстанда 2026 жылғы сел қаупі кезеңі аяқталуға жақын. ТЖМ-нің «Қазселденқорғау» ММ мамандары ықтимал жарылу қаупі бар мореналық көлдерден 3,5 млн текше метр су сорып, ең осал биік таулы су айдындарындағы су деңгейін төмендетті. Тауларда 44 бақылау бекеті мен 11 авариялық-механикаландырылған бригада жұмыс істеді. Алдын алу жұмыстарына 100-ден астам маман тартылды. Негізгі назар…
-

Қала тазалығы өзімізден басталады
Қала тазалығы өзімізден басталады Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті қоршаған ортаны таза ұстауға және абаттандыру ережелерін сақтауға ұқыпты қараудың маңызын еске салады. Тұрғын үйлердің, қоғамдық ғимараттардың, аялдамалар мен басқа да нысандардың қабырғаларын сурет пен жазу салатын орынға айналдырмаған жөн. Мұндай әрекеттер көшелердің көркін бұзып қана қоймай, жауапкершілікке тартуға да әкеп соғуы мүмкін. Полиция қызметкерлері жергілікті…
-

ШҚО-да «Жалған нөмір» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда
ШҚО-да «Жалған нөмір» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда 25-27 қыркүйек аралығында Шығыс Қазақстан облысының аумағында «Жалған нөмір» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның негізгі мақсаты — белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар көлік құралдарын пайдаланудың, сондай-ақ жалған, өзгертілген, жасырылған немесе заңсыз орнатылған нөмірлерді қолдану фактілерінің жолын кесу. Іс-шара барысында полиция қызметкерлері көлік құралдарын тексеруді күшейтіп, мемлекеттік…
-

Сымбат Төретаев Жаңаөзен қаласының әкімі болып тағайындалды
ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың өкімімен Сымбат Төретаев Жаңаөзен қаласының әкімі болып тағайындалды. Сымбат Қуанышұлы Төретаев 1978 жылғы 27 қаңтарда Маңғыстау облысы Ералиев ауданының Жетібай ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 2000 жылы Маңғыстау облыстық ішкі істер басқармасының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасында жедел уәкіл қызметінен бастаған. Кейін аға жедел уәкіл, аса…
-

ШҚО-да архив қызметін онлайн алуға болады
Шығыс Қазақстанда қажетті анықтама, құжат көшірмесі немесе үзінді алу үшін мемлекеттік архивке міндетті түрде барудың қажеті жоқ. Өтінішті электрондық үкімет порталы арқылы қашықтан жолдауға болады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтылды. Архивте сақталған мәліметтер азаматтардың еңбек, әлеуметтік және мүліктік құқықтарын растау кезінде қажет. Ондағы деректер еңбек өтілі мен жұмыс кезеңін анықтауға, жалақы…
-

ШҚО-да киберқауіпсіздік мәселелері бойынша өңірлік семинар өтті
Өскемен қаласындағы Oskemen Hub алаңында «Киберқауіпсіздік және кибермәдениет» тақырыбында өңірлік семинар өтті. Іс-шара қыркүйек айының Кибермәдениет айы ретінде белгіленуіне орай ұйымдастырылып, цифрлық ортадағы қауіпсіздік мәселелері бойынша білім мен тәжірибені арттыруға бағытталды. Семинар барысында жеке деректерді қорғау, интернет-алаяқтықтың алдын алу, киберқауіптерді анықтау және цифрлық ортадағы қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Қатысушыларға киберқауіптердің алдын алу және цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз…
-

ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ АЛТЫНШЫ ЖАРЫС КҮНІНДЕ БЕС МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ
25 қыркүйекте Айчи мен Нагояда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының алтыншы жарыс күні аяқталды. Күн қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы ескек есу, нысана көздеу, семсерлесу және жеңіл атлетикадан бес қола медаль иеленді. Атап айтқанда, алтыншы жарыс күніндегі алғашқы жүлдені ескек есуден Қазақстан әйелдер құрамасы еншіледі. Ольга Шмелева, Стэлла Суханова, Татьяна Токарницкая және Эвелина Костенко байдарка-төрттігінен…
-

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Нархоз колледжінің студенттерімен кездесу өтті
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Нархоз колледжінің студенттерімен кездесу өтті. Іс-шара барысында студенттерге кибералаяқтықтың кең таралған түрлері, интернеттегі қауіпсіздік ережелері, жеке деректерді қорғау және күмәнді сілтемелер мен хабарламалардан сақтану жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, құқық бұзушылықтардың алдын алу, заң талаптарын сақтау және қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру мәселелері қозғалды. Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құқық…
-

Өскеменде Дүниежүзілік туризм күніне арналған «TourEast ALTAI KZ» фестивалі
26 қыркүйекте Өскемен қаласының Сол жағалау кешенінде Дүниежүзілік туризм күніне арналған «TourEast ALTAI KZ» фестивалі өтеді. Іс-шара туристік индустрия өкілдерін, қолөнершілерді, спортшыларды, сарапшыларды және белсенді демалыс пен саяхаттың барлық әуесқойларын біріктіреді. Іс-шара қонақтарын барлық жастағы келушілерге арналған мазмұнды бағдарлама күтеді. Саябақ аумағында тақырыптық секторлар ұйымдастырылады: Іскерлік алаң (09:00–11:30): Бағдарлама «Туризмді дамытудың заманауи тәсілдері» атты туризм…
-

СТЕЛЛА СУХАНОВА ХХ ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
Бүгін Жапонияның Аичи префектурасындағы Миёси көліндегі есу арнасында байдарка мен каноэде ескек есуден Азия ойындарының финалы жалғасып жатыр. Байдаркамен 500 метрге жарыста Қазақстан құрамасының спортшысы, Азия чемпионы Стелла Суханова мәреге 3-ші келіп, қола жүлде жеңіп алды. Оның уақыт көрсеткіші 1:59.688 секунд. Жарыс барысында Қытай спортшысы алтын медаль иеленсе, күміс Өзбекстан ескек есу шеберінің еншісінде. Фото:…
-

Алматы көпсалалы колледжінің бітіруші түлектеріне жұмысқа орналасу мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Алматы көпсалалы колледжінің бітіруші түлектеріне жұмысқа орналасу мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында жастарға еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар, бос жұмыс орындары, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері және жұмыс іздеу жолдары туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, түлектерге түйіндеме дайындау, жұмыс берушімен сұхбаттасудан өту және алғашқы еңбек тәжірибесін жинақтау бойынша кеңестер ұсынылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың…
-

ДМИТРИЙ ХОЛМОГОРОВ ХХ ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДА ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ
Бүгін Жапонияның Аичи префектурасындағы Миёси көліндегі есу арнасында байдарка мен каноэде ескек есуден Азия ойындарының финалы жалғасып жатыр. Байдаркамен 500 метрге жарыста Ұлттық құрама спортшысы Дмитрий Холмогоров финалда үшінші орыннан көрініп, қола жүлдегер атанды. Отандасымыздың уақыт көрсеткіші 1:44.453 секунд. Мұнда Өзбекстан спортшысы алтын медаль иеленді. Одан кейін мәреге Оңтүстік Корея өкілі келді. Фото: Шамкен БАЙЫРБЕК…
