Күн: Қазан 17, 2026
-

Қарағанды облысының мектептерінде кадр саясатына жаңа тәсіл енгізілуде
Қарағанды облысында үш жылдан бері Teach for Qazaqstan бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Бағдарлама педагогикалық тәжірибесі жоқ адамдарға қайта даярлықтан өтіп, мектептерде, соның ішінде ауылдық елді мекендердегі білім ошақтарында жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Осылайша өңірге жаңа кадрлар тартылып, қала мен ауыл арасындағы білім беру алшақтығын азайтуға басымдық беріліп отыр. Қарағанды облысы 2023 жылы бағдарлама пилоттық түрде…
-

Үйге барып қызмет көрсету аясында ерекше қажеттілігі бар 9 мыңнан астам азамат қамтылды
Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы үшін мемлекеттік қызметтердің баршаға бірдей қолжетімді болуы маңызды. Денсаулық жағдайына байланысты ХҚКО-ға өзі келе алмайтын ерекше қажеттілігі бар жандарға және жүріп-тұруы шектелген тұрғындарға мамандар үйіне барып, тегін қызмет көрсетеді. 2026 жылдың басынан бері Мемлекеттік корпорация мамандары 12 мыңға жуық азаматтың үйіне барып, 9 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен. Үй жағдайында…
-

🌿 «Таза Қазақстан»: Бірлік ауылында абаттандыру жұмыстары жалғасуда
Бірлік ауылында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында абаттандыру жұмыстары жалғасуда. 7–8 қыркүйекте қоғамдық жұмыскерлер ауыл аумағында тазалық пен тәртіп орнату бойынша кешенді жұмыстар жүргізді. Сауда орталығы ғимаратына іргелес аумақ ретке келтіріліп, алаң сыпырылды. Ауыл көшелерінде бұталар кесіліп, гүлзарлар қопсытылды. Гүлзарлар мен жасыл желектердің айналасы тазартылды. Ұсақ қоқыс жиналып, кедергі келтіретін тастар мен бөгде заттар…
-

СҚО ТЖД бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты
Өңір тұрғындарына ТЖД бөлімшелеріндегі қызмет пен өзекті бос жұмыс орындары туралы ақпарат берілді. Еңбек күнін мерекелеу аясында Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты. Іс-шараға келушілер ТЖД бөлімшелеріндегі өзекті бос жұмыс орындарымен, қызметке қабылдану тәртібімен, кандидаттарға қойылатын талаптармен және жұмысқа орналасу шарттарымен танысты. Департамент қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап…
-

Малдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету: жайылым тәртібі және мал ұрлығының алдын алу
13-14 қыркүйекте Бірлік ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары округ ветеринарымен бірге «ES Global Agro» ЖШС бақташыларымен және жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді. Сұхбат барысында серіктестік бақташыларына мал жаюдың бекітілген ережелері, жайылым учаскелерін ұтымды пайдалану және төрт түлікті қараусыз қалдырмау талаптары ескертілді. Ал ауыл халқымен өткен түсіндіру жұмыстарында мал ұрлығының алдын алу, төрт түлікті мезгілінде АЖИ жүйесіне…
-

Жалпыұлттық аза тұту күні
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2026 жылғы 24 қыркүйектегі № 334 өкімімен Қазақстан Республикасында Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде әскери қызметшілердің қазаға ұшырауына байланысты 2026 жылғы 25 қыркүйек жалпыұлттық аза тұту жарияланды. Осыған орай, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Жалпыұлттық аза тұту күні бұқаралық ақпарат құралдарының, телерадио хабарларын тарату операторларының қызметін реттеу, ақпараттық интернет-ресурстарды,…
-

Степногорск қалалық мәслихатының депутаттары мен қала халқының назарына!
“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес 2026 жылғы 29 қыркүйекке сағат 10:00-де жоспарланған сегізінші шақырылған Степногорск қалалық мәслихатының отыз бесінші кезекті сессиясы 28 қыркүйекке сағат 11:00-ге қала әкімдігінің мәжіліс залында (“Б” блогы) ауыстырылады. Сессияның күн тәртібіндегі негізгі мәселе: «Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы №8С-10/2 “Әлеуметтік…
-

VІIІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының кезектен тыс LVІ сессиясын шақыру туралы
VІIІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының кезектен тыс LVІ сессиясын шақыру туралы VIII шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының кезектен тыс LVІ сессиясы 2026 жылғы 28 қыркүйекте 15:00 сағатта келесі күн тәртібімен шақырылсын: «Қарағанды қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» Қарағанды қалалық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы XLVІ сессиясының № 326 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. «Қарағанды қаласының…
-

Батыс Қазақстан облысының ТЖД инспекторы прекурсорларды сақтау қоймасын тексерді
Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының мемлекеттік инспекторы прекурсорларды сақтау қоймасына тексеру жұмыстарын жүргізді. Аталған тексеру Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің прекурсорлар айналымына лицензия алуға өтінім беру үшін қажетті тиісті қорытынды дайындау мақсатында жолдаған ресми сұранысы негізінде ұйымдастырылды. Тексеріс барысында мемлекеттік инспектор өндірістік нысанның қолданыстағы заңнамада белгіленген талаптарға, сондай-ақ…
-

Көкпекті ауданының депутаттары мен тұрғындардың назарына!
Көкпекті аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс қырық сегізінші сессиясы 2026 жылғы 29 қыркүйеке сағат 11.00-де, аудандық әкімдік ғимаратында (Көкпекті ауылы, Шериаздан көшесі, 44 «а») өтеді. Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 9.00–ден басталады. Сессияға ұсынылатын күн тәртібі: 2026-2028 жылдарға арналған 9 ауылдық округтердің бюджеттеріне өзгерістер енгізу туралы. Әртүрлі. Тұрақты комиссияның отырысы 2026 жылғы 29 қыркүйекте…
-

ХАБАРЛАМА!
2026 жылғы 30 қыркүйекте сағат 11:00-де қалалық мәслихаттың кезектен тыс XXXV сессиясы өтеді. Күн тәртібінде: Балқаш қалалық мәслихаттың 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №26/209 «2026-2028 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Балқаш қалалық мәслихаттың 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №26/210 «2026-2028 жылдарға арналған Гүлшат және Саяқ кенттерінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы”; Басқа…
-

Мәслихат депутаттарының, мекеме басшыларының, аудан тұрғындарының назарына
2026 жылғы 28 қыркүйекте сағат 10.00-де Алтай ауданы мәслихатының сегізінші шақырылыс кезектен тыс 46-сессиясы ZOOM форматында келесі күн тәртібімен өтеді: Алтай ауданы мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 37/3 – VІІI «Алтай ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Алтай ауданы мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 9/4 – VІІI «Аудандық…
-

Мемлекет басшысының өкімі
Мемлекет басшысының өкімімен Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде әскери қызметшілердің қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында 2026 жылғы 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-temir/press/news/details/1298895?lang=ru
-

Әдеп жөніндегі уәкіл жеке қабылдау жүргізді
Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі Абзал Ұзақбаев мемлекеттік қызметшілерге жеке қабылдау өткізді. Жеке қабылдауда мемлекеттік органдағы мүдделер қақтығысы, әдептілік нормалары, құмар ойындарға бәс тігу, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары бойынша сауалдарға жауаптар берілді. Сонымен қатар әлеуметтік желілер мен өзге де ашық ақпарат көздеріндегі жарияланымдарға тұрақты мониторинг жүргізіліп отыратынын еске салып, мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін жарияланымдаға жол бермеу…
-

Баянауыл ауданына МӘС бөлімінің көшпелі отырысы.
2026 жылғы 24 қыркүйекте бекітілген кестеге сәйкес №2 медициналық–әлеуметтік сараптама бөлімі куәландыру мақсатында көшпелі отырыс өткізу үшін Баянауыл ауданына барды. Сондай-ақ, №2 медициналық–әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы А.К. Жангелдина Баянауыл ауруханасының дәрігерлерімен 7 дәрігер санында медициналық–әлеуметтік сараптама жүргізу ережесі, медициналық құжаттаманы толтыру сапасы тақырыбында семинар кеңес өткізді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-pavlodar/press/news/details/1298898?lang=ru
