Күн: Қазан 17, 2026
-

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
«БЖЗҚ» АҚ-да зейнетақы жинақтарын басқарудың жаңа мүмкіндіктері тақырыбындағы ашық есік күні қалай өтті? Түркістан облысы, Сауран ауданы, Шорнақ ауылы,М.Темірбаев көшесі, 30-үйде 2026 жылғы 16 қыркүйекте «БЖЗҚ» АҚ Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен кезекті Ашық есік күні өткізілді. Іс-шара «Салымшылардың өз зейнетақы активтерін басқаруға қатысуы және инвестициялық портфельді басқарушылар туралы ақпаратты өз бетінше алуға…
-

Таразда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті
Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау, тұрғындарды сапалы әрі қолжетімді азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету және өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланысты нығайту. Сауда алаңында жергілікті тауар өндірушілер өз өнімдерін қала тұрғындарының назарына ұсынып, сауда-саттық жүргізді. Мұндай жәрмеңкелер тұрғындарға қажетті азық-түлік тауарларын тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өнімдерін…
-

Ақмола облысында мобилизациялық дайындық бойынша оқу-әдістемелік жиын өтті
2026 жылғы 9 қазанда Көкшетау қаласында Ақмола облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы қала және аудан әкімдіктерінің жұмылдыру бөлімшелері қызметкерлерімен оқу-әдістемелік жиын ұйымдастырды. Жиын барысында жұмылдыру дайындығын ұйымдастыру, аумақтық және азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша топтық сабақтар өткізілді. Оқу сабақтарына Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің, Төтенше жағдайлар департаментінің, 99265 әскери бөлімінің және Ақмола облысы әкімінің…
-

Мемлекет басшысы Каспий экология саммитінде сөз сөйледі
2026 жылғы 09 қазан Түрікменстан, Аваза Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы Каспий экология саммитін өткізу туралы өзекті бастаманы дер кезінде көтерген Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовке ризашылығын жеткізді. Мемлекет басшысы Каспий теңізінің аймақ халқы үшін стратегиялық маңызы зор екеніне тоқталып, бүгінгі кездесудің тарихи сипатын атап өтті. – Каспий – бірегей табиғи қазына, миллиондаған адамның тіршілік көзі, күллі…
-

Құланды ауылы «Алкогольсіз ауыл» атанды
«Заң мен тәртіп» жобасы аясында Қарақия ауданының Құланды ауылы алкогольсіз ауыл атанды. Маңғыстау облысының прокуратурасы ұйымдастырған іс-шара барысында салауатты өмір салтын насихаттауға, қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған бастамалардың маңыздылығы атап өтілді. Аталған бастаманы жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін Құланды ауылының әкімі Оразғали Бекенбаев марапатталды. Алкогольсіз ауыл бастамасы – тұрғындардың денсаулығын нығайтуға,…
-

Фермадан дастарқанға дейін: Қарағанды облысында сүт өндірісі дамып келеді
Қарағанды облысында сүт өндірісі біртұтас жүйе бойынша дамып келеді. Бұл үдеріс мал азығын өсіру мен мал күтімінен басталып, өңір тұрғындарының дастарқанына жететін дайын өнім шығаруға дейінгі барлық кезеңді қамтиды. Нұра ауданының Көбетей ауылындағы «Рамадан» сүт-тауарлы фермасында тәулігіне 28 мың литрден астам сүт өндіріледі. Ферманың құрылысы 2024 жылы басталып, Ресейден алғашқы сиырлар 2025 жылдың мамырында әкелінген.…
-

Павлодар облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің қызметкері оқу құралын шығарды
Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің бастығы, әділет подполковнигі Анара Уалиева ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының оқытушысы Мұрат Аманатпен бірлесіп, «Үкімдік пробация қызметінің құқықтық негіздері мен ұйымдастырылуы» тақырыбында оқу құралын әзірлеп, баспадан шығарды. Оқу құралы бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға сотталған адамдармен жұмыс жүргізуді көздейтін…
-

Келес ауданындағы құтқару нысандарының қысқы кезеңге дайындығы тексерілді
Қызыләскердегі трассалық медициналық-құтқару пункті мен Лесбек батыр ауылындағы «Ауыл құтқарушылар» дайындығы бағаланды. Келес ауданында қысқы кезеңде төтенше жағдайларға жедел ден қоюға дайындықты бағалау мақсатында құтқару нысандарында тексеру жүргізілді. Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полковник Ержанов Аскат Амангелдіұлы Қызыләскер елді мекенінде орналасқан трассалық медициналық-құтқару пункті мен Лесбек батыр ауылындағы «Ауыл құтқарушылар» қысқы кезеңге дайындығын…
-

Карин Шынболат Айтқалиұлы — депутат, округ тұрғындарының мүддесін қорғаушы
Қарин Шынболат Айтқалиұлы — № 3 сайлау округі бойынша Жарқайың аудандық мәслихатының депутаты (Гастелло, Далабай, Тассуат ауылдары). Шынболат Айтқалиұлы жоғары білімді. 2016 жылы Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтын «Педагогика және психология» мамандығы бойынша тәмамдаған. Қазіргі таңда «Балдырған» балабақшасында психолог болып жұмыс істейді. Ол балалардың қабілеттерін ашуға көмектесіп, әрқайсысына көңіл бөліп, қолдау көрсетуге ерекше…
-

2026 жылдың 24 қыркүйегінде Восход ауылдық округі әкімі Қабдрахманов Расул Тажиденович Восход және Ақсай ауылында 2026 жылдың үшінші тоқсанында атқарылған жұмыстар бойынша халық алдында кезекті есеп беру кездесуін өткізді. Кездесуге мекеме басшылары және ауыл тұрғындары қатысты.
2026 жылдың 24 қыркүйегінде Восход ауылдық округі әкімі Қабдрахманов Расул Тажиденович Восход және Ақсай ауылында 2026 жылдың үшінші тоқсанында атқарылған жұмыстар бойынша халық алдында кезекті есеп беру кездесуін өткізді. Кездесуге мекеме басшылары және ауыл тұрғындары қатысты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-akzhar-voshod/press/news/details/1309015?lang=ru
-

Қазақстан FIRST Global Challenge 2026 чемпионатында әлемнің үздік төрттігіне енді
Қазақстан ұлттық құрамасы Корея Республикасының Инчхон қаласында өткен FIRST Global Challenge 2026 халықаралық спорттық робототехника чемпионатында әлемдік рейтингтің үздік төрттігіне енді. Байқауға әлемнің 185 елінен командалар қатысты, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі. Қазақстандық оқушылар іріктеу кезеңіндегі 11 кездесудің барлығында жеңіске жетіп, плей-офф кезеңіне жолдама алды. Жарыс қорытындысы бойынша ұлттық құрама әлемдік рейтингте төртінші орынға ие…
-

Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы жөнінде
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны алу құқығы Әлеуметтік кодекстің 234 бабында көзделген.Жиі қойылатын сұрақтардың бірі- бұл жәрдемақы кімдерге тағайындалады?Жауап:Бұл жәрдемақы асыраушысынан айырылған отбасының еңбекке қабілетсіз мүшелеріне тағайындалады.2-сұрақ. 18 жасқа толған бала асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақыны ала бере ме?Жауап:Иә, егер бала жалпы орта, техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру…
-

Президент ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
2026 жылғы 09 қазан Түрікменстан, Аваза Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушыларға ілтипат білдіріп, саммитті ойдағыдай ұйымдастырғаны және қонақжайлық көрсеткені үшін Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовке алғыс айтты. – Қазақстан Түрікменстанның Ұйымға төрағалық жасаған кезеңінің нәтижелерін және ТМД-ның ортақ күн тәртібін ілгерілетуге қосқан үлесін жоғары бағалайды. Осыған орай, құрметті әріптес, Сіздің жоғары кәсіби деңгейдегі жұмысыңызға…
-

Қарақия ауданындағы ірі мекеме басшыларымен жиын өтті
Қарақия ауданының әкімі Жансейт Қайнарбаевтың төрағалығымен аудан аумағындағы ірі өндірістік және шаруашылық мекемелерінің басшыларымен маңызды жұмыс кеңесі өтті. Жиын барысында өңірдегі еңбек нарығының ахуалы, бос жұмыс орындарын тиімді игеру тетіктері және алдағы жылға арналған стратегиялық жоспарлар жан-жақты талқыланды. Кездесудің басты өзегі жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту мәселесіне арналып, бұл бағыттағы жұмыстардың қатаң бақылауда болатыны атап…
-

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты
2026 жылғы 09 қазан Түрікменстан, Аваза Сонымен қатар жиынға Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Ресей Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Иран Президенті Масуд Пезешкиан, ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев және ШЫҰ Бас хатшысы…
