Күн: Қазан 17, 2026
-

№36 гимназияда Алмалы ауданының тұрғындарымен есеп беру кездесуі өтті
Кездесу басында біз бес ай ішінде атқарылған басты жұмыстарға тоқталдық: 60 ғимараттың қасбетін жөндеу, жаяу жүргіншілер жолдарын жаңарту, инженерлік желілерді ауыстыру және жаңа әлеуметтік нысандар салу. Депутаттармен, полиция қызметкерлерімен және әкімдік басқармаларымен бірге тұрғындарды ең көп толғандыратын мәселелерді талқыладық. Диалогтың басты тақырыбы абаттандыру болды: ағаштарды санитарлық мақсатта кесу, аулалардың жағдайы және ХҚБ («Халық қатысатын бюджет»)…
-

Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың мәлімдемесі
Бүгін еліміз ауыр қайғыға ұшырады. Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиғаның салдарынан 12 әскери қызметші қаза тауып, үшеуі құтқарылды. Әлі табылмаған екі әскери қызметшіні іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қаза тапқан сарбаздар мен офицерлердің отбасыларына, туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Президент және бүкіл Қазақстан халқы сіздердің орны толмас қайғыларыңызға ортақ. Оқиғаның барлық мән-жайын…
-

Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза болу жағдайын Үкіметтік комиссия тексеруде
24 қыркүйек күні сағат 22:30-да Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты құрылған Үкіметтік комиссияның отырысы өтті. Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтің баяндауынша, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 453-бабының 2-бөлігі («Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке салғырт қарау») және 465-бабы («Кеме жүргізу қағидаларын бұзу») бойынша қылмыстық…
-

ҚР Сыртқы істер министрі БҰҰ Даму бағдарламасының Әкімшісімен кездесті
Нью-Йорк, 2026 жылғы 24 қыркүйек – БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясының Жоғарғы деңгейдегі апталығы аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) Әкімшісі Александр Де Кроомен кездесті. Кездесу барысында тараптар Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған екіжақты және өңірлік өзара іс-қимылдың кең ауқымды мәселелерін талқылады. ҚР Сыртқы істер министрі БҰҰДБ-ға ү.ж. сәуір…
-

Астана қаласында Алматы облысының жәрмеңкесінде сатылатын өнімдерге санэпидбақылау ұйымдастырылды
Астана қаласында Алматы облысының жәрмеңкесінде сатылатын өнімдерге санэпидбақылау ұйымдастырылды 2026 жылғы 24 қыркүйекте Астана қаласындағы Алматы облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері жәрмеңкесінде сату үшін жіберілетін өнімнің қауіпсіздігіне мемсанэпидбақылау ұйымдастырылды, ол 2026 жылғы 26-27 қыркүйек аралығында өтеді. Өнімді сақтау және тасымалдау шарттары, сатылатын өнімге ілеспе құжаттардың болуы тексерілді, көкөністер мен жемістердегі нитраттар мен пестицидтердің құрамын іріктеп…
-

Қарағанды облысының кәсіпкерлеріне бақылаушы органдар есеп берді
Кәсіпкерлікті тексеру, жер қатынастары, саудадағы үстемеақы және еңбек заңнамасының сақталуы – Қарағанды облысында өткен кездесуде талқыланған негізгі мәселелер. Өңірлік кәсіпкерлер палатасында бақылау және қадағалау органдарының Бірыңғай есеп беру күні аясында кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар өкілдерінің кездесуі өтті. Жиынды облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Сүйінбаев жүргізді. Басқосуға салық қызметінің, жер қатынастарын бақылау органдарының, Төтенше жағдайлар департаментінің, санитариялық-эпидемиологиялық…
-

Сарыағашта тұрғындарға қауіпсіздік талаптарын сақтау түсіндірілді
Жылыту маусымында өрттің, улы газдан уланудың және балалардың терезеден құлауының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сарыағаш ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі тұрғындар арасында төтенше жағдайлардың алдын алу және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында кең көлемде түсіндіру және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында тұрғындарға жылыту маусымы кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, пештер мен жылыту құралдарын дұрыс пайдалану,…
-

БЖЗҚ ТУРАЛЫ ӨЗЕКТІ САУАЛДАР
1. 1. Зейнетақы активтерін кім басқарады? Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ), сондай-ақ 2021 жылдан бастап тиісті лицензиясы бар және уәкілетті органның талаптарына сай келетін инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) жүзеге асырады. Мұндай сенімгерлік басқарудың негізгі мақсаты – зейнетақы жинақтарын түрлі қаржы құралдарына инвестициялап, табыс алу. Зейнетақы активтерін басқарушылар – ҚРҰБ…
-

✍️ Мемлекет басшысының өкімімен Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде әскери қызметшілердің қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында 2026 жылғы 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1298679?lang=ru
-

Қанат Бозымбаев әлі табылмаған әскери қызметшілерді үздіксіз іздестіруді тапсырды
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев бастаған Үкіметтік комиссия Маңғыстау облысындағы төтенше жағдай болған жерде жұмысын жалғастыруда. Оқиға орнында жұмылдырылған мемлекеттік органдардың іс-қимылы және іздестіру-құтқару жұмыстары үйлестірілуде. Қазіргі таңда негізгі міндет – орналасқан жері анықталмаған екі әскери қызметшіні іздестіру. Нақтыланған мәліметке сәйкес, оқу-жаттығу-жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде ауа райының күрт нашарлап, желдің күшеюіне байланысты 17 адам суға…
-

Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерің қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза табуына байланысты 2026 жылғы 25 қыркүйекте Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігінде Ильенко көшесі, 26 мекенжайы бойынша 2026 жылғы 25 қыркүйекте сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін Көңіл айту кітабы ашық болады. Көңіл айтуды сондай-ақ электрондық түрде келесі мекенжайға жолдауға…
-

Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту жариялау туралы
2026 жылғы 24 қыркүйек Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде әскери қызметшілердің қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында 2026 жылғы 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жариялансын. Қазақстан Республикасының Президенті …
-

Ғалымжан Ниязов Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды
ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, облыс әкімінің өкімімен Ғалымжан Ниязов Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Ғалымжан Ниязов 2000 жылы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Полиграфиялық машиналар мен автоматтандырылған кешендер» мамандығы бойынша, 2008 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін «Өнеркәсіптік азаматтық құрылыс және қала шаруашылығы» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1990 жылы бастап, 2006…
-

Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезіндегі қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстарына көңіл айтты. Мемлекет басшысы Үкіметтік комиссияға оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті шаралар қабылдауды және қайтыс болған жандардың отбасына көмек көрсетуді тапсырды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/1298684?lang=ru
-

Қазақстан Республикасы Президентінің өкімі
Мемлекет басшысының өкімімен Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде әскери қызметшілердің қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында 2026 жылғы 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/1298685?lang=ru
